Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік



Pdf көрінісі
бет1/48
Дата26.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#193592
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
6. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ (1) (3)
Практикалы б лімі Ы тималды тар теориясына есептер шы ару Кезде, Лекция ықтималдықтар теориясының алғашқы ұғымдары. Ықтималдықтың-emirsaba.org, дәріс сабақ№10


ДӘРІС 1. АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ ПӘНІ БОЙЫНША ТҮСІНІК 
 
1. Академиялық жазу пәнінің мақсаты мен міндеттері.
2. Академиялық мәтіндерге қойылатын талаптар мен олардың құрылымдары 
3. Академиялық жазылым және ғылыми стиль 
Академиялық жазылым дегеніміз: 

зерттеушінің ғылыми мәтіндерді оқуына, түсінуіне және жазуына мүмкіндік беретін 
тілдік құзіреттілігі. 
 

эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық диссертациялар, 
ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы. 

жеке ойлары мен идеяларын білдірудің және оны негіздей білудің әрі оларды мақсатты 
аудиторияға жеткізе білу дағдысы.

ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы. 
Академиялық жазылым- арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға 
міндетті немесе таңдап алған пәндері бойынша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер 
мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және оларды қолдану 
арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұмысы студенттерді өз бетінше 
зерттеу жұмыстарын жүргізуге, жобалық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады. 
Академиялық жазылым мақсаты
ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдыландыру
демек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын және тағы басқа ғылыми бағытта жазылатын 
еңбектерді жазуға үйретеді. 
Академиялық жазылымды терең меңгеруге қажетті негізгі дағдылар мыналар: 

зерттеу жүргізу дағдылары – студенттің ізденуге қабілеттілігі, белгілі ғылыми 
дереккөздерді тауып оқи білуі; 

конспектілеу дағдылары – тұтас мәтінді көшіре салмай, басты ақпаратты бөліп алып 
көшіре білуі; 

өз-өзіне бақылау жасау – мақала жазуға және оны редакциялауға қажетті уақытты 
тиімді бөле білу қабілеті

болашақ мәтіннің жоспарын құрып, алғашқы нұсқасын жазу; 

аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет