Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы



бет61/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

59-бап. Резервтегi аумақтар

      1. Резервтегi аумақтар елдi мекендердi дамытуға немесе қонысаралық аумақтарды игеруге (жайғастыруға) арналған қала құрылысының ресурстары болып табылады.

      2. Резервтiк аумақтар (қала құрылысы ресурстары) аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары мен елдi мекендердiң және олардың функционалдық аймақтарының бас жоспарлары құрамында белгiленедi және бекiтiледi.

      3. Елдi мекеннiң қала құрылысы ресурстарында белгiленген аумақтары олардың мақсатына сәйкес елдi мекендер мен олардың бөліктерiнiң дамуына қарай ғана резервке алынуға және пайдаланылуға тиiс.

      4. Резервтегi аумақтар, егер мұндай пайдаланудың әдiсi мен режимi елдi мекендi немесе оның бөлiгiн жоспарланған перспективалы дамытуға кедергi жасамайтын болса, бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасында көзделмеген мақсаттарға пайдаланылуы мүмкiн.

      5. Қала құрылысының ерекше реттелетiн аймақтары шекараларындағы резервтегi аумақтарды пайдалану аталған аймақтар үшiн белгiленген режимге сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Резервтегi аумақтарды уақытша пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

9-тарау. ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ҚҰЖАТТАМАСЫ

60-бап. Жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы

      1. Объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасына) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.

      Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда жобалау (жобалау-смета) құжаттамасынсыз не оңайлатылған нобайлық жобалар бойынша құрылыс салуға жол беріледі.

      Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.

      1-1. Объектілерді және олардың кешендерін бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салған (кеңейткен, жаңғыртқан, техникалық қайта жарақтандырған, реконструкциялаған, қалпына келтірген, күрделi жөндеуден өткізген) жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тоқтатыла тұрады.

      Құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта бастау белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлген тиісті жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы болған кезде ғана жүргізіледі.

      2. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келiсiм бойынша тапсырысшы (меншiк иесi) жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларынсыз не нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша:

      1) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда орналасқан немесе іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлер салудан басқа, жеке тұрғын үйлер салуды;

      2) өз билiгiндегi үй жанындағы учаскелерде немесе бау-бақша серiктестiктерiнiң учаскелерiнде уақытша құрылыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшiн тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар тұрғызуды;

      3) қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақ кесіп беруді) талап етпейтін, тіреу конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен коммуникацияларды қандай да бір өзгертуге байланысты емес, сәулеттік-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаларды нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейтін, тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды);

      4) азаматтардың жеке пайдалануына арналған, техникалық жағынан күрделi емес басқа да құрылыстарды өзгертудi жүзеге асыра алады.

      Осы баптың 3) және 4) тармақшаларында аталған үй-жайларды немесе құрылыстарды техникалық жағынан күрделi емес өзгерiстер тобына жатқызу туралы шешiмдi республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.

      Өз үйiнiң жанындағы учаскелерде, бау-бақша серiктестiктерiнiң (қоғамдарының) учаскелерiнде бар құрылыстарға шаруашылық-тұрмыстық қосымша құрылыстар тұрғызу, оларды абаттандыру, сондай-ақ сол учаскелерде контейнермен және блокпен орындалатын ықшам кешендердi монтаждау, егер аталған объектiлер басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң мүдделерiне қатысы болмаса, жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарымен келiспей-ақ жүзеге асырылуы мүмкiн.

      3. Алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тәртібі, оның міндетті құрамы мен мазмұны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік нормативтермен белгіленеді.

      5. Бекiту тәртiбi, сондай-ақ бекiтiлген алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-смета) құжаттамасына өзгерiстер енгiзу осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      6. Жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын iске асыру кезiнде мердiгерлiк жұмыстарды жүргiзудiң ережесi мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiне сәйкес белгiленедi.

      7. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейiн үш және одан да көп жыл iшiнде құрылысы басталмаған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы ескiрген болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен түзетілгеннен, қайтадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекiтiлгеннен кейiн iске асыру үшiн пайдаланылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін үш және одан да көп жыл ішінде жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленбеген және бекітілмеген жобалау алдындағы құжаттама ескірген болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен түзетілгеннен, қайтадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін іске асыру үшін пайдаланылады.

      7-1. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзетуді жүзеге асыру үшін оны әзірлеген жобалау ұйымы тартылады.

      Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының авторын тарту мүмкін болмаған жағдайда, жобалау ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдер бойынша айқындалады.

      7-2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзетуге тапсырыс берушінің шешімі бойынша негізді қажеттілік туындаған жағдайда, жобалау алдындағы құжаттаманы (ол болған кезде) түзету талап етілмейді.

      8. Алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын ұлттық мұрағат қорының құрамына енгiзу, аталған құжаттарға меншік иесі құқығына, сондай-ақ пайдалану және оларды пайдалануды шектеу құқығына кепілдік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.

      9. Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың объектілері бойынша жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жерлерді және (немесе) оның аумағындағы құрылысты игеру үшiн шетелдiк заңды тұлғалар немесе жекелеген мамандар орындаған жобалау алдындағы құжаттама және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарының шарттарында және сатылары бойынша, осы Заңда, мемлекеттiк нормативтерде және жобалауға берілген тапсырмада белгiленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамы мен көлемiнде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қоса алғанда, мемлекеттік нормативтерде белгіленген міндетті талаптар сақталған кезде әзiрленуге тиiс.

      Мынадай жағдайларда:

      1) тапсырыс берушінің (инвестордың) шешiмi бойынша тапсырыс беруші (инвестор) мынадай мiндеттi шарттар жиынтығын орындаған кезде:

      жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптамамен расталуға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, конструкциялардың сенімділігі, объектінің жұмыс істеу орнықтылығы және еңбекті қорғау нормаларын сақтағанда;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттiк нормативтiк құжаттарға сәйкес тауар берушiлердi (жұмыстарды орындаушылар мен қызмет көрсетушiлердi) оларға қажеттi ақпаратпен қамтамасыз еткенде;

      2) республикалық индустрияландыру картасына енгізілген объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді жүргізу кезінде осы қағидадан ауытқуға жол берiледi.

      Ескерту. 60-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10. N 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 180-IV, 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2014 N 167-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет