«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Класс: Криминалистикалық сараптама



бет11/105
Дата29.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#160350
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Класс: Криминалистикалық сараптама
Сараптаманың тегі:

  • Құжатттардың сот сараптамасы

  • Фонографиялық сот сараптамасы

  • Трасологиялық сот сараптамасы

  • Қарулар, жарылғыш заттардың, олардан қалған іздерді қолданудың сот сараптамасы

  • Материалдар, заттар және бұйымдардың сот сараптамасы

  • Портреттік сот сараптамасы

  • Фототехникалық сот сараптамасы

Класс: Сот экономикалық сараптама
Сараптаманың тегі:

  • Сот бухгалтерлік сараптама

  • Қаржы-несиелік сот сараптамасы

  • Қаржы-бюджеттік сот сараптамасы

  • Сот тауарлық сот сараптамасы

Класс: Сот инженерлі-техникалық сараптама
Сараптаманың тегі:

  • Жол-көлік оқиғалары мен көлік құралдарының сот сараптамасы

  • Құрылыстық-техникалық сот сараптамасы

  • Жарылғыш заттар техникасының сараптамасы

  • Сот-технологиялық сараптама

  • Компьютерлік жүйе мен технологиялардың сот сараптамасы

  • Электро-техникалық жүйе мен жабдықтардың сот сараптамасы

Класс: Сот-биологиялық және ауылшаруашылық сараптама
Сараптаманың тегі:

  • Сот-биологиялық сараптама

  • Сот-ветеринариялық сараптама

  • Сот зоотехникалық сараптама

  • Сот-агробиологиялық сараптама

  • Сот-агротехникалық сараптама

Класс: Сот дәрігерлі-психофизиологиялық сараптама
Сараптаманың тегі:

  • Сот-медициналық сараптама

  • Сот-психиатриялық сараптама

  • Сот-психологиялық сараптама

Сот сараптамасы кластарының қысқартылуы сараптамалық міндеттерді шешу үшін ғылыми білімдерді пайдалану деңгейін бағалаумен тікелей байланысты. Біз ұсынып отырған кластардің тізімі толық қамтылмаған, осыған қатысты аталған тізім белгілі бір білім саласында әзірлену деңгейіне қатысты және сот өндірісінің мұқтаждарық өзектілігіне сәйкес өзгеріп отырады.
Сараптамалардың нақты түрлеріне бөлінуі олардың белгілі бір жіктеулік категорияда болуы немесе болмауы сараптамалық зерттеудің өндірісіндегі сот тәжірбиелік сұраныстарымен және әдістемелік, оның ішіндегі жабдықтаумен қамтамасыз етіледі. Осыған қатысты, нақты сараптаманың белгілі бір түрлерге жатуы мұнда қолданылатын ғылыми білімге ғана қатысты емес, сол сияқты нақты сараптамалық салаға да байланысты.
Мысалы, трасологиялық сараптаманың тегі криминалистикалық білімге негізделе отырып, келесі түрлерге бөлінеді:

  • дактилоскопиялық сараптама;

  • аяқ киім мен жалаңаяқ іздерінің сараптамасы;

  • тіс, ерін және адамның басқа бөлшектерінің сараптамасы

  • бұзу қаруының, саймандардың және құлыптау құралдары іздерінің сараптамасы;

  • көлік-трасологиялық сараптамасы;

  • бүтінді бөлшектеу идентификациялық сараптамасы.

Тәжірбиенің сұраныстарына және қолданылатын білімдерге сәйкес сараптамалардың түрлерге топтасу кластары мен тектеріне қатысты жіктеледі.
Аталған оқу құралында сот сараптама тәжірбиесінде жиі кездесетін және сот дәрігерлік-психофизиологиялық сараптамалардан басқа, сараптамалардың түрлері мен тектері қарастырылған.
Жоғарыда көрсетілген сот сараптамасының жіктелуімен қатар, өзге де сараптамалардың түрлері бар. Мәселен, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны шығарған кезде, оның ҚР «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу Кодексінде көзделген сот сараптамаларының түрлері ескеріледі. Аталған заңдарда сот сараптамалары келесі түрлерге жіктеледі:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет