Аналитикалық саты объектілерді бөліп зерттеуді білдіреді, олар әрбір объектіні жекешелендіру негізінде белгілі сатылардың болуымен түсіндіріледі. Мысалы, идентификациялық процесті нақтылау үшін диагностикалық және классификациялық міндеттерді шешу қажет, олар объектілердің жалпы белгілерін тану процесінен ол мәліметтердің жалпы топтық тегін анықтайтын ақпараттарға көшеді.
Диагностикалық міндеттер объектілерді жеке зерттеу сатысында шешіледі және идентификациялық міндеттерді шешудің алғашқы сатысы болып табылады. Негізгі мақсаты объектілерді жекешелендіру үшін қажет белгілерді тану мен бөлу. Зерттеудің мақсаттарына жету сот-сараптамамен әзірленетін арнайы білімдердің жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Олардың ішінде негізгі орынға тікелей зерттеу объектісінің сараптамалық жіктелу жүйесі жатады.
Арнайы әдебиеттерде із қалдырушы жүйе ретінде объектілердің жіктелуі әр-түрлі негіздерге қатысты беріледі. Мысалы, аяқ-киім өзінің типіне қатысты модельді, тұрмыстық, спорттық, әскери және т.б. болып бөлінеді. Жасалу әдісіне қарай – фабрикалық, қолдан жасалу т.с.с. болып бөлінеді. Жасалу материалдарына, оның басатын бөлігінің қалыптасуына қатысты т.с.с. аяқ-киімдер жіктеледі. Әр бір жіктелу жүйесінің элементтеріне қатысты белгілердің қайталанбас белгілерінің жиынтығы жатыр. Сол арқылы объектінің типтік қатыстылығы анықталып, олардың бағалануы диагностикалық міндеттердің пәнін құрайды. Сот сарапшысы идентификациялық зерттеу әдістемесінің негізінде объектіні зерттеу кезінде сот сараптамасында қалыптасқан белгілердің жүйесіне сүйенеді, олардың жиынтығы екі топқа бөлінеді жалпы және жеке.
Диагностикалық зерттеудің негізінде алынған мәліметтер классификациялық міндеттерді шешу үшін – объектінің топтық белгісін анықтау үшін негіз болады. Аталған міндеттерді шешу кезінде объектінің сыртқы құрылысының морфологиялық белгілері бөлінеді және сол объектінің және оның көшірмесін салыстыру процесіне көшу үшін жеткілікті.
Жеке зерттеу келесі түрде жүзеге асырылады:
объектілердің тұрақты құрамы мен белгілерін жүйелеу мен анықтау;
объектілердің қайталанбас құрамы мен белгілерін жүйелеу мен анықтау;
әр бір объектінің құрамы мен белгілерінің жеке жиынтығын анықтау.