«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Ошақты және жанудың таралу бағытын анықтау сараптамасы



бет80/105
Дата29.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#160350
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   105
Байланысты:
treatise8925

. Ошақты және жанудың таралу бағытын анықтау сараптамасы

Аталған сараптаманың мақсаты өрттің пайда болу себебін анықтау болып табылады. Өйткені ол жанудың пайда болу механизмін анықтайды.
Ошақты және жанудың таралу бағытын анықтау сараптамасының алдына келесі сұрақтар қойылады, олар:

  • өрттің қайнар көзі қай жерде болды ?

  • нақты жер өрттің қайнар көзі болып табылады ма ?

  • жанудың бағыты қандай ?

Оқиға болған жер туралы алғашқы материалдар келесі мәліметтерді көрсету керек:

  • материалдар мен құрылымдарға термикалық әсер етудің сипаттамасы;

  • кірпіштің қалауының бұзылуы туралы;

  • темірбетон құрылымдарының түсі мен құрылымының өзгеруі;

  • еден бетінің материалдарының күйі туралы;

  • жанудың белгілері бар қоршаған ортаның жеке үзінділерінің сипаттамасы т.с.с.

Өрттің қайнар көзін сол сияқты жанып кеткен құрылымдарды, плиталарды, өзге де бұйымдарды сараптамалық зерттеу арқылы анықтауға болады.
Аталған объектілерді жеткілікті көлемдегі жерлерден алған жөн.
Өрт болған жердегі қоршаған ортаны оқиға болған жерді қарау туаралы хаттамаларда, сызбаларда, суреттерде бекіту керек. Жоспар-сызбаларында зерттеу үшін ұсынылған объектілердің алынған жерлері көрсетілуі тиіс.
16.2. Электр қондырғылардың өрттің пайда болуына қатысты байланысын анықтау сараптамасы
Электр қондырғылар ретінде электр энергиясын өндіруге, өңдеуге, тасымалдауға, беруге, бөлуге арналған машиналардың, аппараттардың, жүйелер мен көмекші құрал-жабдықтардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларды қоса алғандағы) жиынтығын айтамыз.
Аталған сараптамаға келесі сұрақтар қойылады, олар:

  • электр қондырғылардың техникалық күйі мен өрттің пайда болуының себепті байланысы бар ма ?

  • электр сымдардың балқуы неден пайда болды (өрттің температурасы, тоқтың қысқа тұйықталуы) және өртке дейін немесе кейін бе ?

  • өрт кезінде зерттеу үшін ұсынылған электр қорғаушылар жарамды күйінде ме ?

  • аталған қорғаушылар қандай номиналды тоққа арналған ?

  • ұсынылған қорғаныштардың балқу қосымшасының (плавкие вставки) бұзылу себебі қандай ? т.с.с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет