«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет42/105
Дата29.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#160350
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   105
Байланысты:
treatise8925

тіл бойынша мазмұндама – ерікті үлгілер зерттеліп отырған мәтін тілінде жазылуы керек;
жазылу уақыты бойынша - ерікті үлгілер зерттеліп отырған мәтіннің арасындағы жазылу уақыты ұзақ болмауы керек (бірақ үлгілерсіз сараптамалық қорытынды беру, бермеу туралы сұрақты сарапшы шешеді);
мақсаты мен мазмұны бойынша – ерікті үлгілер бір функционалды стильмен жазылу керек – жеке хаттар, қызметтік хаттар, ғылыми мақала, есеп т.с.с.;
автордың жан-күйіне қатысты –зерттеліп отырған құжат автормен қандай да әдеттегідей емес жан-күйде орындалуын анықтау (стресс, мас күйінде) үлгі ретіндегі сол күйінде жасалған ерікті үлгілер болып табылатын жазбаларды ұсыну керек.
Жатқа айтып жаздыратын экспериментальды үлгілер ақпаратты-салыстыру материалы ретінде қолданылмайды.
Үлгілердің жеткілікті болуы – бұл сараптамалық зерттеуді толық және жан-жақты салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін көлем. Ұсынылатын үлгілердің саны туралы бекітілген ұсыныстар жоқ, бірақ бос үлгілердің саны 25-30-дан кем болмауы кейбір кезде оданда көп болуы керек (қолжазбаны қарау кезінде ол қысқа болса).
Сөйлеудің эксперименталды үлгілері – азаматтық, қылмыстық істер немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша тергеушімен (сотпен) тағайындалатын сараптамаларға қатысты орындалатын мәтіндер. Эксперименталды үлгілер ерікті үлгілер сияқты зерттеліп отырған объектілердің көлемімен сәйкес болуы керек.
Эксперименталды үлгілердің кемшілігі ретінде орындаушының өз сөйлеу дағдысын әдейілеп өзгертуін айтамыз.
Эксперименталды үлгілердің кейбір қасиеттері салыстырмалы зерттеу кезінде оны қажетті материалға айналдырады. Мұндай үлгілер тергеушімен немесе өз еркімен ұсынған бос мазмұндаманы алуында жатыр.
Сезіктіден эксперименталды үлгілерді таңдап алу бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, бұл тұлғаның сөйлеу дағдыларының бірнеше вариацияларының толық түрде көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Эксперименталды үлгілер 500 сөзден кем алынбайды, үлгілердің саны оданда көп алынуы мүмкін егер зерттеліп отырған құжат пен тағайындалған сараптаманың жүргізу уақытының арасы алшақ болса. Сонымен қатар аталған жағдай тергеушінің (сот) зерттеліп отырған мәтін әдейі өзгертіліп әдеттегідей емес жағдайда жазылғандығына күдік туса. Мұндай жағдайда мақсатына және орындау жағдайларына қарай алуан-түрлігі сөйлеудің түрлі варианттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Сөйлеудің ерікті үлгілері – дегеніміз қылмыстық іс қозғалғаннан кейін құжаттарда бекітіліген сөйлеу. Оларға іс бойынша материалдар жатады (түсініктеме, арыздар, жауап алудың хаттамалары (өз қолымен жазылған).
Мұндай жағдайларда, ерікті үлгілерді ұсынбаудың себептері туралы сарапшыға хабарланады. Ол кезде сараптамалық зерттеу қиындайды, бірақ, үлгілердегі сөйлеу дағдыларының сәйкестендіру белгілерінің жиынтығы жеткілікті болған кейбір жағдайларда, сарапшыға қойылған сұрақтар бәрібір шешілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет