Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы



бет45/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11
9 сынып БЖБ ІІ нұсқа
51. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық процестер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер. Егемен Қазақстан халық санағының қорытындысы. Всемирный курултай казахов.
Демография (грек сөзінен алынған: demos - халық, qrapha - жазамын, сипаттаймын деген мағынаны білдіреді) халықтың санын, қоныстануын, орналасу тығыздығын, халық динамикасын, яғни өсуі мен кемуін, көшіп-қону көрсеткіштерін, құрамын, некелесу мен ажырасу көрсеткіштерін, жастық және жыныстық структурасын зерттейтін ғылым. Кең мағынада алғанда, халықтың осы ерекшеліктерін сан жағынан зерттейтін ғылым саласы. Мұнда ең алдымен халықтың санын ғылыми ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі кең қолданылады. Демографияда статистикалық әдістердің ерекше зор роль атқаратындығы себепті, кейбір ғылымдар демография мен демографиялық статистиканы бір-бірімен ұқсас ғылымдар деп есептейді. Бірақ демография ұғымының мазмұны анағұрлым кең, оның өзіне тән дербес міндеттері бар, ол халықтың дамуы, өсуі саласындағы байланыстылықты, заңдылықты ашуы керек, бұл үшін үстем қоғамдық қатынастарды ескере отырып, статистикалық деректерді негізге алуға тиіс. Демография халықты зерттейтін барлық ғылымдарға қажетті материалдар береді. 
Қазақстан Республикасы халқының саны 1991 жылдың басында 16,4
млн. адамды құрады, ал 2000 жылдың басында 14,9 млн. адамға дейін кеміді. 2002 жылдан бастап аталған көрсеткіш тұрақты өсіп, 2012 жылдың
басында 16,9 млн. адамды құрады, ал 2013 жылға қарай 17 млн. адамға жетті.
1990-жылдардағы халық санының елеулі төмендеуі этнос өкілдері бөлігінің
тарихи отанына тұрақты тұруға кетуімен және бала туу деңгейінің
төмендеуімен байланысты. 2003 жылдан бастап мемлекетімізде халық
санының өсуі басталды. Өсудің негізгі көзі табиғи өсім болып табылады.
2007 ж. басында Қазақстан халқының ұлттық құрамы төмендегідей болды: қазақтар 9,1 млн-нан асып, үлесі 58,6%-ға жетті (1989 ж. – 6 млн 496,8 мың, яғни 40,1%, ал 1999 ж. – 7 млн 985 мың, яғни 53,4%); орыстар – 3 млн 945,1 мың – 25,6% (1989 ж. – 6 млн 062 мың – 37,4%, 1999 ж. – 4 млн 479,6 мың – 29,9%), украиндар – 440,5 мың – 2,86% (1989 ж. – 875,6 мың – 5,4%, 1999 ж. – 547,0 мың – 3,6%); өзбектер – 439,6 мың – 2,85% (1989 ж. – 2,0%, 1999 ж. 370,6 мың – 2,48%), ұйғырлар – 233,2 мың – 1,5% (1989 ж. – 181,5 мың – 1,1%, 1999 ж. – 210,3 мың – 1,4%); немістер – 222,3 мың – 1,4% (1989 ж. – 946,8 мың – 5,8%, 1999 ж. – 353,4 мың – 2,3%). Осы 1989-2007 жж. арасында Республика халқы құрамында қазақтардың үлесі 18,5%-ға өссе, орыстардың үлесі – 11,8%, украиндардың – 2,6%, немістердің – 4,4%-ға төмендеді. Енді, яғни қазіргі жағдайда және болашақта Республика халқының өсіп-өнуі, яғни табиғи өсімі мен көші-қон сияқты оның негізгі екі қайнар бұлағы еліміздің 60% құрайтын қазақ ұлтының демографиялық қасиеттері мен олардың даму үрдісіне байланысты болып отыр.
Территориясының көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын Қазақстанда бір шаршы шақырымға 6,2 адамнан ғана келген. Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз әлем елдері арасында 184-орында тұр. Тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес Одағының көптеген бұрынғы мемлекеттеріндегідей Қазақстанда да демографиялық дағдарыс басталды. Экономикалық жағдайдың нашарлауы бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне алып келген болатын. Бірақ соңғы жылдары әлеуметтік жағдайдың жақсаруы бала туудың үздіксіз өсуіне септігін тигізді. Төмендегі кестеде бала туу көрсеткіші бойынша ақпараттар берілген:
 



 

 2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Қазақстан республикасы

247946

273028

278977

301756

321963

356575

357552

367752

372544

1000 адамға шаққанда

Қазақстан Республикасы

16,63

18,19

18,42

19,71

20,79

22,75

22,00

22,53

22,50

 Қазақстан Республикасының статистика агенттігі

Қазақстанда ең алғашқы санақ 1897 жылы патша өкіметінің кезінде жүргізілсе, кеңес өкіметі орнаған соң 1920, 1923, 1926, 1937, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдары халық санағы өткізілді.


Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымыныңөзгеруі.
Қазақстанның демографиялық мәселесі – қазақ қоғамының маңызды мәселелерінің бірі. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы жүргізілген: 1959, 1970, 1979, 1989, 1999 жылдары. Тәуелсіздік қарсаңында, яғни, 1989 жылғы санақ бойынша, қазақтар республика халқының 39,7%-ын ғана құрады. Қазақстандағы барлық халық саны – 16 млн. 475 мың болса, оның 6 млн. 535 мыңы ғана қазақ ұлты еді. Бұл көрсеткіш жерімізді мекендеп отырған халықтың жартысынан астамы өзге ұлт екенін көрсетті. Қазақстанда өткен ғасырдың 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуі салдарынан халықтың тұрмыс дәрежесі төмендеп, демографиялық жағдай едәуір нашарлады. Халық санының өсуі өте баяу жүруде. Оған эмиграция, туу деңгейінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етуде. 90 жылдардан бастап жаппай миграция мен туу процесінің күрт төмендеуінен 2 млн-ға жуық халқымыздан айырылдық.90 жылдардан бастап күшті эмиграциялық қозғалыстың, яғни саны көбейген көшіп кетушілердің орнын халықтың қарқыны төмендеген табиғи өсуі толықтыра алмады. Қазақстандағы тұрғындар саны 1989-1992 жылдар аралығында 0,7%-ын өссе, кейінгі жылдарда күрт кеми бастады.
1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді. 1991-1992 жылдары Моңғолиядан – 41 мың қазақ келді. 1993 жылы (Миграция департаментінің көрсеткіші бойынша) алыс шетелдерден 23 мыңнан аса қазақ келген.
Осындай миграциялық процестердің нәтижесінде республиканың ұлттық құрамында өзгерістер жүрді. Олардың ең бастысы - өзінің Отанында, туған жерінде жарты ғасырдай азшылыққа айналып, талай демографиялық апаттарды басынан кешірген қазақтар көп ұлтты халықтың енді басым көпшілігіне айналды. Тек 1989-1995 жылдар аралығында егеменді елімізде қазақтардың үлесі 39,7%-дан 46%-ға өсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет