Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


) ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу, оның мақсаттары мен қорытындылары - Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық өсімінің көрсеткіші



бет42/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11
9 сынып БЖБ ІІ нұсқа
42) ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу, оның мақсаттары мен қорытындылары - Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық өсімінің көрсеткіші.
EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін.Нұр Әлемнің өзі жас инвесторлар стартап-жобалар әзірлеуге, ғылыми өнертабыстарды зерттеуге және бизнес-идеяларын жүзеге асыруға болатын технологиялық инновацияның эпицентрінде орналасқан.Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.ЭКСПО көрмесі жалпы 2012жылы президентіміздің жарлығымен бастама болған үлкен көрме.Көрменің негізгі мақсаты- әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның мүмкіндіктерін паш ету болып саналады.
43) Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандық заманауи мемлекеттілік моделін құрудағы өмірі, қызметі және рөлі.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Елбасы. Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасы ел өміріндегі тұтас дәуірді белгілейді.Ұлттық рухты оятып, мемлекеттілігімізді жаңғырту миссиясы қазіргі жаһандық саясат сардарларының бірі – Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісіне тиді. Оның тұғырлы тұлғасы ғасырлар бойы бақытты ұрпағымыз үшін темірқазықтай жол сілтеп тұрады. Тәуелсіздік таңы атқан кезде халқымыз жаңа Қазақстанның негізін қалап, қалыптастыруды дәл осы азаматқа сеніп тапсырды. Уақыт осынау маңызды таңдаудың дұрыстығын дәлелдеді.Оның шынайы егемендіктің негізін қалауға, тиімді экономиканы қалыптастыруға, үйлесімді қоғам құруға және ұлт тарихының жаңа кезеңіндегі ел дамуының басымдықтарын анықтауға бағытталған көпқырлы қызметінің мазмұны мен мәні Қазақстанның Тұңғыш Президентін қазіргі мемлекеттігіміздің негізін қалаушы әрі ұлттың нағыз көшбасшысы ретінде мойындау үшін салмақты дәлел болады.Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи феномені ұлттың жасампаз әлеуетін үйлестіріп, әлемде «Қазақстан барысының секірісі» деген атауға ие болған жарқын болашаққа ұмтылу үшін бүкіл қоғамды жұмылдыра алуымен ерекшеленеді.Нақты істерді атқаруды, барлық жүйеде орнықтылықты сақтауды, стратегиялық жоспарлау мен кезең-кезеңмен дамуды көзеген Ұлт көшбасшысының мұндай прагматикалық ұстанымы отыз жылға жуық уақыт ішінде еліміздің мемлекет құрып, таңғаларлық нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік берді. Қоғамның барлық саласындағы үздіксіз трансформация үдерісі мен маңызды әрі жүйелі реформалардың арқасында дүниежүзі «Қазақстанның кереметі» жөнінде айта бастады. Әрине, мұны жасаған да, авторы да – Нұрсұлтан Назарбаев.Елбасы ойластырған саясат пен оның көшбасшылық сипаты Қазақстан экономикасын әлем бойынша экономикасы ең тез дамыған елдердің бірінің дәрежесіне жеткізді. Тұңғыш Президенттің жеке үлесі және халықтың қуатты қолдауының арқасында әлемдік қауымдастықта «Қазақстандық даму моделі» кеңінен таралды. Бұл модель терең ойластырылған бағыт бойынша біртіндеп және сенімді дамуға негізделеді.Заңғар тұлғалардың бірі әрі бірегейі, жеке дара бітім болмысымен, бөлек табиғатымен әлемді мойындатқан саясаткер, еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстан дамуының өзіндік моделі туралы Елбасы былай деген еді: «Біз бір рет таңдап, содан бері одан таймаған өзіміздің қазақстандық даму жолымен келеміз. Әлемдік тәжірибені сараптай және зерттей отырып, біз эволюция жолын таңдадық. Біз демократияның жедел, әсіресе сырттан енгізілуіне қарсымыз. Біз ешкімге де еліктеуге тырыспаймыз, біздің мемлекетімізге, біздің халқымызға керегін жасап жатырмыз. Және бұл қолымыздан келіп жатыр». Нұрсұлтан Назарбаев таңдап алған бұл байыпты бағыт Қазақстан үшін стратегиялық бағдарға айналды.Елбасымыз жеріміздің тұтастығын сақтай отырып, елдің іргесін сөкпей, та¬тулық пен бірлікті, достық пен сый¬ластықты ту етіп көтеріп, тәуелсіздігі баянды, жасам¬паз Қазақстан мемлекетін құ¬ра білді. Сондықтан соқтықпалы, соқ¬пақсыз кезде тыңнан түрен салып, өзіне сенім артқан жұртын өркениетке жетелеген, әлеуетті мемлекеттердің қатарына қосқан Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының орны ерекше.Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы тану мүмкіндігі тәуелсіздік жемістерінің бірі екені сөзсіз. Рас, тарихи дамуға халық болмысы негіз болады, жеке тұлғаның өзі халықтың арасынан шығады. Қазақстанға тәуелсіздік алып беру және оны әрі қарай дамыту Елбасымызға оңайға соқпады. Өйткені, ел Тәуелсіздігінің баянды болуы мен болашақтың кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы артылар жүкті абыроймен көтеру, халық сенімін ақтау, тәуелсіздікті тұғырлы ету, Қазақстанды әлемдік қауымдастықтағы терезесі тең елдер қатарына қосу батыл шешімдер қабылдауды қажет етті. Өз заманында тарыдай шашылған қазақ руларын бір тудың астына жинаған Абылай ханның қызметі қандай болса, жас мемлекетіміздің негізін қалауда Елбасының еңбегі де соған пара-пар болатын. Бұл туралы Елбасының Абылай ханның 300 жылдығында айтқан мына сөздері дәлел: «Абылай, Керей мен Жәнібек хандар тіккен Қазақ ордасын еңселі ел ету ісіне саналы ғұмырын арнады. Оның қазақ халқының тұғыры берік, жұлдызы жарық ел болуын аңсап, осы қасиетті мақсатқа жету жолында найзаның ұшын ғана емес, дипломатияның күшін де жұмсаған заманының аса көрнекті ханы болғанына тарих куә… Айбарлы Абылай аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа бүгінгі ұрпақ жетті. Байтақ өл-кеміздің шекарасын заман талабына сай халықаралық нормалармен бекітіп, әлемдік қауымдастықты мойындаттық. Сол арқылы көршілерімізбен мәңгілік достыққа, өзара тиімді сауда экономикалық, мәдени байланыстарға негіз қаладық. Бұл күнде ешқандай елдің Қазақ жеріне қатысты дауы жоқ. Ең бастысы, біз бабалар аманат еткен киелі жерімізде құрған мемлекетімізде ынтымағымызды сақтай білдік. Соның арқасында берекелі бірлігіміз төрткүл дүниеге мәлім болды. Есілдің бойына ел қондырып, еңселі Ор-дамызды орнаттық. Арқа төсіне әсем Астана салып, әлемге Қазақстан деген абыройлы мемлекет ретінде танылдық. Қазіргі жасампаз Қазақстан іргесі берік, ынтымағы мығым, төрт құбыласын тегіс мойындатқан Тәуелсіз мемлекетке айналды».Егемен Қазақстанның мемлекеттік тетіктері өркениетті елдердің озық тәжірибелерін пайдалана отырып, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен саяси, ұлттық жағдайларға байланысты қалыптасып құрылды. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін асығыстыққа салмай, уақыттың талабына, қазақстандық жолдың ерекшелігіне үйлестіре, жан-жақты мүдделердің түйісу нүктесін таба білудегі даралығымен бірден әлем назарын аударды. 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басы бұрынғы Одақ құрамындағы елдердің азаттыққа ұмтылған уақыты еді. Ол заман қазіргі посткеңестік кеңістіктегі басқа да елдер сияқты, Қазақстан үшін де үлкен бетбұрыстардың бастауы болды. Жұртшылықтың санасына қайта құру және қоғамдық жаңғыру тәрізді идеялар сіңе бастаған сәтте халық мұндай жұмысты істей алатын көшбасшысын дәл таныды. 1991жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар демократиялық, өркениеттік жолмен тұңғыш рет Президент сайлады. Бұл қазақ тарихында бұрынсоңды болмаған оқиға еді. Сол күні байтақ еліміздегі сайлау учаскелеріне халық жаппай ерекше үмітпен ағылып, сайлауға қатысқандардың 98,78 пайызы Н.Ә.Назарбаевты жақтап дауыс берді. Халық ықыласына бөленген Н.Ә.Назарбаев кемел келешекке батыл қадамдар жасап, сарабдал саясат жүргізіп, елдің әрдайым биік асу-ларды бағындыруының басында тұрды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында ол жасаған ұсыныстың негізінде Қазақ Кеңестік Социалистік Рес-публикасы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. Дәл сол күні Алматыда Президентті ұлықтау рәсімі өтті. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осылайша әлем картасында Қазақстан Республикасы атты жаңа мемлекет пайда болды. 1991 жылы 17 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында өткен жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәуетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып, бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де жетеді. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін», деп айтқан сөзінің бүгінгі күні шындыққа айналғанын көріп отырмыз.Қазақстандықтардың берік қолдауына арқа сүйеп, халқының жасампаздық күш-қуатына кәміл сенген Тұңғыш Президент теңдессіз экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуді қамтамасыз ете білді. Жаңа астананы тұрғызу бастамасы мен оны ақиқатқа айналдыруы Н.Ә.Назарбаевтың модернизациялық жобасының басты табысының символы ретінде орнықты. Қазақстанның жаңа елордасы шын мәнінде, жаңа дәуірдің қаласы болып, елдің өткенінен болашаққа, жаңа дәуірге ауысуының ірі құбылысы саналады.Н.Ә.Назарбаев саясатқа алып келген бірқатар принципті жаңалықтардың біріПрезиденттің Қазақстан халқына Жолдаулары. Жалпы, Жолдаулар басқа елдерде де қолданылады, бірақ олар әдетте міндеттердің белгілі бір шеңберінен аспайды да, жоғары заңды органға ғана бағытталады. Ал Қазақстанда Мемлекет басшысының Жолдаулары бүкіл халыққа арналып, онда бүкіл елдің алдында міндеттер қойылады және елдің жан-жақты дамуының келер жылға, одан да ұзақ мерзімге арналған негізгі басымдықтары мен жоспарлары ай-қындалады. Әрбір азаматтың өмірінің сапасын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандыру, жастарға қолдау көрсету бұл жайттардың барлығы Президенттің халыққа әр Жолдауында көрініс табады. Мемлекеттің дамуы қай бағытта өрбитінін айқын ұғына отырып, қазақстандықтар болашаққа сеніммен қарайды және өз өмірін сәтті жоспарлай алады.
44. Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде адамзаттың өткені, бүгіні және болашағы. ("Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен Даму стратегиясы", "XXI ғасыр қарсаңында", "әлемнің эпицентрі").).

45. Н.Ә.Назарбаевтың "сындарлы онжылдық" және "Қазақстан жолы"еңбектеріндегі терроризм, өңірлік қауіпсіздік проблемалары, саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар, этносаралық және конфессияаралық келісім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет