Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы заң. Ұлттық армияның құрылуы және оның құрылымы



бет39/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11

37. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы заң. Ұлттық армияның құрылуы және оның құрылымы.
1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы", "Қазақстан Республикасының қарулы күштерін құру туралы" және алғашқы қорғаныс министрі етіп генерал полковник (1993 жылдың 9 мамырынан армия генералы) С.Қ.Нұрмағамбетовты тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Оның қарамағына ел аумағында орналасқан барлық әскерлер кірді. Қорғаныс министрлігінің құрамында 3 құрылымдық әскер бар. Олар Құрлық әскерлері, Әуе қорғаныс және Әскери-теңіз күштері.
Құрлық әскерлері 2009 жылдың 20 сәуірінде құрылды. Міндеттері: Кез келген агрессияға тойтарыс беру; елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау; Мемлекеттік және әскери объектілерді күзету; Шекараның құрлықтағы бөлігін бекем ету; Бітімгершілік және өзге де тапсырмаларды орындау.
Әскери-теңіз күштері - 2003 жылдың 7 мамырында құрылды. Негізгі әскери қимыл аудандары - Каспий теңізінің шекара аймақтары. Қазақ әскери-теңіз күштерінің құрамында 14 кеме бар.
Әуе қорғаныс күштері 1998 жылдың 1 маусымында құрылды. Бұл – Қазақстан қорғанысының флагманы. Міндеттері: Елдің әуе шебін қорғау; Мемлекеттік, әкімшілік және әскери объектілерді әуе шабуылынан қорғау.

38.Бүкілхалықтық референдум, қазіргі ҚР Конституциясын қабылдау. Қазақстан Республикасының саяси құрылымы. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту.
1995 жылы бүкіл халықтық референдуммен қабылданған 95 баптан тұратын (кейін 98 бап болды) Қазақстан Конституциясының 64 бабына парламент арқылы барлығы бес рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның басым көпшілігі сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билігін күшейтуге арналды. Адам құқықтары жайлы баптар өзгерместен қалды. Азаттық 30 тамыз Конституция күнінде 1995 жылғы басты заң қалай қабылданғанын, бұл Конституция Назарбаев билігін қалай күшейткенін шолып шықты.
"ХАЛЫҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ ӨЗ ҚОЛЫНА ТИДІ"
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бірақ оның алдында Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше саяси қадамдар жасады.
Әуелі 1993 жылғы тұңғыш Конституцияны қабылдаған 12 шақырылымдағы Жоғарғы кеңес өзін-өзі "таратты". Жоғарғы кеңес төрағасы Серікболсын Әбділдин (2019 жылы 31 желтоқсанда өмірден өтті) мұны "алдын ала ойластырылған қадам" деп санады. 1994 жылы 7 наурызда Жоғарғы кеңес сайлауын қайта өткізіп, бір жылдан соң кеңес Конституциялық сот шешімімен таратылды. Сол кездегі сарапшылар "Жоғарғы кеңесте бұл жолы да оппозициялық күштер көбірек болған соң тарады" деп бағалады.
Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы.
Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.
Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтардақабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылыоған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс- 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады.
Елдің мемлекеттік басқару жүйесін дамытуда төрт кезеңді бөліп көрсетуге болады:
Бірінші кезең (1991-1997 жж.). Мемлекеттік басқаруды институттандыру: мемлекеттік басқарудың базалық моделін енгізу, мемлекеттік тәуелсіздік негіздерін құру және мемлекеттік-басқару жүйесінің құрылымдық реформасын бастау.
Екінші кезең (1997-2007 жж.). Әлеуметтік мемлекет: "алдымен экономика, содан соң саясат", "жалпыға ортақ әл-ауқат мемлекеті" немесе "жалпыға ортақ игіліктер мемлекеті" қағидаттарын енгізу. Мемлекет азаматтардың экономикалық және әлеуметтік игілігін қорғау мен дамытуда шешуші рөл атқарады.
Осы кезеңде "Қазақстан-2030" стратегиясы және 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспар қабылданды, Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылды, партиялық жүйе енгізілді.
Мемлекеттік басқару жүйесі директивалық модельден индикативтік модельге көшірілді, мемлекеттік қызметтің ұлттық моделі қалыптастырылды және мемлекеттік органдар нығайтылды, мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру басталды, даму институттары құрылды.
Үшінші кезең (2007-2017 жж.). Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруіне бағытталған "Қазақстан-2050" стратегиясы және 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары қабылданды. Индустриялық-инновациялық даму, елді кешенді цифрландыру және жаңа инфрақұрылым (көлік, тұрғын үй, энергетикалық, әлеуметтік және т.б.) салу бағдарламаларын іске асыру жандандырылды. Мемлекеттік активтерді басқару бойынша ұлттық холдингтер қалыптастырылды.
2011 жылы Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасы қабылданды. Мемлекеттік органдардың бесжылдық стратегиялық жоспарлары, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі, мемлекеттік аудит жүйесі, "А" корпусының кәсіби басқарушылары мен жауапты хатшылар институты енгізілді.
Төртінші кезең (2017-2020 жж.). 2015 жылы елдегі мемлекеттік басқарудың жаңа архитектурасын айқындаушы бес институционалдық реформа жария етілді. Мемлекеттік бағдарламалар саны қысқартылды, "Ашық үкімет" бастамаларын енгізу және ықшам, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру басталды.

39.Тұңғыш Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы: "Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы", ҚР дамуының ұзақ мерзімді басым мақсаттары.
Қазақстан-2030 Стратегиясы– елдамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997жылы 1 қазанда қабылданған. ПрезидентН.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған.
Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады.
Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Жалпы «Қазақстан-2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады:
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет