64. Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандық қоғамды біріктіру институты



Дата25.03.2022
өлшемі9,8 Kb.
#136730
Байланысты:
11 тарих


64. Қазақстан халқы Ассамблеясы - қазақстандық қоғамды біріктіру институты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды.


Бұл азаматтық қоғам институты Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бөлшегі болып табылады. Ол барлық этностардың мүдделерін топтастырып, азаматтарды ұлтына бөлмей, құқықтары мен бостандықтарының мінсіз сақталуын қамтамасыз етеді.


Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты.


1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.


Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.


2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.


2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.


Ассамблея құрылымдық жағынан Ассамблея сессияларынан, Ассамблея кеңесі мен Хатшылығынан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларынан тұрады.


Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.


Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді.


Ассамблея Төрағасының этномәдени бiрлестiктерден тағайындалатын орынбасарлары алмастыру тәртiбiмен Кеңестiң ұсынымының негiзiнде ҚР Президентiнiң өкiмiмен тағайындалады.


Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі.


Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды.


Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.


Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады.


Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді


65. Қазақстан Республикасындағы конфессия аралық қатынастар. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет.
«Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің рөлі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция 2011 жылдың 21-желтоқсанында Алматы қаласында өтті. Қонференцияны ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институтының ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз етуімен Қазақстан әлеуметтанушылар Ассоциациясы ұйымдастырды. Конференция жұмысына жетекші дінтанушылар, саясаттанушылар, философтар, дәстүрлі конфессиялар көшбасшылары, ҮЕҰ (НПО) өкілдері қатысты. Одан кейінгі пікірсайысқа Институт ғалымдарымен қатар Алматы, Шымкент, Түркістан қалалары жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Конференцияда ғылыми-практикалық кепілдеме ретінде төмендегі ұсыныстар келтірілді:
1. Дәстүрлі конфессиялар көшбасшылары діни пиғылдағы терроризм идеологиясын әшкерелеп, беделін жоюға бар күшін салуы керек. Қоғамдық пікірде терроризмнің антиисламдық мәнін бекіте түсу керек, ал ол болса күнделікті тынымсыз еңбекті, соның ішінде БАҚ тарапынан белсенділікті қажет етеді.
2. Наразылық әлеуетінің интегративті сипаты оның құқыққа қарсы нысан көріністерін дінді жалған қабылдаулармен байланыстыруға мүмкіндік береді. Исламистік идеология исламның (бейбітшіл және ізгілік дін ретінде) елімізде исламизмге қарсы қойылмай келгендігі салдарынан қазіргі кезеңде Қазақстанның саяси-әлеуметтік кеңістігінде орын алып отыр. Ислам бүгінгі таңда төмендегідей кесте түрінде бейнеленген үрдістерге тартылған: өзінің шынайы мәні бар ислам – исламның саясаттануы – исламизм – экстремизм – терроризм. Бұл кестені бұзу керек, экстремистер мен террористерді исламдық риторикаға жүгіну мүмкіндігінен айыру керек.
3. Дінтану саласындағы зерттеу әдіснамасын кеңейте түсу керек, оны саясаттану әдістерімен, терең философиямен, мәдениеттанумен, құдайылық іліммен, аксиологиямен байыта түсу керек.
4. Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етуге тек дәстүрлі діндер ғана емес, сонымен қатар бірқатар жаңа діни қозғалыстар мен конфессиялардан тыс дүниетанымдық идеологиялар қабілетті. Осы әлеуетті де толық пайдалану керек.
5. Терроризмге қарсы кешенді әрекет етуде исламистік уағыздаушылардың ықпалының орталығында әлеуметтік қабат ретіндегі жастарға отансүйгіштік және адамгершілік тәрбие беруге ерекше назар аудару қажет. Осы ықпалдардан жастарды жетектеп «шығарудың» айрықша нысандарын табу керек.
6. 2011 жылының қазан айында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы азаматтардың діни сенімдер бойынша еркіндігін бекітеді және нақтылай түседі және ол мемлекеттікконфессиялық қатынастар саласындағы келеңсіз құбылыстармен тиімді күресуге мемлекетке мүмкіндік беретіндігі жайлы атап көрсетілді.
7. Дін қазіргі әлемде геосаясаттың әрекетті тетігіне айналып отыр. Қазіргі таңда көптеген күштер дінді өздерінің прагматистік мақсаттарын жүзеге асыруға пайдаланады. Наразылық қозғалыстарда дінге тарту әдістері қалыптасқан. Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі бағдарламаларды жүзеге асыра отырып осының бәрін ескеру керек.
8. Исламистер өздерінің уағыздарында саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени, этносаралық салалардағы болатын қайшылықтарды пайдаланатын болғандықтан қоғамдық дамудың осы салаларындағы нақты мәселелерді шешу қажет
Қазақстан өзі мүше болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында да халық¬аралық экстремизммен күресін жалғастыруда. 2000 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттер арнайы антитеррорлық орталық құрған. Орталық ТМД-ның арнайы сала¬лық органы болып табылады және ТМД-ға мүше мемлекет¬тердің құзіретті органдарының арасындағы байланысты үйлес¬тіруді қамтамасыз етеді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет