Қазіргі замандағы дүниежүзілік және ұлттық діндер, олардың рухани құндылықтары
Орындаған: Бақтыбаев Саят ФиАс-221
Барлық әлемдік дәстүрлі діндер адамдарды үнемі бейбітшілікке, сабырға, мейірімге шақырады. Зорлық-зомбылық пен қан төгуден сақтандырады. Құдайға деген сенім көптеген адамдардың өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Алғашқы қауымдық құрылыстың бастапқы кезеңдерінде жүздеген мың жылдар бойында адамдардың ойында ешбір діни нанымдар болмаған. Бұл дәуір тарихта "дінсіз дәуір" деген ат аталды. Алғашқы адамдар өздерінің күнделікті тіршілік жағдайымен ғана шұғылданып, табиғат құбылыстарына көңіл бөлмеген. Тек дамудың белгілі бір сатысында ғана, табиғат құбылыстарының сұрапыл, дүлей күштерінің алдындағы өздерінің әлсіздігін сезіне бастады. Міне осы кезден оларға алғашқы діни ұғымдар пайда болып, өріс алды. Ол діни ұғымдар фетишизм, тотемизм, анимизм, магия және шаманизм түрінде адамдардың тұрмыс тіршілігімен, күн көріс тәсілдерімен, дүние танымымен, мәдениет әдет-ғұрпымен, ой - өрісімен тығыз байланыста қалыптасты, дамыды, өзгерді, күрделенді. Бұл діндер ғылымда көп құдайлы діндер /политеизм/ деп аталынды.
Сол сияқты қазіргі бір құдайлы діндер /монотеизм/Яһуди, Будда, Христиан, Ислам діндері алғашқы діни ұғымдар негізінде, таптық қоғам тұсында ғана қалыптасты.
Әлемдік діндер - қазіргі дінтануда буддизм, христиандық және исламды әрқайсысына тән белгілеріне сай жинақтап көрсету: а) қазіргі кезде бір аймақтан немесе құрлық аумағынан шығып, кең таралуына орай; ә) осы діндердің кез келгеніне кіруге тайпалық, рулық, этноұлттық және кастакландық шектеулердің болмауы; б) діннің негізін қалаушылардың рөлі (Будда, Иисус Христос, Мұхаммед); в) діни-наным ырымдарының салыстырмалы түрде қарапайымдылығы; г) діни уағыздарында жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануды наным-сенімнің аса маңызды көрінісіндей бағалау; ғ) бұл діндердің ресми құжаттарында, мойындалған дінбасыларының уағыздарында дінаралық сыйласымдылыққа, ұстамдылыққа, өркениеттің ғаламдық мәселелерін (жаппай қыру қаруына тыйым салу және жою, мемлекетаралық қайшылықтарды шешуде бейбіт жолды таңдау, экологиялық апаттардың алдын алу, ашаршылықпен және індеттермен, соның ішінде, "өркениеттік" індеттермен - СПИД-пен, наркоманиямен, алкоголизммен, токсикоманиямен және т.б. күресу) бірлесіп шешуге шақыратын үндеулердің болуы шарт және дінге сенушілердің осы діннің саясатын қолдауға шақыратын мерзімдік іс-шаралары әткізіліп отырылуы керек. Жаңғыртылған иудаизм өкілдері иудаизмді, "Кришна санасының қоғамы" - өз жақтаушыларын, ал "Вера бахай" шіркеуінің өкілдері - өздерінің діндестерін әлемдік діндер қатарына жатқы- зады. Алайда, жоғарыда аталған үш ірі әлемдік діндердің қызметкерлері, діндарлары бүл қозғалыстардың әлемдік дін дәрежесін мойындаудан бас тартады.
Дін өзінің кең таралуы мен маңызына қарай әлемдік және ұлттық дін болып бөлінеді.Дүние жүзі халқы ұстанатын әлемдік 3 дін бар:
Христиан діні
Ислам діні
Буддизм
Христиан діні 2 мың жыл бұрын қазіргі Израиль жерінде пайда болған.Христиан діннің 3 тармағы бар:
католик
протестант
православие
Христиан дінінің ұстанушыларының жартысынан көбі - католиктер.Католиктер Еуропаның оңтүстігінде,Орталық және Оңтүстік Америкада, Филиппинде көп таралған.Католик шіркеулерінің басшысы-рим папасы.Дүние жүзі католиктерінің жиналатын жері-Ватикан.
Ислам діні - 610 жылы Арабия түбегінде пайда болды.Ислам дінін ұстанушылар 2 тармаққа бөлінеді:
Суниттер
Шииттер
Иранда,Оңтүстік Ирак пен Солтүстік Йеменде шииттер,басқа мұсылман елдерде ислам дінінің суннит тармағы басым таралған.Мұсылмандар үшін қасиетті жер болып-Сауд Арабиясындағы Мекке (Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың туған жері),Медине(Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың жерленген жері)саналады. Мұсылмандар негізінен Азияда шоғырланған,бірақ соңғы уақыттарда мұсылмандардың саны Африка және Еуропа елдерінде біршама көбейді.
Буддизм
әлемдік діндердің ең ежелгісі. Буддизмнің негізін қалаған б.з.б VI ғ. Үндістанда тұрған принц Сидхартха Гаутама. Буддизм таралған аймақтар:Қытай, Жапония,Корея,Шри-Ланка,Тибет,Тайланд,Моңғолия,Бутан,Вьетнам,Камбоджа,Лаос,Мьянма. Буддизм дінінің қауымдастықтары Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азияның елдерінде бар.
Дін кез-келген мемлекеттің пайда болып, қалыптасу кезеңдерінде, даму үрдістерінде өмір сүріп жатқан ұлттардың ұйысуына оң ықпал етеді. Кейбір жағдайларда діндер арасында немесе қандайда бір діни ағымдар әсерімен тыныштық пен бейбітшілікке әсер етуге пайдалануды ойлаған әрекеттер де болды. Негізінде әлемдегі адамзат мойындаған дәстүрлі діндер мен конфессиялар адамгершілік пен рухани құндылықтарға бастайды. Адамдардың болмысына жақсылық пен сүйіспеншілік ұялатады. Сондықтан дін кез-келген ұлттың салт-дәстүрлерін жоққа шығармайды, керісінше олармен үндесіп қоғам дамуына оң ықпалын тигізеді. Сондықтан дін қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік және рухани дамуының маңызды құралы болып табылады. Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жалғастырып, толықтырады. Бұл орайда қоғамдағы түрлі саяси - әлеуметтік құбылыстармен қатар, мәдени-рухани даму үшін де діннің атқарар қызметі өте зор. Ұлттың құндылығы – мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатқан тілінде, салт–дәстүрінде, ұлттық өнерінде. Оларды бір–бірінен бөліп те қарай алмаймыз. Себебі, олар бірін–бірі толықтыра отырып, тұтас бір ұлттың болмысын құрайды.