1. Пәннің қысқаша сипаттамасы: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы – ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән. Пәннің мазмұнында ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Сонымен қатар, кезең әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланысты дамыған ерекшеліктеріне де ғылыми баға беріледі.
Пәннің мақсаты
Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері (ОН)*
Пән бойынша күтілетін оқыту нәтижелері (ОН) Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы қабілетті болады:
Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы кезеңін құрайтын мұраларды қазіргі заманғы әлемдік өркениет талаптарына сай оқыту – пәннің негізгі мақсаты. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларын студенттерге терең жан-жақты меңгертуде жаңаша әдістемелік-технологиялық бағдарлама жүйесімен сәйкестендірудің күрделі міндеттері көзделеді.
Көне дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі қазақ және әлем әдебиеті шығармаларының мәтіндерін интерпретациялауды біледі; қазақ және әлем әдебиеттерінің негізгі даму кезеңдерін біледі, олардың типологиялық ерекшеліктерін ажырата алады.
ХІХ ғасыр әдебиетін тарихи, қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысты қарастыру арқылы әдебиеттің рухани оянудағы, дамудағы міндетін анықтайды; ХІХ ғасыр әдебиетіндегі ағымдар мен бағыттарды, шығармашылық тұлғалардың әдеби мұрасын кең түрде қарастырып, түсіндіреді.
Пререквизиттер
Аталған пәнді меңгеру үшін __ Әдебиеттануға кіріспе, ұлы дала фольклоры және ежелгі дәуір әдебиеті,ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ әдебиеті, жыраулар поэзиясын танытудың заманауи қағидаттары пәнін (пәндерін) меңгеру барысында игерілген білімдер, біліктер және дағдылар қажет.
Постреквизиттер Аталған пәнді меңгеру барысында игерілген білімдер, біліктер және дағдылар келесі пәндерді ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті және сындарлы оқыту теориясы, әдебиеттегі ағымдар мен бағыттар концепциясы, әдебиет теориясы, Алаш мұрасы және оқу-ағарту мәселелері, проблемалық оқыту моделіндегі қазіргі әдеби үдеріс пәндерін меңгеруге қажет болып табылады.