Қазақ ойшылдарының саяси көзқарастар тарихына қосқан үлесі



Дата07.02.2022
өлшемі15,21 Kb.
#84995
Байланысты:
Қазақ ойшылдарының саяси көзқарастар тарихына қосқан үлесі


Қазақ ойшылдарының саяси көзқарастар тарихына қосқан үлесі
Саясат туралы әр адамның өзінің ойы,көзқарасы болады. Әсіресе ғұлама, ойшылдар саясат туралы саяси көзқарастарын жазып қалдырған. Сондай қазақ ойшылдарының бірі – Шоқан Уәлиханов. Ол жан –жақты салада дамыған біртуар тұлға. Ол демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, фольклоршы, этнограф, географ, суретші,ойшыл,қоғам қайраткері, саяси және құқықтық тарих ілімінде айқын ізін қалдырған асқан дарын иесі. Шоқан өзінің небәрі 30 жыл өмірінде қаншама еңбектер жазды.Сол заманның өзекті қоғамдық- саяси маңызы бар тақырыптарды саралап,еңбектерінде жазып өткен. Ол қазақ қоғамының көзқарасының өзгеруіне, сана-сезімінің оянуына ықпал жасаған ғалымдардың бірі де бірегейі. Оның қоғамдық-саяси көзқарастарында деомакратиялық бағыт қалыптасуына жылдар аралығында Петербургте алған білімдері мен революциялық қозғалыс,заманының алдыңғы қатарлы идеяларының жаршысы болған демократтармен танысуы игі ықпал етті. Ш.Уәлихановтың қоғамдық-әлеуметтік және саяси мәселелерді сөз ететін «Сот реформасы жайында», Жоңғария очерктері,Елдегі мұсылмандық туралы, Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары сияқты еңбектерінде және достарына жазған хаттарында оның саяси көзқарастары айқын көрінеді. Шоқан білімін жетілдіріп, басқа халықтардың мәдениетімен танысқан сайын халықымыздың артта қалып бара жатқанын байқап, болашақты ойлады. Басқа мемлекеттердің, әсіресе Еуропа елдері мен Ресейдің қоғамдық -саяси ахуалын жетік меңгеріп, Ресей патшалығының жүргізіп отырған отарлық саясатының зияны мен зардаптары туралы пікірін білдірді. Ол қазақ- орыс байланысы арқылы қазақ халқының мәдениеті мен өркениетінің дамуын армандады. Ол өркениетті даму мен демократиялық биліктің жақтаушысы, әлеуметтік ортаның қатал сыншысы болды.Шоқан қазақ даласында өз билігін жүргізіп отырған отаршыл үкіметтің залымдығы мен әділетсіздігін, теңсіздігі мен қаталдығын, сұрқия саясаттан туындайтын құпия істерін көрді. Сол кездегі реформалардың халқына пайда әкелмейтінін біліп, Ресей үкіметіне реформаның теріс жақтарын сыни пікірде жеткізген.Реформалар асығыс үстінде жасалмай, халықтың тұрмыс-жағдайын жақсарту үшін ғана пайдаланылуы керек деген өзінің ойын білдіріп, қазақ даласын басқару мен сот реформасы туралы өзінің жобасын ұсынды. Шоқан француз ойшылы Вольтердің « халықтың қажетті даму деңгейіне жетпеген заңдарды күшпен тақуға болмайды» деген идеясын толық қолдайды. Яғни ол халқымыздың әлі дамымағанын,артта қалғанын мойындап,халықты алдыға жетелегісі келген. Халықтың жағдайы отаршыл үкіметтің заңдарына сәйкес келмейтінін,халыққа ауыр тиетінін әрдайым айтып жүретін. Ол қазақ қоғамын байлар мен сұлтандар, билер және «дала пролетариаты» деп айтқандай кедейлерге бөлген. АН Майковке жазған хатында өзінің сұлтандар мен байларға қарағанда дала пролетариатымен жақын екенін,олармен тез достасып кететінін айтқан. Шоқан өзінің реформасында салт-дәстүрге аса мән берген және халықты басқару кезінде салт дәстүрдің пайдасы бар деп білген. Сондықтан да билік басына сырттан келген бөтен адамды емес, халықтың әдет ғұрпымен, салт дәстүрімен таныс адамды отырғызуды жөн көрген.
Сырттан келген заңдарға қарағанда қазақтың рухына , әдет-ғұрпы, тұрмысы мен мінез-құлқына жақын келетін заңдар ғана тиімді. Ең қолайлысы, “өзіне етене таныс, сонымен тәрбиеленіп өсіп-өнген заң ғана болмақ деген пікір айтқан. Шыныменде, қарап отырсақ халықты басқаруда өз елдерінің заңын қолданған әлдеқайда тиімдірек.Әсіресе қазақ халқында өте ауыр жазалар болмаған. ----

Патша өкіметі қазақ даласын округтер арқылы басқару түрін енгізгеннен кейін Шоқан отаршыл әкімшілік құрған басқару ісіне халық өкілдерін көбірек қатыстыру арқылы елдің саяси әлеуметтік жағдайы біршама жақсартуға болады деп есептеді. “Баянауыл округі туралы” (1854ж.) мақаласында жаңа әкімшілік аймақтарды басқару үшін қазақ халқының тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын, мұң-мұқтажын жақсы түсінетін қазақтарды қою қажеттігі туралы жазды. Шоқан бұл мақаласында сырттан келген чиновниктер халықтың дәстүрлі тұрмыс-салтын, оның өзіндік ерекшелігін білмегендіктен ел басқаруға қабілетсіз болатындығы және зорлық-зомбылыққа жол беретіндігін дәлелдейді. Ол әкімшілік аймақтар басына халыққа беделді де, білімді сұлтандар тұрса, қоғамда әлеуметтік әділдік орнатуға болар еді деп үміттенеді. Шоқан бұл идеясын өзін сұлтандыққа ұсыну арқылы дәлледемекші болды.1862 жылы Атбасардың аға сұлтаны сайлауына өз кандидатурасын ұсынады.Ф.Достоевскийге жазған хатында “Бір кезде менің өз отандастарыма пайда келтірейін, оларды чиновниктер мен қазақ байларының озбырлықтарынан қорғайын деп, сұлтан болсам ба деген ниетім де болған. Сондағы көбінесе ойлағаным – оқыған билеуші сұлтанның қандай пайдалы болатынын жерлестеріме өз ісімен көрсету еді”, - де жазады.



Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/referat/25446-abstract.html
© www.ZHARAR.com

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет