Көтеріліс мақсаттары: Көтерілісшілердің басты мақсаты – жоғарыда аталған себептерді шешу болатын, яғни басыбайлылыққа қарсы күрес.
Көтеріліс сипаты: Кіші жүздің ірі ақсүйектері – Ералы, Досалы, Айшуақ сұлтандар, Нұралы хан көтерілісті қолдады. Алайда Жайық бекінісін қоршаудағы Пугачевтің сəтсіздігі Нұралы ханның көмек беруге асықпауына себеп болды. Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалы басқарған топты көмекке жіберді. Қазақ жігіттері Жайық бекінісін қоршауға табан тіресе қатысты. Кулагин бекінісін алуда басты күш қазақтардан құралған топ болды. Орынборды қоршауға 200-ге жуық қазақ қатысты. 1773 жылдың қарашасында Пугачевтің манифесіне арқа сүйеген қазақтар Жайықтың оң жағасына өтіп, малдарын жайды. Нұралы хан бастаған ақсүйектер екі жақты бағыт ұстанды-соғысты пайдаланып, жер тапшылығын жою, өзіне бағынышты қазақтарды қазақтарды тəуелділікте ұстау жəне жеңілсе патша алдында ақталу.
Орынборды қоршаудағы сəтсіздік Пугачев күштерінің Троицк бекінісіне шегінуіне себеп болды. Орта жүзден Дəуітбай би Пугачевтің үндеуіне қолдау білдіріп, старшындармен бірігіп, соғысты қолдайтын шешімге келді. 1774 жылғы күзде Сібір шептеріне шабуылдаған қазақтар патша əскерінің қысымымен Сырдария бойына ығысты. Бұхар хандығына дейін барған Орта жүз қазақтары Тобыл мен Есіл өзендері бойына қайтып оралды.
1774-1775 жылдары Сібір шегінде орналасқан патша əскері 3500 болса, 1775 жылы қосымша 626 адам, кейін 409 солдат әкелінді. 1775 жылы Жайық бойындағы шаруалар соғысы əлсіреді. А.В.Суворов бастаған күш Пугачев көтерілісінің басты орталықтарын талқандады.
Көтеріліс қорытындылары: 1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысына қазақ халқының белсене қатысуы орыс-қазақ байланысындағы маңызды оқиға.
1775 жылғы ақпанда 300 орал-қазақ әскері, 500 башқұрттан тұратын Мансуров бастаған жазалау жасағы Гурьев пен Орал қаласынан шығып, Кіші жүздің ортасына бет түзейді. Осы кезде Сырым Датұлы халық көтерілісінің басшысы ретінде сахнаға шығады. Көтеріліс тоқтатылғаннан кейін II Екатерина Жайық өзенін Орал, Жайық қалашығын Уральск деп өзгерту жөнінде шешім қабылдатады. Көтеріліс қорытындысы халықтың өжет бола түсуі десекте болады. Оған мысалы «Көктемірдің көзге көрінбейтін қозғалысын» атаймыз. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі жеңілгеннен кейін Кіші жүзде көтерілісті әрі қарай жалғастырған адам. Халық арасында 1775 ж. Үлкен Қобда өзені жағасында «көзге көрінбейтін адам» пайда болды, ол тіпті Сапира атты әйелдің үйінде тұрыпты-мыс деген әңгімелер шыққан. Көктемір қазақ даласына «патшаның» (Е.Пугачевтің) келетінін аян етіп, халықты оның айналасына жиналуға шақырды. 1775-76 ж. жалпы саны 10 мыңға дейін жететін Казак отрядтары Ресейдің бірсыпыра бекіністеріне шабуыл жасады. Көктемір қозғалысы 1775 ж. көктем мен жаз айындағы қаралы оқиғадан кейінгі күрестің жаңа түрі болды.