Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы



бет46/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11

Всемирный курултай казахов.
Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеум., мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты. Құрылтай жұмысын 200-ден астам журналистер, 50-ден аса телерадиокомпаниялар насихаттауға ат салысты. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына қатысушылар Қазақстан халқына және дүние жүзінің басқа да халықтарына, мемлекеттеріне, олардың үкіметтеріне Үндеу қабылдады. Құрылтай күндері «Қазақстар: кеше, бүгін және ертен» деген тақырыпта ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі барын танытты.
«Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы.
Егемендік жағдайындағы алғашқы халық санағы, оның қорытындылары.
1999 жылы 25 қаңтардан 4 наурыз аралығында Қазақстан Ұлттық статистикалық агенттігінің басқаруымен республикада тәуелсіздік алғаннан кейін бірінші рет халық санағы жүргізілді. Санақтың ерекшелігі, біріншіден, бағдарламасы, стандарты, методологиясы Біріккен Ұлттар Ұйымының талабына сай, екіншіден, XX ғасырдағы қорытынды санақ болғандықтан XXI ғасырдағы еліміздің демографиялық жағдайына болжам жасауға болады.
Санақтың бағдарламасын 1998 жылы 4 тамызда Республикалық комиссия бекітті, оған әлеуметтік- демографиялық, экономикалық, баспана мәселесі сияқты 23 сұрақ енгізілді. Оның 18 сұрағы демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, 5 сұрағы тұрғындардың баспана мәселесіне (жеке меншік немесе жалға алынған баспана, пәтердің, үйдің тұрмысқа ыңғайлылыгы) және бірге тұратын адамдар санын анықтауға арналған. Кеңес өкіметі жылдарындағы санақ сұрақтарымен бірге тұрғындардың табысы, адамның еңбек статусы (жұмыс беруші, жалдамалы жұмысшы, жұмыссыз), мемлекеттік тілді білуі, көші-қон үрдісі сияқты сұрақтар енгізілді. 
2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағыөзгерістер.
Біртұтас ұлт болашағының қалыптасу мәселелері.
Қазақстан Республикасы Конституциясы.
ҚР заңдары: «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тілдер туралы», «Мәдениет туралы».
Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің біртұтастық тұжырымдамасы.
Қазақстан ұлттық бірлігінің доктринасы.
«Қазақстандық халықтың бірлігі мен тұтастығының нығаюы мен дамуы тұжырымдамасының» мақсаттары мен принциптері.
Ұлтаралық татулық – Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі.
Президент жанындағы консультативтік және кеңесші орган Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты - Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы. ҚХА-ның бірінші сессиясы, оның шешімдері. «Ортамерзімді кезеңге арналғанҚазақстанхалқы Ассамблеясының стратегиясы».
Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі.
2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 болды, ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын.
Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді.
2006 жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиден келеді.
Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адам, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.
Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлімнің 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі мәлім болып отыр.
Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болды, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі.
Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) болды. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.
Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.
Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған жәйі бар.
Ұлттық құрамы. Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 65,2%, орыстар - 21,8%, өзбектер - 3%, украиндар - 1,8%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,2% , немістер - 1,1%, корейлер - 0,6%, түріктер - 0,6%




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет