Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


Жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің жаңа сын-қатерлері. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы



бет65/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11

73. Жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің жаңа сын-қатерлері. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы.
Жаһандану жағдайында Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің аймақтық денгейінің маңызы артып келеді. Осыған байланысты аймақтың елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың қажеттілігі күшейді. Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық бірқатар көпжақты институттардың, соның ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының шеңберінде іске асып жатыр.Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық бірлестік ретінде құрылуы 15 шілде 2001 ж., ұйымның құрылуы жөніндегі декларацияға қол қойған кезден, басталады. Бірақ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының тарихы 1996 жылдан, Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан жəне Тəжікстан мемлекеттері Шанхайда «Шекара аймағындағы əскери салада сенім шараларын нығайту жөніндегі», ал бір жылдан кейін Мəскеуде «Шекара аймағындағы қарулы күштерді қысқарту жөніндегі» Келісімдерге қол қоюдан бастау алады. Аталған келісімдерді іске асыру қатысушы мемлекеттердің арасындағы өзара сенім қарым- қатынастары мен ынтымақтастықтың орнауына жəне осының негізінде «Шанхай бестігінің» (2000 ж. шілдеде «Шанхай форумына» ауыстырылған) — ұжымдық бірігудің негізінде аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін құрылған амақтық ұйымға айналды. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы өзінің қазіргі атауын бес жакты келісім — «Шанхай форумына» Өзбекстанның қосылуынан кейін ие болды.Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бастапқы мақсаты Қытай мен бұрынғы КСРО республикаларының арасындағы шекаралық мəселелерді шешу болды. Осы шекаралық мəселелер шешімін тапқан соң бұл ұйым аймақтағы тұрақтылықтың сақталуына, сепаратизм мен діни экстремизмге қарсы күресу, ал 2001 ж. қыркүйектегі оқиғадан кейін халықаралық терроризммен күресуді мақсат етті.

74. Қазақстанның "Еуропаға жол"мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында Еуропа елдерімен ынтымақтастықты жоғары деңгейде дамытып, оны стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін көтеру мақсаты қойылғаны бəрімізге белгілі. Осы мақсатта Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың ұсынысымен арнайы «Еуропаға жол» бағдарламасы қабылданып, оны жүзеге асыруда көптеген шаралар атқарылып, өз нəтижесін бергені сөзсіз. Бұл бағдарлама, бір жағынан, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының сəтті өтуіне жол ашты десе болады.
2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан əрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сəйкес əзірлеОсыған байланысты «Еуропаға жол» атты арнайы бағдарлама əзірлеу қажет. Ол экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, басқарудың тəжірибесі мен технологиясын таратуға, заңдарымызды жетілдіруге, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіміздің стратегиялық пайымын жəне өзіміздің күн тəртібімізді белгілеуге ықпал етуге тиіс», – деп алдыға үлкен міндеттер қойған еді
Аталған Бағдарлама Қазақстан мен Еуропа елдерінің өзара ынтымақтастығын жаңа бір деңгейге көтерді десек те болады. Оны Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы мəдени ынтымақтастықтың да жаңа бір серпінмен дами бастағанынан көруге болады.
Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы мəдени ынтымақтастық – өнер күндерін атап өту, əртістердің гастрольдерін, өнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастыру т.с.с. шаралар легі екі жақтың да мəдени ынтымақтастықты дамы- та отырып, халықтар арасындағы өзара достық қатынастарды жоғары деңгейге жеткізуге деген ұмтылыстарын көрсетеді. Ал бұл өз кезегінде əлемдік өркениеттің дамуына қосылатын қомақты үлес десе болады. Сонымен қатар халықтар арасындағы мəдени байланыстардың нығаюы, тəжірибе алмасу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет