Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғаларының шынайы себептері мен салдары



бет36/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11
9 сынып БЖБ ІІ нұсқа
34. 1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғаларының шынайы себептері мен салдары.
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқа18 желтоқсанда алаңға 20 мыңдай жастар жиналды. Оларға қарсы Ташкент, Тбилиси, Мәскеуден бас кесер арнаулы әскерлерді дереу жеткізді. Саперлік күрекпен, қамшымен тағы басқада қарулармен жабдықталды. Жастарды тарату мақсатымен өрт сөндіретін машинамен көпшілікке су шашты (Аяз 20-25º). Оларды республиканың барлық қалаларының жастары қостап көтерілді.
Мыңдаған студенттер мен жұмысшыларды түрмеге отырғызды. Көпшілігін ұрып-соғып қаланың сыртына апарып тастады. Біразы қашып кетіп өз туған ауылдарында ауруға шалдықты. Өлді. Олардың тізімін ешкімде айта алмайды. Басында олар заң орындарынан қорқып айтпады. Қазір де қорқып айта алмайтындар көп. Мыңдаған студенттер оқудан шығарылды.
Алматының республикалық архивіндегі құжаттар бойынша 92 адамның сотталғандары анықталды. Оның ішінде 17 адамның ісі Астананың республикалық ұлттық мұрағатында Л.И.Брежнев атындағы алаңға алғашқы шыққан жастар туралы, сондай-ақ Алматыдады республикалық архивте (1680 қор, 2 тізім, 3364 істің 76 бетінде) мынадай хабарлама бар:
1986 жылы 17 желтоқсан күні тәңертеңгі сағат 9-дан 15 минут кеткенде Қазақстан Компартиясының үйіне таяу алаңға бір топ қазақ жастары келді. Шамамен алғанда 600 дей адам жыйналды. Олар әртүрлі өлең айтып трибунаның алдында тұрды. Біраздан кейін қолдарында 5-6 плакаттары бар жастар Орталық партия кемитетіне естілетіндей етіп трибунаның алдынан өтті. Ол транспаранттарда: «Әр халыққа өз көсемі», «Жасасың Ленин идеясы», «Біз ерікті түрдегі одақты қалаймыз, зорлықпен қосылмаймыз». «Ешбір халыққа артықшылық берілмейді», «Жасасын Қазақстан», «Бірінші хатшы қазақ болуын қалаймыз». «Орыс емес» деп айғайлап ысқыра бастады.
Желтоқсан көтерілісін аса қатал жауыздықпен талқандаған. Жастарды ұрып соғып алаңнан қуғандары, оларға қарсы қолданған аюан істері туралы, мемлекеттік конституцияны аяққа таптап заңсыздыққа жол берген ішкі істер министрлігінің, прокуратураның, соттың, қауыпсіздік комитетінің басшыларын жауапқа тартуды талап еткен арызды беруші қазақстанның азаматтық козғалысының «Азат» атты қоғамының басқармасы және осы көтіріліске қатынасқан, сотталған азамат Х.Қ.Қожа-Ахметтің арызы бойынша Қазақстан республикасы, конституциялық соты Рогов И.И. былай деп мәсімдепті: Қазақстан республикасының конституциялық соты» мынадай жағдайды тапты. Сол бойынша шешімге келді:
1. ССР кезіндегі Советтер Одағы мен Қазақ ССР-ының басқару мемлекеттік орындардының қабылдаған шешімдерінің конституцияға сәйкес келетіндігін және әкімшілік, сот, заң қорғау орындарының істеріндегі жоғарғы басқарушы адамдардың Алматыдағы желтоқсан уақиғасы кезіндегі іс әрекеттерінің заңдылығын» тексеру туралы конституциалық сот ісі қозғалсын.
Міне осы күннен бастап конституциялық соттың комиссиясы мына төмендегі жағдайларды аңықтады:
... «Желтоқсан көтерілісі кезіндегі заңсыздықтар туралы конституция сотына арыз түсті. Соның қортындысы туралы мынадай қысқаша хабарлама берейін.
1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне байланысты – 99 адам сотталды (оның - 91 ісін таптым, ал Асанбай Асқаров мен Бекежановтың ісі Фрунзе де деп бермеді, қалған 5-уының ісі белгісіз үш адам еріксіз емделуге жіберілді (олар естерінен ауысқан адамдар) Б.Н.).
Ұлтшылдығы үшін, нәсілге бөлгендері үшін және көпшілікпен бірге тәртіпсіздікке қатынасқандары үшін – 78 адам, әдейі кісі өлтіргені үшін екі адам, адам өлтіруге ұмтылғаны үшін 2 адам, ал басқалары әртүрлі қылмыстар жасағандары үшін сотталды. Бостандықтарынан айырылғандары – 82 адам. өлім жазасына кесілгендері – 2 адам, 15 адам бостандығынан айырылмай шартты түрде сотталды».
Міне осы берген мәлімдеменің өзі де дұрыс емес. Сотталып түрмеде отырып жазаларын өтегендері. 91 адам (өлім жазасына кесілген Рысқұлбеков Қайрат пен Абдықұлов Мырзағұлды қосқанда). Сонда 7 адамды неге қоспаған. Жоғарғы соттың, Бас прокурордың берген жеңілдіктерімен босатылды деген 55 адамдар кімдер екені белгісіз. Сотталған 92 адамның бірде-біреуі Президенттің жарлығына дейін босатылған жоқ. Тіпті жергілікті сот, прокуратуралар Президентің жарлығының өзін орындамай желтоқсандықтарды жарты немесе бір жылдан кейін босатқан. Олардың моральдық, материалдық шығындарын қайтаруды дер кезінде қарамай желтоқсандықтарды сандалтып қойған сот орындары аз емес. Кейбіреуі аман-есен құтылғандарын олжа тұтып ол шығындары сұрауға батылдары бармағандары да жеткілікті.
Енді ол қырғын туралы, жастардың ерлігі туралы куәлар не дейді екен саған көшсек.
Көтерілісшілердің ішінде болған инспектор Абдибаев Б.Ж. (қай жерден екенін жазбапты) конституциялық сотқа былай жазыпты:
...Суықтан бозарып кеткен, баскиімсіз, жеңіл куртка киген жас бала айғайлап: Трибунада сөйлеп тұрғандарға сенбеңдер? Олар қазақтарды мазақтаушылар, орыстандыру саясатын ерекше жалынды түрде орындаушылар, бүкіл Отанымыздың жерін ядерлық қалдықтармен ластады, ана тіліндегі мектептерді жапты, ұлтымыз құрып бара жатыр» - деді. Оның жанында капитан Кализолин: «Всем своим жуликоватым видом показывает посвященным. Этот гад от меня не уйдет – выловлю, установлю, доложу» - деп тұрды. Түнде және кейінгі екі күн жаныңды түршіктіретін айғай, қорғансыз жас сәбилерді ұрып-соғып машиналарға лақтырып тиеп жатыр. Прожектордың жарығы көзді өртеп бара жатыр, иттер, темір таяқтар.
Алаңда, оперативтік жыйналыстарда Дастан Теміров өз қызметкерлерінен талап етті: ұрып-соққанды тоқтатыңдар. Бұл сендердің қолдарында ғай! Ол погранучилищенің подполковнигін қолынан ұстай алды. Подполковник жастарды желкесінен темір таяқпен бірінен кенін бірін ұрып жығып жан рахатына бөлініп жүрді.
Трибунаның астындағы үкімет бөлмесіне келіп, сонда отырған басшыларынан келіп тоқтатыңдар деп талап етті, сұрады, жалынды. Ал оған: «Олар өздері бастады ғой» - деген жауап алды.
Осы жағдайдан кейін Дастан Теміровті «психушка»ға жіберді. Ол ешкімге қастандық жасаған жоқ.
Дегенмен, Желтоқсан көтерілісіне қатысты түйіні шешіле қоймаған әлі бірнеше мәселенің бар екенін атап өту керек. Биыл бұл «оқиғаға» бақандай отыз жыл толады. Әділет салтанат құруы үшін аз уақыт емес. Өкінішке орай, тарихшы ғалымдар тарапынан да, мемлекет тарапынан да әлі күнге өзіне лайықты бағасын алған жоқ. Желтоқсан шындығы әлі күнге «жабулы қазан» күйінде қалып отыр. Бұл не деген сөз? Яғни бұл мәселеде қандай да бір кедергілер бар деген сөз…
Біріншіден, 1986 жылдың жел¬тоқ¬санында Алматы қаласында болған оқиға әлі күнге толыққанды бағасын алған жоқ. Негізгі қалыптасып қалған ұғым, ол – Желтоқсан оқиғасы. Ал бұл атау сол жылдары ресми бекітілгенін де ұмытпаған жөн. «Желтоқсан оқи¬ғасы» деген формулировка совет га¬зеттері мен партия құжаттарында су¬реттеледі. Кейінгі, ресми құжаттарда да осындай атау бекітілді. Мысалы, КСРО Ком¬мунистік Партиясы Орталық ко-митетінің 1990 жылғы 18 мамырдағы қаулысына байланысты қалыптас-тырылғаны өздеріңізге мәлім. Кеңес билігі әу баста Алматыда болған оқиғаларды «қазақ ұлт¬шылдығының көріністері» деп ба¬ғалады. Орталық Комитеттің қаулысынан соң ғана Алматыда болған жай¬ларды «Желтоқсан оқиғасы» деп аталып келеді. Ал шын мәнінде «оқиға» деген не? Негізі Желтоқсан көтерілісіне оқиға деп баға беру қазақтың азаттық жолындағы шешуші әрекеттерінің бірі және бірегейінің бағасын түсіретін сияқты. 2008 жылы жарық көрген Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «оқиғаға»: «Оқиға – болып өткен іс, елеулі құ¬былыс» деп баға берілген.
Сол себепті, бі¬реуіміз көтеріліс, біреуіміз оқиға деумен келеміз. Енді оқиғаға не себепті «кө¬теріліс» деп баға берген дұрыс дегенге тоқталса. Сөз жоқ, бұл жерде ең алдымен бұл ұғымның мәнін ашып алу керек. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «көтеріліс», «ереуіл», «қозғалыс» ұғым¬дары да түсіндіріледі.
«Көтеріліс – халық бұқарасының яки белгілі бір көпшілік топтың саяси, әлеуметтік мәні бар құралды күресі, қарулы ереуілі».
«Ереуіл – жаппай дүрлігушілік, дүр¬мек, екінші мағынасы – саяси, ұйым-дасқан түрде жұмысқа шықпай, бас кө¬терген қозғалыс».
«Қозғалыс – халықтың жаппай на¬разылығы».
Егер осы айтылғандардан өрбітсек, қозғалыс болу үшін халық жаппай на-разылық танытуы керек. Ереуіл де солай. Көтеріліс болу үшін қолда құрал, қару-жарақ болуы және ең бастысы, ұйымдастырушы мен басшы керек. Бұл жалпы қалыптасқан әдіс. Алайда, Альберт Эйнштейн институты «азаматтық көтеріліс» немесе «күш қолданбау кө¬те¬рілісі» деген ұғымдарды енгізді. Мұндай жағдайда көтеріліс жасаушылардың қол¬ға қару алуының да қажеті жоқ. Демек, Желтоқсан көтерілісін «Аза¬мат¬¬тық көтеріліс» немесе «Демок¬ра-тия¬лық қарсы шығу, толқу» деп те айтуға болады.
Екіншіден, зерттеушілер мен оқу¬лық авторлары да бірізділікке түсуі тиіс. Біз жас ұрпақты отансүйгіш етіп тәр¬биелейміз десек, желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтарды үлгі етеміз десек, алдымен көтеріліске дұрыс және ортақ баға берген абзал. Өкінішке орай, әзірге біз мұндай қадамға бара қойған жоқпыз.
Бұдан басқа желтоқсан көтерілісі төңірегіне келгенде әлі де болса самарқаулық пен салғырттыққа жол беріп келе жатқанымыз өтірік емес. Бір оқиғаның баяны, атауы, саны, салмағы әртүрлі кітаптарда әрқилы жазылып келеді. Ол аздай, Желтоқсанның болғанын жоққа шығару, тарихи маңызын бұрмалап, әлсіретіп көрсету сияқты екі ұдай іс-әрекеттер көбейіп кетті. Осы орайда біздің айтарымыз, қазір қазақтың тарихы ұлттық көзқараста жаңаша жазылуы керек деген талап қойылып, ұлттық тұрғыдан бағалау қолға алынып жатқанда, Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты әділетсіз бұрмаланған фактілер мен оқиғаларды қайтадан зердеден өткізіп, жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді қайта қарап, түзету енгізіп, сонан соң оның нақты саяси-құқықтық статусын анықтап, тарихи бағасын беру, желтоқсаншылардың мәртебесін анықтау секілді тағы басқа толып жатқан мәселелерде бір мәмілеге тоқталатын уақыт жетті. Олай болса, Желтоқсан-86-ның тарихын зерттеп, зерделеп қайта жазуда, ұлттық дүниетаным тұрғысынан жаңаша бағалауда бірінші кезекте мынадай мәселелер негізге алынып, ескерілуі тиіс.
Желтоқсан көтерілісін қорытып, қайта бағалауда бізде туындап отырған негізгі қиыншылық — «Желтоқсан оқиғасының» іргелі ғылыми деңгейде зерттелмей отырғандығы. Әрине, өз беттерінше тиіп-қашып зерттеп, мақалалар жазып жүрген тарихшы-ғалымдар бар, бірақ іргелі монографиялық зерттеулер әлі дүниеге келген жоқ деуге болады. Соның кесірінен Желтоқсанның статусын анықтап, тарихи бағасын беру мәселесінде кешеуілдеп келеміз. Желтоқсан көтерілісінің тарихы іргелі ғылыми нысанға айналуы керек деп мәселе қойып отырғанымыздың себебі де сол. Бұл — кезек күттірмейтін негізгі мәселе.
Ол үшін не істеу керек? Желтоқсан құбылысын зерттеп, ұлттық дүниетаным тұрғысынан жаңаша байлам жасап, бағалау үшін оған мемлекет өзі тапсырыс беруі керек. Басқаша түсіндіргенде, тарихшылар мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеуі тиіс. Әлемдік тәжірибеде мұның мысалдары жетіп артылады. Мысалы, Германияның, Францияның, Ресейдің тарихын қараңыз, бәрі академиялық тұрғыдан іргелі зерттелген, мемлекеттің тапсырысы негізде қорытылып жазылған. Яғни бұған қаржыны мемлекет бөлуі керек. Кез келген іргелі зерттеудің соңы қаржыға барып тіреледі. Қаржысыз үлкен, іргелі істер аяқталмай қалуы мүмкін. Тіпті, кеңестік кезеңде жазылған, мемлекеттік сыйлыққа ие болған 5 томдық тарихымыз да мемлекеттің қолдауымен дүниеге келген болатын. Бұл — бір.
Екіншіден, таяуда Алаш қозғалысының тарихына байланысты 5 томдық кітап жарық көрді. Авторлардың айтуынша, осы томдықтарды шығару оңай болмаған көрінеді. Кедергілер, қарсылықтар орын алыпты. Соның кесірінен оған көптеген тарихи маңызы бар құжаттар енбей қалса керек. Себебі оған кедергі келтіруші шолақ белсенділер көп болған. Сол сияқты Желтоқсан ақиқатын жазуға, құжаттарды жариялауға кедергі жасаушылардың да аз болмайтыны анық. Міне, осындай кедергілерге тойтарыс беру үшін мемлекеттің қолдауы керек-ақ. Егер бұл мәселеде мемлекет қолдау көрсетпесе, ақиқатты ашуға мүмкіндік жасамаса, зерттеушілерге мұрағатта жатқан құпия құжаттарға қол жеткізу де қиын. Ал, МҚК-нің мұрағатында Желтоқсан көтерілісіне қатысты көптің көзінен тасада жатқан құнды құжаттар мен қағаздар шаш етектен екендігінде күмән жоқ. Осы құпия материалдар зерттеушілердің қолына міндетті түрде түсуі керек. Содан кейін ғана «Желтоқсан оқиғасының» ісі егжей-тегжейлі зерттеледі, қорытылады, бағасы беріледі, ұлттық тарихымыздан өзінің тиісті орнын алады. Қысқасы, билік пен тарихшы ғалымдардың арасында өзара бірлестік, түсіністік, үйлесім болмай, іс оңға баспайды. Ендеше, ұлт тарихының бір іргелі бөлігі ретінде Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісін өз деңгейінде зерттеп, зерделеу үшін осындай мемлекеттік тапсырыс берілуі керек деп есептейміз.
Шын мәнінде, біздер кез келген мәселеге орыстардың көзімен қарап, бағалауға бейімделіп кеткен халықпыз. Бұл көзқарастың қалыптасып кеткені сондай, тіпті қазіргі сыртқы жағдайлар тұрмақ, ішкі мәселеміздің өзіне солтүстік көршіміздің көзімен үңіліп, талдау жасауға ыңғайланып тұрамыз. Неге? Себебі бізде ұлттық көз-қараспен қарап, талдау жасаудың методологиясы мен ғылыми негізі әлі қалыптаспаған. Бұл методология орыс тілінде жазылып, қазақ тілінде жазылмайтындығын білдіреді. Осылайша қазақ қоғамына деген көзқарас орыстілді ақпараттардың негізінде бағаланып, қалыптасады да, нәтижесінде қазақ қоғамына қатысты оңтайлы тұжырым жасалмай келеді. Қалай десек те, бұл мәжбүр сананы егіп, қалыптастырудағы орыс отаршыларының жемісті еңбегі екені даусыз. Қазір осынау құлдық санадан бірден бас тарту оңай болып отырған жоқ. Мысалы, орыс билігі 1986 жылғы Алматы желтоқсанында «ешқандай әскери күш, қару қолданылған жоқ, арандату, қорқыту, үркіту болған жоқ, адам құқы бұзылған жоқ, адам шығыны орын алған жоқ», тек «бұзақы тобырлар» мен «ұлтшыл элементтерді» «жуасыту» үшін талапқа сай амалдар қолданылды» деген сыңайда ойдан құрастырылған ақпараттар таратып, жалған тұжырымдар жасаған. Осындай тұжырым жасалған соң, әлем жұртшылығы арасында сондай кері тұжырым қалыптасты. Өкініштісі, Желтоқсан 86-ны көпшілік әлі күнге дейін осылай ұғынып, осылай бағалайды.
Желтоқсан көтерілісі дегенде есте болатын бір нәрсе – әлемді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған КСРО-ның ыдырауына тарихи тұрғыдан негізгі рөл атқарды. Яғни Желтоқсан көтерілісі Кеңес Одағы деп аталатын алып империяның ыдырауын жеделдеткен тарихи көтеріліс. Оны кейін 1991 жылы болған Ыстықкөл саммитінде М.С.Горбачевтің өзі мойындаған. Осы орайда, Желтоқсан құбылысын әлемдік деңгейге көтеріп, жұртшылықтың ниетін оған бұруда америкалық Хельсинки тобының еңбегі ерекше екенін айта кетуіміз керек. Бұл топ Алматы құбылысын «М.С.Горбачев билікке келгелі бері болған халық наразылығының ең бірінші және жойқын көрінісі», — деп, алғашқылардың бірі болып таныды. Сөйтіп, олар көтерілісті «тек Қазақстан ғана емес, бүкіл одақ көлеміндегі ірі тарихи құбылыс» деп атап көрсетіп, «бұл жаңа кезеңнің басталуы» деген баға беріп, мойындаған. Осылайша, Алматы желтоқсанының жаңғырығы Сумгайт, Баку, Тбилиси, Вильнюс құбылыстарына жалғанып, одақ желтоқсанына ұласты. Тіпті, республикалар ауқымынан шығып, еуразиялық сипат алды. Оның әсері әлемдік «Варшава блогына» кіретін социалистік елдердің бұдан былайғы жерде өздерінің саяси-экономикалық, әлеуметтік, ұлтаралық, сондай-ақ, шекаралық ахуалын қайта қарауына, бағалауына орасан ықпал жасады. Оның аяғы әлемдік социалистік формацияның түпкілікті күйреуіне алып келді. Бірақ, бір өкінішті жағдай, біздер Қазақстандағы Желтоқсан көтерілісінің байыбына бармай, ақиқатын ас беріп, шапан кигізу арқылы «шешіп» жүргенімізде, ЮНЕСКО 25 жылда бір шығаратын «Дүниежүзілік тарих» деп аталатын анықтамалықта: «КСРО-ның тоталитарлық жүйесіне тұңғыш рет қарсы шыққан демократиялық үрдістер Тбилиси мен Вильнюста бастау алған» деп жазып қойыпты. Бұған не деуге болады? Мұны қазақы жайбасарлық дейміз бе, әлде бейғамдық, немқұрайлық дейміз бе? Бәлкім, оның басқа сыры бар шығар? Қайткенде де ол жағы бізге беймәлім. Бізге мәлімі, шын мәнінде, КСРО-ның құлауына тұңғыш рет алғышарт жасаған Алматы желтоқсаны болатын. Мұны әлемдегі қоғамтанушы-ғалымдардың бәрі бірауыздан мойындайды. Ендеше, «Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйеге тұңғыш демократиялық қарсылық 1986 жылы желтоқсанда Қазақ елінде, Алматы қаласында басталды» деп түзетіп жазуға күш салуымыз керек. Жазғанда, «әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы шығу» деген сөзді «Ресей-КСРО отаршылдығына қарсы шығу» деп түзетіп жазуымыз керек деген ой бар.
Тарих – халықтың зердесі. Зердені жалған деректермен, өтірік ақпаратпен бұрмалап, халықты адастыруға болмайды. Зерде бүлінеді, сана сүрінеді, жад былғанады. Жад былғанса, халық мәңгүрттенеді. Мәңгүрт халық – болашағы жоқ халық. Айтайын дегеніміз — Желтоқсан ақиқатын әртүрлі саяси амбицияның, жеке бас ойындарының «құралына» пайдаланып, бұрмалауға жол берілмеу керек. Ұлт тарихын ұлықтап, кешегіні бүгінгінің биігінен зерделеу кезінде ертең өкініш болмауы үшін біздің де әлемдік озық әдістемелік үлгілерге иек артқанымыз жөн.
1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» СССР жетекшілігіне Михаил Горбачев тағайындалып, Мәскеу «қайта құру» мен «жариялылық» саясатын ұстана бастаған кезеңдегі одақ көлемінде болған алғашқы саяси демонстрациялардың бірі ретінде тарихта қалды.
Біз қазір өз еркіміз өзіміздің қолдағы, ешкімнің алдында есеп бермейтін, әлем мойындаған тәуелсіз мемлекетпіз. Олай болса кез келген тарихи құбылысқа, соның ішінде Желтоқсан-86 көтерілісіне де тәуелсіз сана тұрғысынан қарап, ұлттық дүниетаным тұрғысынан таразылап, төл методологиялық көзқараста саралап, тарихи әділдік тұрғысынан бағалап, жазуды талап етеміз.
Желтоқсан қозғалысы үш күнмен шектелмейді. Бұл бүкіл халықтың рухани өміріне әсер етті. Ұлттық сананы қалыптастырып, ұлттық рухты өсірді. Әлі де зерттеушілер қозғалыстың түпкі қайнарын, оның маңызын, әсерін, жалпыұлттық дәрежеде қарауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет