1.Тақырып №2. Компьютер орталығының жарықтануына, жылуына, ауа ортасына, желдетуіне, микроклиматына қойылатын талаптардың ерекшеліктері.
2. Сабақтың мақсаты: Компьютер орталықтарындағы жұмысшылардың еңбек жағдайынын жақсарту, қажуды төмендету, еңбекке қабілеттілігін жоғарлату және денсулығын сақтауда қойылатын талаптарды орындау сұрақтарын іске асыру бойынша білімді және іскерлікті дұрыс құрастыру.
3.Оқытудың міндеттері.
компъютер орталықтарының ерекшеліктерін бағалау бойынша білімді және іскерлікті қалыптастыру;
компьютер орталықтарындағы еңбек жағдайының ерекшеліктерін бағалау білімділігін қалыптастыру;
компьютер орталығының жарықтануына, жылуына, ауа ортасына, желдетуіне, микроклиматына қойылатын талаптардың ерекшеліктерін бағалау бойынша білімді және іскерлікті қалыптастыру;
осы саладағы қызметкерлердің аурушаңдық көрсеткіштерін бағалау білімдерін және ептілікті қалыптастыру;
сауықтыру шараларына кешенді жоспар құрастыруда дағды қалыптастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |