Қазақстан Республикасының №193-iv 2009 жыл 18 қыркүйектегі «Денсаулықты қорғау жүйесі және тұрғындардың денсаулығы туралы» кодексі



бет60/174
Дата06.02.2022
өлшемі412,86 Kb.
#76362
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   174
1. Тақырып № 2: Орташа ауысымдық ШРЕКтің бұзылмауын бақылау.
2.Сабақтың мақсаты: Гигиеналық регламенттер өңдеу процесстерiмен, ШРЕК өңдеу қағидаларымен таныстыру және бiлiмдерін қалыптастыру.
3.Оқытудың міндеттері.
Зиянды заттардың барынша мүмкiн концентрациясын өндеу, шығару және дағды қалыптастыру, ШРЕК дәйектемесiн жасауда қор коэффициентiн және зиянды заттардың бағдарланған қауiпсiз деңгейлерiн есептеу.
4.Өткізу формасы: (дискуссия, кейс-стади), ситуациялық есептер, ауызша сұрау.
5.Тақырып бойынша тапсырма.
Сабақ сұрақтарын талқылау және орындау. Ситуациялық есептерді шешу.
6.Тарату материалы: Кәсіпорындар үшін санитарлық нормалар мен ережелер (ДМ ҚР, № ДМ,ҚР №1.04.042-94).
7.Әдебиеттер.
Негізгі

    1. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оқу құралы. – Тоғызбаева Қ.Қ. Алматы. – 2010. – 161-185 б.

    2. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Оқулық. Москва, 2008.- 432-443 б.

    3. Гигиена. Кенесариев У.И., Тоғызбаева Қ.Қ. және т.б., Оқулық. Алматы. 2010 г.- 520-521 б.

Қосымша

    1. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда (под ред. В.Ф. Кириллова) – М., 2001.- 189-215 б.

    2. ПДК вредных веществ в воздухе рабочей смены. №1 – 02.011 –94, МЗ РК

    3. ГОСТ12.00583:общие санитарно-гигиенические требования к воздуху рабочей зоны.

8. Тексеру (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
Сұрақтар

  1. Гигиеналық нормалаудың негiзгi қағидалары

  2. Барынша мүмкiн концентрация

  3. Тері жабындыларының зиянды заттармен ластануының барынша мүмкiн деңгейі

  4. Әсердiң шамамен қауiпсiз деңгейi

  5. Нормативтерді қалыптастыру кезеңдерi

  6. Зиянды заттардың бағдарланған қауiпсiз деңгейiн анықтау

  7. ШРЕКтің дәйектемесi

  8. Орташа ауысымды және барынша бiр реттік концентрациялар

  9. Максималды бiр реттік ШРЕК мөлшері



Ситуациялық есептер.
Есеп №1. Лабораторияға ауыл шаруашылығында пестицид ретiнде қолданылатын қайта синтез жасалған зат түстi. Бұл заттың улылығын зерттегенде орташа өлiм доза (ДL50 ) асқазан арқылы түссе 500 мг\кг тең екендігі анықталған. Осы заттар организмге өкпе арқылы аэрозоль түрінде түседi.
Тапсырма:
1) ПДК=00008 де ДL50 формуласы бойынша пестицид үшiн ШРЕКті есептеңiз;
2) заттың қауiп-қатер сыныбын анықтаңыз;
3) осы пестицидтермен жұмыс iстегенде жүргізілетін сауықтыру шаралар кешенiн көрсетiңiз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет