Ситуациялық есептер. Есеп №1. Тұрғын поселкеден 300м қашықтыққа пестицидтердің негізгі қоймасы ЖШС «Өнім» орналасқан. Тексеру күніне онда 100т көлемінде химикаттар сақталған. Барлық пестицидтер аттар бойынша ажыратусыз бір бөлмеге жиналынды. Бөлме тек табиғи желдетілу арқылы ғана желдетіледі. Қоймада жарықтандыру КЕО-0.1 20лк құрайды. Қоймада ауа қозғалысының жылдамдығы 0.2 м/с құрады. Қойма бөлмелерін жинау залалсыздандыратын және газсыздандыратын құралдарды қолданусыз бір рет рет жүргізілді. Қоймада пестицидтер салынған қаптарды 20 м дейін қашықтыққа екеулеп көтеру арқылы тасмалдау негізінен әйелдерге жүктелген.. Қоймада пестицидтермен жұмыс жасудың тікелей уақыты 7 сағатты құрайды.
Тапсырма :
А) СЗС таңдауының дұрыстығын анықтаңыз;
Б) Осы қоймада пестицидтердің сақталу рұқсатын анықтаңыз;
В) Қойманың гигиеналық параметрлерінің санитарлық нормаларға сәйкестігін анықтаңыз;
Г) Әйелдердің ауырлықты тасымалдауға рұқсат шегін анықтаңыз.