«Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, сондай-ақ Жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (келісім бойынша) – Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі – Стратегия) іске асырылуы бойынша;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша Жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (келісім бойынша) есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шараларына жүргізілген мониторинг және олардың орындалуын бағалау туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі есепті жылдан кейінгі 10 наурыздан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне:
1) жылдың қорытындысы бойынша, есепті жылдан кейінгі 15 наурыздан кешіктірмей Жоспардың Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін;
2) жылдың қорытындысы бойынша, есепті жылдан кейінгі 25 наурыздан кешіктірмей Жоспардың көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
6. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Р/с
№
|
Іс-шараның атауы
|
Аяқтау нысаны
|
Орындауға жауаптылар
|
Орындау мерзімдері
|
Болжанатын шығыстар (мың теңге)
|
Қаржыландыру көздері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
|
Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
|
1.
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері мен мемлекеттік қызметтер көрсетуге қажетті құжаттар тізбесін қысқарту:
- ұйымдарды энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеу (8 құжаттан 7-ге дейін);
- электр зертханаларын аккредиттеу (7 құжаттан 6-ға дейін)
|
бұйрық
|
ЭМ
|
2015 жылғы 2-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
2.
|
«Қазақстан Республикасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау» автоматтандырылған көп функционалды ақпараттық-коммуникативтік жүйесін енгізу мәселесін пысықтау
|
инвестициялық ұсыныс
|
ҰЭМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар
|
2015 жылғы 3-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
3.
|
Мемлекеттік органдар қызметінің бағаланатын бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша олар қабылдап жатқан шараларды қосу мәселесін пысықтау
|
ПӘ-ге ақпарат
|
МҚІСҚА (келісім бойынша, жинақтау), мемлекеттік органдар
|
2015 жылғы қыркүйек
|
талап етілмейді
|
|
4.
|
Тарифтерді бекіту тәртібі мен табиғи монополияларды реттеу бойынша өзге де мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді оңтайландыру (отыз нормативтік құқықтық акті және жиырма әдістеме)
|
нормативтік құқықтық актілер
|
ҰЭМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар
|
2015 жылғы 3-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
5.
|
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
|
интернет-ресурстарда тараулар
|
МҚІСҚА (келісім бойынша, жинақтау), мемлекеттік органдар, ЖАО
|
2015 – 2017 жылдардағы 4-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
6.
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу, оның шеңберінде:
1) әскери полиция органдарының Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар әскери қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтауына тексеру жүргізу процесін регламенттеу;
2) тізбесін мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітетін лауазымдарға тағайындалатын әскери қызметшілерге қатысты психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді қолдана отырып, арнайы тексеру жүргізуді көздеу;
3) азаматтардың Қорғанысмині «Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына оқуға түсуге арналған өтініштерін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылдауды, сондай-ақ түсу кезінде медициналық комиссиядан өтуді тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына беруді көздеу;
4) мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру және орналастыру рәсімін қайта қарау:
5) қару-жарақ пен әскери техниканы тікелей өндірушілерден немесе оларды жеткізу (сату) жөніндегі уәкілетті ұйымдардан импорттау мәселесін пысықтау
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Қорғанысмині (жинақтау), МҚІСҚА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар
|
2015 жылғы 4-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
7.
|
«Мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметтерін ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша құжаттарды қабылдау және беру функцияларын Халыққа қызмет көрсету орталықтарына беру
|
ҰЭМ-ге ұсыныс
|
ІІМ
|
2015 жылғы 4-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
8.
|
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
МҚІСҚА (келісім бойынша, жинақтау), Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар, «Нұр Отан» партиясы (келісім бойынша)
|
2015 жылғы 4-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
9.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қатарынан мемлекеттік, оның ішінде құқық қорғау органдарында мүдделер қақтығысы және этика бойынша кеңесшілер институтын енгізу мәселесін пысықтау
|
ПӘ-ге ұсыныстар
|
МҚІСҚА (келісім бойынша, жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар
|
2015 жылғы 4-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
10.
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға берілетін ақшалай сыйақы мөлшерін өтелген залал мөлшерінен пайыздық арақатынаста қайта қараудың орындылығы мәселесін пысықтау
|
ПӘ-ге ақпарат
|
МҚІСҚА (келісім бойынша, жинақтау), Қаржымині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар
|
2016 жылғы 1-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
11.
|
Шекаралық бақылау бөлімшелерінің, ішкі істер органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының кеден қызметінің қызметкерлері үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтау нормаларын әзірлеу және бекіту
|
бұйрықтар
|
ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, Қаржымині, ҰЭМ, ЖАО
|
2016 жылғы 1-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
12.
|
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құжаттарды қабылдау және беру функцияларын халыққа қызмет көрсету орталықтарына беру
|
ҰЭМ-ге ұсыныстар
|
ИДМ
|
2016 жылғы 2-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
13.
|
Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалармен байланысын шектеу мақсатында салықтық және кедендік әкімшілендіру процестерін автоматтандыру
|
орындалған жұмыстар актілері
|
Қаржымині
|
2016 жылғы 2-тоқсан
|
талап етіледі
|
шығыстар тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады
|
14.
|
Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына құжаттарды қабылдау процесін автоматтандыру мәселесін пысықтау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар
|
БҒМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ЖАО
|
2016 жылғы 2-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
15.
|
Мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, жеке және заңды тұлғалардың есептілікті және ақпаратты монополияға қарсы органға ұсынуын электрондық нысанға көшіру туралы мәселені пысықтау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар
|
ҰЭМ
|
2016 жылғы 2-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
16.
|
Мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор объектілерінің сатып алу туралы деректерінің негізінде мемлекеттік сатып алу шеңберінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бағаларының шашыраңқылығын болдырмайтын «Электрондық мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесінің бағалар модулін пысықтау
|
орындалған жұмыстар актілері
|
Қаржымині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар
|
2016 жылғы 4-тоқсан
|
талап етіледі
|
шығыстар тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады
|
17.
|
Тарифтік сметаны, тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін бекіту кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің өтініміне қоса берілетін құжаттар тізбесін қысқарту (отыздан жиырмаға дейін)
|
нормативтік құқықтық актілер
|
ҰЭМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар
|
2016 жылғы 4-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
18.
|
Кәсіпкерлерге жануарлардан алынған өнімдердің (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ ара шаруашылығының өнімдері) қауіпсіздігін растайтын құжатты (өнімнің түрін, санын, иесінің Т.А.Ә., межелі объектісін көрсете отырып, сараптама актісінің телқұжаты) базарларда жұмыс істейтін ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларынан тікелей алуға мүмкіндік беру арқылы жеке және коммуналдық базарлардың қызметіндегі әкімшілік кедергілерді алып тастау
|
бұйрық
|
АШМ (жинақтау), мемлекеттік органдар, ЖАО
|
2016 жылғы 4-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
19.
|
Ұқсас қызметтерді көрсету кезінде жосықсыз өнім берушілер деп танылған тұлғалардың орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуына тыйым салуды енгізу, сондай-ақ осындай тұлғалардың бірыңғай республикалық тізілімін қалыптастыру
|
нормативтік құқықтық акт
|
БҒМ (жинақтау), Қаржымині
|
2016 жылғы 4-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
20.
|
Жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін кезең-кезеңмен декларациялауды, оның ішінде жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi және оған теңестiрiлген адамдардың, сондай-ақ олардың жұбайларының жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін сатып алуға жұмсаған шығыстар көздерін декларациялауды енгізу мәселесін пысықтау
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Қаржымині
|
2016 жылғы 4-тоқсан
|
талап етіледі
|
республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде
|
21.
|
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін реставрациялау-қалпына келтіру жұмыстарына сметалық нормалар мен бір реттік бағалар нормативтерін әзірлеу
|
жинақ
|
МСМ
|
2017 жылғы 1-тоқсан
|
талап етіледі
|
республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде
|
22.
|
Кәсіпкерлер үшін есептіліктің, анықтамалардың, хабарламалардың (салықтық және статистикалық есептілікті қоспағанда) жаңа түрлерін енгізуді жүйелендіруге, оңтайландыруға және шектеуге бағытталған ақпараттық құралдарды жаңғыртуды жүргізу
|
заң жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа шығару және қарау
|
ҰЭМ (жинақтау), Әділетмині, мемлекеттік органдар
|
2017 жылғы 2-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
23.
|
Тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу тәртібін әзірлеу мәселесін пысықтау
|
МҚІСҚА-ға ақпарат
|
МСМ
|
2017 жылғы 2-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
24.
|
Мыналарды:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар және бағдарламалар бойынша гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға қатысуға өтінімдер беру процесін;
2) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды және олардың орындалуы бойынша есептерді мемлекеттік есепке алуды;
3) ғылым саласындағы сыйлықтар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар тағайындауға арналған құжаттарды беру процесін автоматтандыру
|
пайдалануға беру актілері
|
БҒМ
|
2017 жылғы 4-тоқсан
|
талап етіледі
|
республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде
|
25.
|
Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру, жүзеге асыру және нәтижелерін есепке алу мәселелерін автоматтандыру және кейін бірыңғай ақпараттық тұғырнамада ықпалдастыру
|
бұйрық
|
БП (келісім бойынша, жинақтау), ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар
|
2017 жылғы 4-тоқсан
|
талап етіледі
|
республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде
|
Қоғамдық бақылау институтын енгізу
|
26.
|
БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жарияланымдарға конкурстар өткізу
|
конкурстар
|
МҚІСҚА (келісім бойынша, жинақтау), ИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар
|
жыл сайын
|
талап етіледі
|
республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде
|
27.
|
Жоғары білім беру орындарында білім беру гранттарын беру жөніндегі комиссияға азаматтық қоғам институттарының өкілдерін енгізу
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
БҒМ
|
2015 жылғы 2-тоқсан
|
талап етілмейді
|
|
28.
|
|