Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Компаниялар үшін кешенді экологиялық рұқсаттарды енгізу» бастамасы



бет77/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

5.20 «Компаниялар үшін кешенді экологиялық рұқсаттарды енгізу» бастамасы.
Санитарлық қорғау аймақтары шекарасында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануын нормалауға негізделген, кәсіпорындардың ықпалын экологиялық реттеудің қолданыстағы жүйесінің орнына ең жақсы қолжетімді технологияларды қолдануға негізделген кешенді экологиялық рұқсаттар беру жүйесі зерделенеді және енгізіледі.
5.21 «Кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін бағалау процесін өзгерту» бастамасы. ШОБ кәсіпорындарының экологиялық сауатты басқару шешімдерін қабылдауы үшін қоршаған ортаның жағдайына және халықтың денсаулығына кез келген шаруашылық қызметі әсерінің сипатын, белсенділігін және тәуекелдік дәрежесін анықтау процесі қоршаған ортаға әсер етуді бағалау процесіне өзгертілетін болады.
5.22 «Қоршаған ортаны қорғау саясатын белсенді ілгерілету» бастамасы. Жарияланымдар, қағидалар мен қағидаттарды түсіндіре отырып, реттеуіш пен компаниялар арасында тікелей байланыс, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктер үшін салалық наградаларды табыстау арқылы «жасыл» саясатты кеңінен ілгерілетуге назар аударылатын болады.


Күтілетін нәтижелер
Жергілікті жерлерде мүмкіндіктерді кеңейту, өңірлік мемлекеттік аппараттар қызметкерлерінің ынтасын күшейту, бизнесті жүргізудің жеңілдігін арттыру мен еңбек ресурстарының ағыны мен одан әрі урбандалу (60% дейін) үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету есебінен өңірлердің арасындағы ЖӨӨ бойынша айырмашылық 2,7 белгісіне дейін төмендейді (ЖӨӨ көрсеткіштері ең жоғарғы сегіз өңір бойынша орташа мәннің көрсеткіштері ең төменгі сегіз өңір бойынша орташа мәнге қатынасы) және өңірлердің теңгерімді экономикалық өсуі қамтамасыз етілетін болады.
Әсіресе салыстырмалы түрде алғанда даму әлеуеті төмен өңірлерде өмір сүрудің базалық сапасын ұстап тұру БҰҰ-ның адам дамуы индексіндегі Қазақстанның позициясын 56-дан 40-қа дейін көтеру, өмір сүру ұзақтығын
75 жасқа дейін ұлғайту, нәрестелер өлімін төмендету (1000 тірі туған нәрестеге сәйкесінше 7,2-ге дейін), мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен 1-ден
6 жасқа дейінгі балалардың 80%-ын қамту сияқты өлшемдерде көрініс табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет