Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Экологиялық ахуалды жақсарту» міндеті



бет76/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

«Экологиялық ахуалды жақсарту» міндеті
Қазақстанның экологиялық стандарттарын, оның ішінде өнеркәсіп орындары мен автокөліктің атмосфераға шығарындыларының көрсеткіштері бойынша дамыған елдердің деңгейіне дейін көтеру қажет.
5.17 «Экологиялық стандарттарды қайта қарау» бастамасы. Экологиялық заңнаманы жетілдіру мақсатында қолданыстағы қоршаған ортаға әсерді бағалау жүйесі, табиғат пайдаланушылардың эмиссияларды төмендетуге ынталандыру, шығарындарды нормалау принциптерін жетілдіру, сондай-ақ экологиялық реттеудің прогрессивті тетіктерін енгізу қайта қаралады. Халықаралық тәжірибе мен техникалық және экономикалық мүмкіндіктердің негізінде Қазақстанның экологиялық стандарты қайта қаралады.
5.18 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату саласын дамыту» бастамасы. ЭДЫҰ елдерінің алдыңғы қатарлы практикасын есепке ала отырып, «құрғақ» және «дымқыл» және басқа түрлері қағидаты бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды (бұдан әрі – ТҚҚ) бөлек жинауды; қоқыс шығаратын компаниялардың пресс-компакторы бар сұрыптау желілерін орнатуын, қайталама өнім, энергетикалық ресурстар (биогаз, электр қуаты), компост алуды, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша объектілерді салуды қамтитын ТҚҚ кәдеге жарату жөніндегі жүйелі шаралар қабылданатын болады.
ТҚҚ кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша шағын және орта бизнестегі өндірістерді дамыту үшін жағдай жасалады, өңірлер ішінде және арасында қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар арасында ынтымақтастық орнатылады. Халықтың экологиялық жағдай жөнінде хабардар болуын арттыру жөнінде ақпараттық шара ұйымдастырылады.
ТҚҚ жоюдың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын енгізуде өңірлердің прогресіне мониторинг жүргізетін нақты өлшемдер және сапалық индикаторлар әзірленетін болады.
5.19 «Ластаушы төлейді» қағидатын енгізу» бастамасы. Қоршаған орта ластануын болдырмау үшін кәсіпорын тарапынан қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеуді көздейтін «ластаушы төлейді» қағидатын іске асыру бойынша ең үздік халықаралық тәжірибе зерделеніп, қабылданатын болады. Бұл кәсіпорындарды ластаушы заттар эмиссиясын төмендетуге ынталандырады, қоршаған ортаны қорғау шараларына инвестиция салуға, сондай-ақ жазалаулар мен айыппұлдарды мемлекеттің мәжбүрлеу тетігі ретінде шектен шыққан жағдайларда ғана пайдалануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет