,
Кіріспе «Инклюзивті білім беру» курсы педагог мамандығына дайындау жүйесінде маңызды орын алады және де негізгі арнайы пәндердің бірі болып саналады. Кемістіктері бар балалардың психикалық даму ерекшеліктері құрылымының негізгі принциптерін меңгеру, танымдық процестерді жетілдіру мен проблемалары, оларды арнайы әдістемелер бойынша оқыту жөнінде білімі болу болашақ маман мұғалім үшін керекті білім.
Пәннің мақсаты - инклюзивті білім берудің қағидалары және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру, инклюзивті білім берудің құқықтық нормативтік қамтамасыздандыруда кездесіп отырған кедергілерін жою, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық педагогикалық қолдауға байланысты заманауи модельдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
білім алушыларға инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздерін ұғындыру;
инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру;
инклюзивті тәжірибе жағдайында білім беру ұйымдарының әдістемелік, басқару жұмыстарымен таныстыру;
инклюзивті білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу ерекшеліктерін ұғындыру.
инклюзивті білім беру ұйымдарындағы білім беру процесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу ерекшеліктерін ұғындыру;
инклюзивті білім беру ұйымдарындағы білім беру процесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу ерекшеліктерін ұғындыру;
курс бойынша теориялық және практикалық материалдарды қабылдау және түсінуге қажетті негізгі ұғымдық аппаратын меңгерту.
Басқа пәндермен байланысы: «Педагогика», «Психология», «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі».
Пререквизиттер: «Философия», «Педагогика», «Мамандыққа кіріспе», «Әлеуметтану және саясаттану, «Құқық негіздері»
Постреквизиттер: «Пән мен тілді біріктіре оқыту», «Бағалаудың өлшемдік технологиялары», «Білім берудегі менеджмент», «Биология курсын инновациялық әдістермен оқыту» пәндерді игеру үшін негізгі қызметті атқарады.
Пәннің оқыту нәтижелері: Білу және түсіну: қазіргі білім беру (коррекциялық) мекемелер жүйесі мен арнайы оқытуды ұйымдастыру формалар және педагогикалық жүйелер туралы бағдар беру Қолдану: -халықаралық және отандық құқықтық құжаттарда, арнайы білім беру мекелердін қызметін реттейтін құжаттарды қолдану. Инклюзивті білім берудің қалыптасу тарихын және мүмкіндік тері шектеулі балаларды тәрбиелеу. Талдау: мүмкіндіктері шектеулі түлғалар дың білім алуда ерекше қажеттілік тері және арнайы білім беруде педагогика қызметінің мазмұны туралы түсініктерді талдай білу; Синтез: ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеудің жалпы теоретикалық негіздерін жіктей білу; Бағалау: Мүмкіндгі шектеулі балаларды әлеуметтіқ, медициналық,, педагогикалық түзеу арқы лы қолдау және бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |