Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтаудың бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі Бақылау мәселелері



Дата11.02.2018
өлшемі187,25 Kb.
#37461


Сыртқы мемлекеттік қаржылық

бақылау жүргізудің

бағдарламаларын әзірлеу

жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға

№6 қосымша
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтаудың бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі
Бақылау мәселелері

1. Бұрынғы бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою үшін бақылау объектісінің қабылдаған шаралары.

2. Тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген жоспарланған соманы қоса алғанда бір бірлік үшін бағаны, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілі мен мерзімін, тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімі мен орнын қамтитын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының бар-жоғы, оны бекіту мерзімінің сақталуы.

3. Уәкілетті органға жылдық жоспарды ұсынудлың уақтылылығы, жылдық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жоспарын уәкілетті органға ұсыну.

4. Заңның 4-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың бекітілген немесе нақтыланған жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу оқиғалары орын алды ма.

5. Жоспарлы көрсеткіштермен салыстырғанда тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алудың нақты деректері, мемлекеттік сатып алу жоспарын орындаудан ауытқудың себептерін талдау.

6. Заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес, өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін осы Заңның нормаларын қолданбастан жүзеге асырылған мемлекеттік алу.

7. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбестен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу фактілері.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтау тәртібінің сақталуы.

9. Өткізілген мемлекеттік сатып алуға ықтималды өнім берушілердің қатысу заңдылығы, мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулердің сақталуы.

10. Заңның 16-бабына сәйкес, (ашық не жабық) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

11. Мынадай негізгі талаптарды қамтитын бекітілген конкурстық құжаттаманың бар-жоғы:

1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;

2) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық өзіндік ерекшелікті қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен олардан талап етілетін техникалық, сапалық және эксплуатациялық сипаттамалары, ал қажет болған жағдайда норматвитік-техникалық құжаттаманы көрсету;

3) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауардың саны, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің көлемі;

4) тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің орны;

5) тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілген мерзімі, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;

6) төлем талаптары және елеулі шарттары көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;

7) негізінде конкурс жеңімпазы анықталатын бағадан басқа өлшемдер, соның ішінде осындай өлшемдердің әрқайсысының салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеудің әдістемесі;

8) конкурстық баға ұсынысының мазмұны, соның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасынан басқа, оларды тасымалдауға және сақтандыруға, кеден баждарын, салықтар мен алымдарды төлеуге жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды көрсету;

9) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізудің шарттары, мазмұны және түрлері;

10) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізудің шарттары, түрлері, көлемі және тәсілі;

11) конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер.

12. Негізгі (белгіленген) жабдықтарды қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін, тауарды лизингке беру жөнінде қызметтер көрсетушіні айқындау және лизинг нысанасын толық сипаттау қажеттігінің туындауы үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өндірістік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтемелердің болуына жол берілгенін анықтау.

13. Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтердің бар-жоғы.

14. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау және отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай критерийлер көзделген бе:

1) әлеуетті өнім берушіде:

- өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;

- Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес отандық тауар өндірушілер үшін ұсынылатын тауарларды ерікті түрде сертификаттауды растайтын құжаттың;

 - ұлттық стандарт талаптарына сәйкес сапаның сертификатталған менеджмент жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);

 - ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың бар-жоғы;

   2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығыстар.

15. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін конкурстық комиссияның ашып қарауы тәртібінің сақталуы.

16. Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігі.

17. Заңның конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы 18-бабының талаптарының сақталуы.

18. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалмен жүгіну фактілері және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының берген жауаптарының негізділігі.

19. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу, оларды ашудың қорытындысы бойынша хаттама толтыру жөніндегі талаптардың сақталуы, әлеуетті өнім берушілерге хаттаманың уақтылы ұсынылуы не тапсырыс берушінің веб-сайтында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған қол қойылған конверттерді ашу хаттамасы мәтінінің орналастырылуы.

20. Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабына сәйкес негіздер бойынша біліктілік талаптарына сай келмейді деп тану.

21. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі.

22. Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қамтамасыз етудің тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде болуы.

23. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде болуы.

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қабылдаудан бас тартудың негізділігі, конкурсқа қатысуға рұқсат беру. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдеу.

25. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қараудың қорытындысы бойынша біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтаудың негізділігі.

26. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыруды жүргізу тәртібінің сақталуы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы ресімдеу.

27. Электрондық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, бағалау, салыстыру және жеңімпазды анықтау, қорытынды хаттаманы веб-порталда жариялау.

28. Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін өлшемдердің саллыстырмалы мәндерін конкурстық комиссияның қолдану дұрыстығы.

29. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өтпеген деп тану оқиғаларының бар-жоғы.

30. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып:

1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігін толық тұжырымдау әрі олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келіссөз жүргізу, зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер жүргізу немесе әзірлемелер жасау қажет болған жағдайда конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу тәртібінің сақталуы.

31. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін қолданудың негізіділігі.

32. Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

33. Тапсырыс берушінің интернет-ресурсында Своевременность размещения на интернет - ресурсе Заказчика информации:

1) мемлекеттік сатып алуға бөлінген сомаларды көрсете отырып, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;

 2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (техникалық талаптарын көрсете отырып);

3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің орны;

 4) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері;

  5) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ұсынуының басталу және аяқталу мерзімі туралы;

6) елеулі талаптары, соның ішінде техникалық талаптары көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы.

34. Мемлекеттік сатып алу интернет-ресурсы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын автоматты түрде ашу және шығару.

35. Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу интернет-ресурсы арқылы баға ұсыныстарын қабылдаудан бас тарту негіздерінің бар-жоғы.

36. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын оларды шығарғаннан кейін мемлекеттік сатып алу интернет-ресурсында жариялау.

37. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өтпеген деп тануға негіздердің бар-жоғы.

38. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы шарт жасасудың уақтылылығы.

39. Бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін қолданудың негізділігі.

40. Әлеуеті өнім берушінің бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде біліктілік талаптарына сәйкестігі.

41. Мыналарды:

1) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесін;

2) бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасын;

3) әлеуетті өнім берушінiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәліметті;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жерін және осындай шарттың бағасын көрсете отырып, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы ресімдеу (Заңның 32-бабы).

42. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізділігі.

43. Мынадай негізгі ақпаратты:

1) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, ал қажет болғанда нормативтiк-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң сипаты мен талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын;

2) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың санын, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемiн;

3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орнын;

4) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң сапасына кепiлдiк беруді;

6) төлем шарттарын және елеулi талаптарын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын;

7) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес аукционға қатысуға өтiнiмдер, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын және табыс етiлетiн тiлге қойылатын талаптарды;

8)  аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етудi енгiзудiң талаптары мен оның мөлшерін;

9) әлеуетті өнім берушінiң аукционға қатысуға өз өтiнiмiн берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн оны өзгерту немесе керi қайтарып алу құқығын көрсетуді;

10) аукционға қатысуға өтiнiмді табыс ету тәртiбiн және аукционға қатысуға өтiнiмнің талап етiлетiн қолданыс мерзiмiн;

11) аукционға қатысуға өтiнiмдерді табыс ету мерзімі аяқталатын күн мен уақытты;

12) аукционға қатысуға өтiнiмдерді ашу, қарау, аукционның бастапқы (ең жоғары) бағасын төмендету рәсiмдерiнiң сипатын;

13) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгізудің талаптарын, түрлерiн, көлемiн және тәсiлiн;

14) аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтi сатып алу үшін бөлiнген сома туралы мәлiметтерді;

15) аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу үшін бөлiнген соманы төмендету шамасын (ақшалай мәндегі аукцион адымы);

16) аукционға қатысуға өтiнiмдерді қарау мерзімі аяқталатын күнді;

17) аукцион өткізілетін күн мен уақытты қамтитын аукциондық құжаттаманың бар-жоғы.

44. Мемлекеттiк сатып алуды негiзгi (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшiн жүзеге асыруды қоспағанда, аукциондық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтiң жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сілтемелердің бар-жоғы.

45. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды интернет-ресурста орналастырудың уақтылылығы.

46.  Аукционға қатысуға:

1) тауарды мемлекеттік сатып алу кезінде - сатып алынатын тауардың сипаты мен ұсынылып отырған техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;

2) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде - әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада көзделген талаптарға сәйкес жұмысты орындауға, қызметті көрсетуге келісімі;

3) аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотында не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотта орналастырылатын кепілдікті ақшалай жарна түрінде енгізген жағдайда, кепілдікті ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;

4) осы |Заңның 8-бабында көзделген біліктілік талаптарына әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді қамтитын өтінімді ұсыну.

47. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс етудің соңғы мерзiмi өткеннен кейiн өтінімге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу, сол сияқты оны керi қайтару оқиғалары орын алды ма.

48. Аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз ету мөлшерінің электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін аукционға бөлінген соманың бір пайызына сәйкестігі.

49. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді қайтармайтын талаптардың сақталуы. Қайтарылмаған жағдайда аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз ету сомасын тиісті бюджеттің кірісіне аудару.

50. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді қайтаруының уақтылылығы мен оның талаптарының сақталуы.

51. Аукционға қатысуға өтiнiмнің бірінші бөлігін ашу және қарау (аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі мәніне), аукционға қатысуға рұқсат беру.

52. Аукционды өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргізу.

53. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігінің аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің белгіленген аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі мәнін қарау.

54. Тауарларды мемлекеттік сатып алуды тауар биржалары арқылы жүзеге асыру, биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алудың көлеміне назар аудару.

55. Заңның 37-бабына сәйкес мемлекетік сатып алудың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасудың уақтылылығы.

56. Жобаға не жасасқан шартқа Заңның 39-бабында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы өзгерістер енгізу.

57. Бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілермен қолданысы бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу кезінде Заңның 37-бабының 5-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларының сақталуы.

58. Жұмыстарды нақты орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу, олардың сандық және сапалық сипаттамаларының конкурстық құжаттаманың және жасасқан шарттың талаптарына сәйкестігі (қажет болған жағдайда үстеме бақылау өткізіледі).

59. Тараптардың мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша қабылданған міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің бар-жоғы.

60. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртібінің сақталуы:

1)  біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, айрықша тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

2) мемлекеттік сатып алуды:

- құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды өткізудің айрықша шарттарын белгілеу талап етілетін құқықтық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздіктің қажеттігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді;

- кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді;

- көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді;

- өздері туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді;

 - арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда айрықша тәртіпті қолдана отырып жүзеге асыру;

- Ережеге сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртібінің сақталуы.

61. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы №2072 қаулысына сәйкес қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

62. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібінің сақталуы:

1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын тапсырыс берушілердің, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың қолдануы;

2) біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды өткізудің рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес арнайы тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген арнайы тәртіпке қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес:

- әлеуетті өнім берушілерді тұрақты негізде алдын ала біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізудің тәртібіне;

- білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру тәртібіне;

- алдын ала біліктілік бойынша іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын сұрату негізінде іріктеудің рәсімдері мен мерзіміне және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға;

- отандық тауар өндірушілерге, отандық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қолдау көрсетудің тәртібіне қойылатын талаптарды қамтитын арнайы тәртіпті тапсырыс берушілердің басқару органдарының бекітуі.

63. Отандық әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарын мемлекеттік қолдау шаралары.



_______________________
Каталог: ckfinder -> userfiles -> files
files -> Модуль шифры мен атауы
files -> Пәндердің элективті каталогы
files -> Қр бжҒМ «М.Әуезов атындағы ОҚМУ» шжқ рмк ректорыт.ғ. д., профессор Ж.Ү. Мырхалыков 2017ж
files -> Жылға (жылдарға) 1 бөлім Жалпы ережелер
files -> БАҒдарламасы 6М091000 «кітапхана ісі» мамандығына арналған [«Қызмет көрсету»
files -> KbshT 2202 Кәсіби бағытталған шетел тілі 5B091000 «Кітапхана ісі»
files -> KK(O)T 2201 «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» 5B091000 «Кітапхана ісі»
files -> «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасы элективті пәндер каталогы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет