3.32 «Экспортты жылжыту жөніндегі қаржылық шараларды дамыту» бастамасы. Экспортты ілгерілетуді қаржылық қолдау шараларының тиімділігін арттыру, барлық көлемдегі (ірі, орта, шағын) көптеген компаниялар үшін қолдау шараларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорттаушылардың өтінімдерін қарау мерзімдері мен рәсімдерін қысқарту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Тартылатын қаржыландыру көлемін ұлғайту үшін экспортты қолдауды дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай операторды дамыту оның қаржылық тұрақтылығын және әлемнің қаржы институттары мен экспорттық-кредиттік агенттіктер тарапынан сенім дәрежесін арттыруға бағытталатын болады. Бұл қажетті ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын тартуға, сондай-ақ ДСҰ шеңберінде көзделген шектеулер ескеріле отырып, кредиттер мен сақтандырудың құнын біршама төмендетуге мүмкіндік береді.