Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


-міндет. Қолжетімді және сапалы денсаулық сақтау саласын дамыту



бет230/255
Дата06.02.2022
өлшемі425,54 Kb.
#76497
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   255
2-міндет. Қолжетімді және сапалы денсаулық сақтау саласын дамыту
Қазақстан денсаулық сақтау қызметтерімен жалпы қамтуға қол жеткізген елдер қатарына қосылатын болады. Денсаулық сақтауды қаржыландыру әртараптандырылады және тұрақты дамуға және саланың жаһандық бәсекеге қабілеттілігі жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етіледі.
Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру
Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігін, сапасын, қауіпсіздігін, тиімділігін, тұрақтылығын және пациенттерге бағдарлануын арттыру деректер мен процестерді кешенді цифрландыруға негізделетін болады. Жинақталған білім базасының тұтастай қамтылған цифрлық деректері клиникалық және саяси шешімдерді интеграциялаған қолдаудың негізгі көзіне айналады. Ол үшін денсаулық сақтау саласындағы статистика және жіктеу ЭЫДҰ елдерімен үндестіріледі, барлық деңгейдегі өзекті деректерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Әрбір азаматтың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты біріктіретін электрондық денсаулық сақтау жүйесі енгізілетін болады. 2020 жылға қарай денсаулық сақтау ұйымдары бірыңғай ақпараттық желіге қосылатын болады, азаматтардың электрондық денсаулық паспорттары болады, ал медицина қызметкерлері мен пациенттер емдеу орнына қарамастан, қажетті денсаулық деректеріне қол жеткізе алады.
«Қағазсыз» ауруханаларға көшу, цифрлық мобильді қосымшаларды пайдалануға, телемедицина, роботтандырылған әдістер және денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект енгізу бойынша жобаларға қолдау көрсетілетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет