Профилактикаға және ауруды бастапқы кезеңде басқаруға қайта бағдарлау Нақты профилактика және ауруды бастапқы кезеңде басқару мақсатында генетикалық зерттеулер мен дербестендірілген медицинаны енгізудің мүмкіндіктері қарастырылады.
Бұл тәсіл одан әрі жинақталған статистикалық деректер базасы негізінде шешімдерді қабылдау, эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу арқылы Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің дамуына ықпал етеді. Бұл қоғамдық денсаулық қорғау қызметінің жұмысын профилактикаға, тәуекелдерді бағалауға және ауруларды бастапқы сатыда басқаруға қайта бағдарлау шараларын іске асыру бойынша мүмкіндік береді.
Жастардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен қорғауға ерекше назар аударылатын болады.