2.15 «Азаматтардың цифрлық технологияларды қолдануын ынталандыру» бастамасы. Халықтың барлық топтарын бастауыштан бастап кәсіби білім беруге дейінгі білім берудің барлық кезеңдерінде базалық және практикалық цифрлық дағдыларға, мемлекеттік көрсетілетін және өзге де қызметтерді электрондық форматта алуға оқыту процесі ұйымдастырылатын болады. Цифрлық сауаттылығы мен өнімділігін арттыру мақсатында ШОБ өкілдеріне ерекше назар аударылатын болады; олар үшін жеңілдік шарттарымен АКТ көрсетілетін қызметтердің базалық топтамасының құрамы айқындалатын болады. Бұл бастама күнделікті және кәсіби өмірде цифрлық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін қолданатын цифрлық және жасампаз қоғам құру үшін бағдар болады.