Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Жоғары технологиялық өндірісте ғылыми әзірлемелердің талап етілуі» бастамасы



бет73/255
Дата06.02.2022
өлшемі425,54 Kb.
#76497
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   255
2.23 «Жоғары технологиялық өндірісте ғылыми әзірлемелердің талап етілуі» бастамасы. Жобаларды іске асыру кезінде ғылымның өңірлік өнеркәсіп алыптарымен және жүйе құраушы кәсіпорындармен өзара іс-қимылды жолға қою жөніндегі жұмыс жалғасады.
Бірлесіп қаржыландыру қағидаттарында гранттарды іске асыру өндірістік консорциумдар санының артуы есебінен жүзеге асырылатын болады.
2.24 «Ғылымның бизнес-процестерін цифрландыру» бастамасы. Мемлекеттік қолдау шараларын, жобалар мен бағдарламаларды, олардың орындаушылары мен нәтижелерін, ғылыми инфрақұрылым, материалдық-техникалық база туралы ақпаратты қоса алғанда, өзекті ғылыми-техникалық ақпаратты қамтуды көздейтін ғылым жөніндегі ұлттық ақпараттық жүйе енгізілетін болады. Жүйе ғылыми салалар, өңірлер, мекемелер бөлінісінде ғылымның дамуын онлайн-талдауды және ғылымның дамуын болжамдауды; авторлық құқықтарды сақтай отырып, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне және диссертацияларға онлайн-қолжетімділік ұсынуды; нақты уақыт режимінде ғылыми-техникалық дамудың есептерін, статистикасын, талдауын және басқа көрсеткіштерін онлайн-генерациялауды; гранттық және нысаналы бағдарламалық қаржыландыруға өтінімдер беруді толық автоматтандыруды; ғылыми-техникалық сараптаманы автоматтандыруды; нақты уақыт режимінде ұлттық R&D-жобаларды басқаруды; ғылыми-техникалық ақпарат жүйесінің мобильді көрсетілетін қызметтерін қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет