2025 жылға қарай Қазақстан үшін түбегейлі өзгерістер: мемлекет иелігінен алу жөніндегі бағдарламаны шектеулі
қамтудан – бағдарламаны қамтуды, оның ішінде МЖӘ құралдары есебінен кеңейтуге;
тізім бойынша мемлекеттік активтерді сатудың «сандық»
міндетінен – компанияларды таңдаудың және жекешелендіру бағдарламасының табыстылығын бағалаудың құрылымданған жүйесіне;
жеке бизнес үшін күшейтілген әкімшілік бақылаудан және кедергілердің болуынан – қызметті қысқартуға және оңайлатуға, әкімшілік бақылау деңгейін және кедергілер санын төмендетуге;
төрелік ету мүмкіндігі бар салық жүйесінен – кәсіпорындар мен инвестициялардың өсуін ынталандыратын салық жүйесінің тұрақтылығына;
экспортталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шектелген номенклатурасынан –экспортталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әртараптандырылған құрылымына.