Алда тұрған міндеттер Мемлекеттің экономикадағы ағымдағы рөлін, оны ішінара төмендету және нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету арқылы өзгерту өте маңызды. Бұл жекешелендірудің тиімді және ақылға салынған процесінің, оның ішінде оның мақсаттары мен объектілерін нақты айқындау арқылы, мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелі ортаға берудің және МЖӘ құралдарын пайдалануды кеңейтудің арқасында мүмкін болады.
Бизнес ашуды, жүргізуді және жабуды жеңілдету, үздік практикалар мен салалық стандарттарды ілгерілету, барлық бизнес субъектілерін қаржылық емес сапалы қолдауды (бірінші кезекте консультациялық және ақпараттық) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады.
Компаниялардың, атап айтқанда, басқа салаларға көрсетілетін қызметтерді немесе аралық өнімдерді ұсынатын компаниялардың, мысалы, барлық қалған салалардың бәсекеге қабілеттілігіне мультипликативтік әсер ететін табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтерінің ішкі бизнес-процестерін оңтайландыру бәсекеге қабілеттілікті арттырудың қажетті көзіне айналады.
Жеке бизнесті халықаралық нарықтарға, оның ішінде қаржылық емес қолдау шаралары мен экспортқа бағдарланған қызмет көрсетулерді ілгерілету есебінен экспанциялау оның өсуінің табиғи жалғасына айналады.