Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі


Такырып 6. Жеке сақтандыру. Рентаны сақтандыру (аннуитетті, зейнетақыны сақтандыру)



бет17/62
Дата20.12.2021
өлшемі0,61 Mb.
#104051
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62
Байланысты:
аза стан Республикасыны ауыл шаруашылы министрлігі (1)

Такырып 6. Жеке сақтандыру. Рентаны сақтандыру (аннуитетті, зейнетақыны сақтандыру)
Дәрістің жоспары

1.Жеке сақтандыру туралы түсінік , сыныпталуы.

2.Аралас өмірді сақтандыру.

3.Жеке сақтандырудың түрлері.

4.Өмірді сақтандырудың жалпы көрсеткіштері.
1. Жеке сақтандыру 2 тұлғаға бірдей жүреді.Яғни жеке және заңды тұлғалар.Жеке сақтандыруда сақтанушы болып өзіміз табыламыз. Заңды тұлғада сақтандырушы басшы, ал сақтанушы жұмысшылар.

Жеке және мүліктік сақтандырудың айырмашылығы.

1)Мүліктік сақтандыруда нақты жарна көлемдері бекітілген, ал жеке сақтандыруда нақты белгіленбеген.

2)Мүліктік сақтандыруда төлемдер шығынға бойынша өтіледі, ал жеке сақтандыруда белгіленген сақтандыру сомасын береді.

Жеке және сақтандыру арасындағы айырмашылық:

1) сақтандыруда бүкіл халық алынуы мүмкін, ал жеке сақтандыруда тек сақтандырылған адам.

Жеке сақтандыруда сақтандыру сомасын сақтанған адам көп жағдайда ала алмайды.

Сақтандыруға жатқызылатын адамдар:16 жастан бастап, жұмысқа қабілетті және қабілетсіз адамдар сақтандырыла алады.

топтағы лиредентер жеке сақтандыруға жатқыздырылмайды.

ҚР-ның 2000жылы сақтандыру заңына сәйкес жазайтын сақтандыру мүліктік сипатқа ие. Яғни шартта белгіленген жағдайда ғана төлемді сақтандыру компаниясы.

Медициналық сақтандыру (міндеті) 1995 жылы алғашқы қабылданды.

Жеке сақтандырудың сыныпталуы:

I. Тәуекел көлемі бойынша:

1)Сақтандыру мерзіміне дейін өмір сүруі немесе қайтыс болу жағдайынан сақтандыру.

2)Мүгедектікке ұшырау немесе жұмыс қабілеттілігінен айырылу жағдайынан сақтандыру.

3)Медициналық шығындарда сақтандыру.

II. Жеке сақтандырудың қосалқы салаларға бөлінуі бойынша:

1)Өмірді сақтандыру.

2)Жазатайым жағдайдан сақтандыру.

III. Шарттағы тұлғалардың саны бойынша:

1)Жеке.

2)Ұжымдық (кллективный).

IV. Сақтандырумен қамтамасыз етудің мерзімі бойынша:

1)Қысқа (1 жылға дейін).

2)Орта (1-5 жылға дейін).

3)Ұзақ (5 жыл ).

V. Сақтандырумен қамтамасыз етудегі төлемдер бойынша:

1)Сақтандыру сомаларын 1 мезетте төлеу.

2)Сақтандыру сомаларын рента формасында төлеу.

VI. Сақтандыру сыйақылары бойынша:

1)Сақтандыру сыйақыларын бірдей төлеу.

2)Сақтандыру сыйақыларын жыл сайын.

3)Сақтандыру сыйақыларын ай сайын.
2. Мерзіміне дейін өмір сүру, қайтыс болғанға дейін және жазайым жағдайдың жиынтығы аралас сақтандыру 16 жастан 70 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады.

Осы сақтандыруға отыру үшін:

1.Сақтанушының жас жағдайын.

2.Азаматтық жағдайын.

3.Денсаулығын қарастыру керек.

1-ші жағдайда өлім кестесін қарастырады. Денсаулықты қарастырғанда толық тексеруді сұрауға құқығы жоқ, яғни анықтамалық қағазды барлы-ғынан сұрамайды. Азаматтық жағдайын территорияға байланысты қарас-тырады.

Көп жағдайларда 1-5жыл аралығында жүреді. Ал, жалпы сақтандыру 1 айдан 20 жылға дейін жүреді.

Өмір сүргенге дейінгі шартта:

1.Бұл уақытқа дейін өмір сүру.

2.Жарналарды толық, уақтылы өтеу керек.

Осыдан кейін 100% сақтандырылады. Соңында төлемдер толығымен қайтарылуы тиіс. 10 жыл ішінде егер шағын зақымдар болса да, шарт уа-қытының соңында толығымен сізге өтеді.

Сақтандырудың 2-ші түрі жазатайым жағдайға ұшырау жағдайы. Жазатайым жағдайында болған оқиғаға толық соманы бермейді, тек қана шығынды жабу сомасын ғана бөліп береді.

3-ші түрі сақтанушының қайтыс болу жағдайы.

Келесі жағдайларда қайтыс болғанда сақтандыру төлемдер берілмейді:

1)Әскери іс-әрекеттер (соғыс).

2) толқулар(забастовкалар).

3)Сақтанушыға қылмыстық іс қозғалып , өзіне-өзі қол жұмсауы.

4)Сақтанушының көп мөлшерде ішімдікті қолданып , есірткіні қолдану салдарынан қайтыс болса.

5)Сақтанушы сақтандыру мерзіміне дейін 1 жыл бұрын психикалық ауруға ұшыраса, онда берілмейді.

6)Егер қандай да бір себептерге байланысты сақтандыру компаниясы 1-реттегі лиредектерді сақтандырып қойса, онда компания барлық жи-налған сақтандыру төлемдерінің 92%-ын өтейді.

Егер сақтандырушы басқа жерге көшсе (ҚР территориясынан), онда ол сақ-тандыру компаниясын 2 ай бұрын ескертуі тиіс. Мерзімінен бұрын тоқтатыл-ған шарттың жинақталған төлемдерінің 92% өтейді.

Сақтандыру тарифтері ставкаға, сақтанушының жасы, мерзімі, сомасына негізделеді.

Аралас өмірді сақтандыруда 3 тариф қолданылады:А, Б, В.

А тарифі – сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру сомасы.

Б тарифі – сақтандыру сомасының 2 еселенген тарифі.

В тарифі – 3 еселенген.

Осыған байланысты сақтандыру жарналары да бөлінеді және төленеді.

3. Жеке сақтандырудың түрлері:

1.Балаларды сақтандыру .

Оның ерекшілігі: 1айдан – 18 жасқа дейін баланы сақтандыруға болады. Ал тәжірибеде 15 жасқа дейін жүреді.

Мысалы: балаңыз 3 жас 3 айда .18-3 жыл 3 ай=15 жасқа сақтандырамыз.

Баланы барлығы сақтандыра алады және бірнеше тұлса оны сақтанды-ра алады

Егер сақтандырушы (ата-анасы) қайтыс болып кетсе, онда сақтандыру полисін ары қарай жалғастыруға болады.

Егер қамқоршысы болмаса, онда сақтандыру қоры банктен шот ашып, оған 30% жарна қосып, 18 жасқа толғанда оған қайтарады.

2.Балаларды некеге отырғыздыруына байланысты сақтандыру.

Мерзімі, сақтандырушысы баланы сақтандыру жағдайына сай келеді.

Ерекшілік: некеге байланысты сақтандыру төлемдерін төлеу.

18 жастан 21 жас аралығына дейін тосу кезеңі деп аталады. Яғни бұл аралықта некеге отырмаса, онда 30% сыйаңы, 0,5% ақша қосып, банктегі шотқа аударады. 21 жасқа толып, үййленбесе, онда оған барлық соманы қайтарады.

3. жазатайым жағдайдан сақтандыру (1 айдан 5 жылға дейін).

4.Ұжымдық сақтандыру.

«Династия» қорының жеке жинақтық сақтандыруды жүргіздіру жағ-дайлары.

Мерзімді және жинақтық сақтандыру түрлері жүреді. Мерзімдік деге-німіз оқиға болған уақытқа дейін сақтандыру. Бұл жерде 5-15 жылға де-йін сақтандырады.

Мысалы: 5 мыңға $-ға сақтандырдық. Онда больницадағы әрбір жатқан күніңізге 25 $. Мүгедектікке ұшыраса 4 мың доллар, топтағы 2,5 мың $. төлейді. Егер қайтыс болып кетсе, онда 5 мың $ қайтарылып береді.

Жинақтық сақтандыруда 15 жылға дейін сақтандыруға болады. Сақ-тандыру сомасы 7500 $ болса, онда қайтыс болса барлық ақшаны қайта-рады. Кездейсоқ жағдайдан қайтыс болса, онда 15 мың $. топтағы мүгедектікке ұшырасаңыз, 5 жылда оқиға болса, қалған 10 жылдың жар-насын төлейді. 2 жылға сақтандыруға кредит береді.
4. Өмірді сақтандырудың жалпы көрсеткіштеріне мыналар жатады.

1.Сақтандырудың өрісі(поле).

2.Сақтандырудың портфелі.

3.Есепті сақтандыру портфелі.

4.Сторно %-і.

5.Қайтарып алу сомасы(выкупная сума).

6.Төлемдердің деңгейі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет