Сақтандырушы – сақтандырудың тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыу қызметін жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары акционерлік қоғам және мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылды.
Сақтанушы – сақтандырушымен сақтану жөнінде шарт жасасқан заңды тұлға немесе жеке тұлға болып табылады. Сақтанушы тұйықталған нақты қатынасқа қатысушы және тиесілі сақтандыру жарнасын төлеуші тарап (тұлға) болып саналады. Халықаралық сақтандыруда – полис ұстаушы деп аталады.
Сақтанушы - өзіне қатысты тиісті сақтандыру жүзегеасырылған немесе асырылатын тұлға. Егер сақтандыру шартында басқа жайлар көзделмесе шарт бойынша сақтандыру жарнасын төлеп отыратын сақтанушының өзі сақтандырылушы болып табылады. Мәселен, жеке сақтандыруға жататын балаларды сақтандыру бойынша сақтанушы ретінде ата – аналарды немесе туысқандары болса, ал сақтандырылушылар балалары болып табылады. Міндетті сақтандыру туралы заңдарда сақтанушыға үшінші тұлғаны сақтандыруды жүзеге асыру міндеті жүктелуі мүмкін. Ал ерікті сақтандыру кезінде сақтанушылар сақтандыру шартында сақтандырылушы ретінде үшінші тұлғаны белгіліей алады. Демек, осындай кездерде сақтандырылушының жеке басы мен соған байланысты мүдделері немесе сақтандырылушының мүлкі мен мүліктік мүдделері сақтандыру объектісі болады.