Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі



бет6/62
Дата20.12.2021
өлшемі0,61 Mb.
#104051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
аза стан Республикасыны ауыл шаруашылы министрлігі (1)

Сақтандыру далдалы - өзінің қызметін сақтандырылушылармен және сақтандырушылармен келісім негізінде жүзеге асыратын тәуелсіз делдал. Заңды тұлға да, белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлға да С.д. бола алады. Олардың, әдетте, арнаулы экономикалық және заңи білімі болуға тиіс, кәсіпқойлық жарамдылық жөнінен аттестаттаудан өтуі керек. С.д. қызметтердің мынадай түрлерін көрсете алады: сақтандырушыларды іздестіру немесе сақтандырушыларды іріктеу; сақтандыру жөнінде ақыл-кеңес беру, түсіндіру және жарнамалық жұмысты жүргізу; сақтандыру өтемін алу үшін сақтандыру полистері мен басқа да құжаттарды ресімдеу; сақтандыру жағдайы басталғанда мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша залалдарды реттеу; келісімдегі тиісті жағдайлар болғанда шарттар бойынша сақтандыру жарналарын алу, т.б.

Сақтандыру жағдайысақтандыру шартының талаптарында қарастырылған оқиғаның болуы.

Сақтандыру жарнасысақтанушы немесе оның атынан сақтандыру үшін сақтандырушыға төлеуге міндетті төлем. Оның мөлшері ерікті сақтандыру бойынша тараптардың келісімімен, ал міндетті сақтандыру бойынша заңдармен айқындалады. С.ж-на салық салынбайды.

Сақтандыру компаниясыазаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.

Сақтандыру куәлігісақтандыру компаниясы сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру полисі берілгенге дейін беретін сақтандыру құжаты. Кейде ол сақтандыру полисін толық алмастырады.

Сақтандыру қорыдүлей апаттар мен басқа да төтенше оқиғалар келтірген зиянның алдын алуға, жоюға және орнын толтыруға арналған заттай және қаржы қорлары нысанында құрылатын қаражаттың босалқы қоры. Қоғамның сақтық қорларының құрамдас бөлігі болып табылады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджеті, мемлекеттік сақтандыру қорлары, кооперативтік, акционерлік және басқа қорлар, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру қорлары ерекше С.қ. ретінде әрекет етеді. Сақтандыру әдісімен құрылатын С.қ. тіркелген сақтандыру өтемі мен сақтандыру сомасын төлеу үшін ғана пайдаланылады.

Сақтандыру құны – азаматтардың мүлкі, өмірі, денсаулығы сақтандырылған ақшалай қаражаттың мөлшері. Мүлікті сақтандыру бойынша оның сомасы сақтандырылған мүліктің нақты құнынан, ал әлеуметтік сақтандыру бойынша белгіленген зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерінен аспауға тиіс. Жеке басты сақтандыру бойынша сақтандыру сомасының мөлшері сақтанушының тілегімен айқындалады.

Сақтандыру қызметі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасумен және орындаумен байланысты қызметі; ел заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру өтемі – сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталуы себепті сақтанушыға төлейтін ақшалай өтем.

Сақтандыру полисі – сақтандыру қоғамы сақтандырылған адамға немесе мекемеге беретін, сақтандыру туралы жасасылған шарттың талаптары баяндалған куәлік.

Сақтандыру пулы – белгілі бір түрдегі қауіп-қатерді бірлесіп сақтандыруға негізделген сақтандыру компанияларының бірлестігі. Сақтандыру пулының әрбір мүшесі пулға сақтандырылған қауіп-қатер құжаттарын береді, пул жинаған сыйлық қорының (сақтандыру жарналарының) белгілі бір үлесін алады, нақ сол үлестегі жауапкершілікті мойнына алады және залалды өтейді.

Сақтандыру резервтері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуалдық есеп айырусылар негізінде бағаланатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелері.

Сақтандыру рыногы – сақтандыру бойынша қызметтер көрсету саласы, бұл қызметтерді сақтандыру компаниялары көрсетеді.

Сақтандыру рыногының кәсіптік қатысушылары - өзінің қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтандыру делдалы, актуарий және уәкілетті аудитор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет