Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі


Сақтандыру резервтері және оларды калыптастырудың обьективті кажеттілігі



бет25/62
Дата20.12.2021
өлшемі0,61 Mb.
#104051
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Байланысты:
аза стан Республикасыны ауыл шаруашылы министрлігі (1)

Сақтандыру резервтері және оларды калыптастырудың обьективті кажеттілігі. Сақтандырушылар қаржыларының басты ерекшелігі - тартылған капитал қүрамында сақтандыру резервтерінің бөлінуі. Сақгандыру резервтерін қалыптастыруға деген қажеттілік сақтандыру резервтерінін ықтималдық сипатымен және сақтандыру оқиғасынын кай уақытта болатындыгы мен келтірілетін шығын көлемінің белгісіздігімен байланысты туындайды. Сақтандыру үйымдарынын сақтандыру шарттарын жасау тұрақты түрде жүзеге асырылады. Ықтималдық теориясына сәйкес, сақтандырьшған обьектілер, сол бір кауіп - катерге (тәуекелге) әртүрлі уақытта және әртүрлі аумактарда тартылады. Бүл ретте, сақтандыру оқиғасы болған кезде сақтандырушы етеуге (төлеуге) міндетті сақтандыру твлемдерінің мөлшері, шарттағы сақтандыру сомаларынын шегінде әртүрлі болады.

Сақтандыру шартының маңызды жағдайларына мыналар жатады:

- сақтандырушы мен сақтандырылғандардың атаулары;

- сақтандыру обьектілері;

- сақтандыру жауапкершілігінің көлемі;

- сақтандырудың қамтамасыз етілуі;

- сақтандыру сомасы;

- сақтандыру мерзімі; сақтандыру төлемінің тарифтік ставкасы (жарна)

Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтандыруүйымы, сақтандырушылар алдындағы міндеттемелерді орындауға кепілдік беретін, әлеуметтік ақша ресурстарына ие болуы тиіс. Сақтандыру резервтерін калыптастыру міндеті мен пайдалану күкығы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Рспубликасының заңымен өкілетті органдардың өзге нормативтік кұқықтык актілерімен белгіленген. Заңның 47 - бабында, колданыстағы сақтандыру    және    қайта    сақтандыру        шарты    бойынша    кабылданған міндеттемелердің орындалуын камтамасыз ету үшін сақтандыру (қайтасақтандыру) ұйымы, актуаримен есептелген көлемде сақтандыру резервтерін калыптастыру міндетті болып табылады.

Сақтандыру қызметінің негізгі принципі - сақтандырушы мен сақтанушының өзара міндеттемелерінін тепе - теңдігі (әквивалентгілігі), яғни сақтандыру төлемдері мен нетто - мөлшерлемеге катысты түсетін сақтандыру сыйакылары арасындағы тепе - теңдікке кол жеткізу. Сақтандыру ұйымдары шоғырландыратын (жүмылдыратын) бүл каражаттар сақтандыру қорын калыптастыруға бағытталған және қолданыстағы сақтандыру шарты бойынша сақтандырушының әлеуетті (патенциалды) жауапкершілігінің шамасын көрсетеді. Сақтандыру үйымдарына жататын меншікті капиталға карсы, сақтандыру резервтерін сыртқы капитал деп атауға болады.

Сақтандырушы кейбір жағдайларда зиянның орнын толтырудан бас тартылады. Оған сақтанушының өтірік мәлімет беруі, сақтандырылған мүлікті құтқаруға шара қолданғаны, зиянға тікелей кінәлі адамнан зиян құнын ақшалай немесе заттай алуы, сақтандырушыға болған жағдайдың себептерін зерттеуге кедергі жасауы осы жағдайлар қатарына жатады.

Сақтандырушының ақша төлеуден бас тартуына байланысты, сақтанушы сотқа шағым жасай алады. Сақтандырушының келісімімен оған өзінің сақтандырған мүлкіне құығын бере алады, және сақтық орнын өтеу құнын толық сомамен ала алады.


Сақтандыру қорының мөлшері тұракты шама бола алмайды, өйткені қолданыстағы шарт бойынша сақтандырушының жауапкершілік көлемі андеррайтинг процессінің үздіксіздігі салдарынан өзгерісті отырады. Сақтандыру үйымдарының жауапкершілігі, түсетін жарналардың көлеміне (шарттардың санына) сақтандыру коржынының күрылымдарына, баға саясатына байланысты болады.

Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі сақтандыру қорының жалпы түсінігі, тәжірибеде         нақты         сақтандыру резервтерінің жиынтығына трансформацияланады, яғни ол сақтандыру ұйымдарының есепті күнге міндеттемелерінің көлемін көрсетеді. Сақтандыру резервтері Сақтандыру, сақтандыру ортақ сақтандыру және кайта сақтандыру шарттары бойынша түсетін сақтандыру жарналарына катысты, арнайы есептер негізінде калыптасады.

Сақтандыру резервтерінің мөлшерлерін анықтау күрамы мен тәртібі сақтандыруды қадағалау органдарының нормативтік актілерімен белгіленген. Сақтандыруды қадағалау органдарының нормативтік актілерінің негізінде сақтандырушылар , есеп саясатының әлементі болып саналатын, сақтандыру резервтерін калыптастыру туралы ереже әзірлейді.

Сақтандыру үйымдарының резервтері сақтандыру заңнамасының талаптарына сәйкес:

-    өмірді сақтандыру бойынша резервтерге;

-    өмірді  сақтандырудан  өзге  сақтандыру түрлері  бойынша (тәуекелді сақтандыру түрлері) резервтерге бөлінеді.

Сақтандыру резервтерін бүлайша бөлу, сақтандыру корғанысының әртүрлі мазмүнымен функцияларымен және міндеттерімен, тәуекелдер сипатымен және ең соңында, тарифтерді есептеу методологиясымен байланысты туындайды.

Өмірді сақтандыру бойынша резервтер өмірді сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған. ЕС елдерінде резервтер екі бөліктен: алдағы төлемдер үшін белгіленген математикалық резервтерден және ағымдағы төлемдер үшін белгіленген , кауіп - қатердін (тәуекелдің) күшею факторы резервінен түрады.

Сақтандырудың тәуекелді түрлері бойынша резервтерге міндетті тәртіпте тиесілі емес сыйакылар резерві, мәлімденген, бірак реттелмеген залалдар резерві кіреді. Қосымша резервтерге тұрактандыру резервтері және біркатар езге резервтер кіреді.

Олардың максатты (нысаналы) жұмсалуы көзкарасы тұрғысынан сақтандыру резервтерінің жіктеуі - алдағы және ағымдағы төлемдерді жүзеге асыру үшін, - кестеде тәуекелді сақтандыру түрлері мен өмірді сақтандыру үшін бөлек берілген.




Резервтер табиғаты

Тәуекелді     сақтандыру түрлері

Өмірді сақтандыру

Болашақ төлемдер үшін

Тиесілі емес сыйақылар

Тұрақтандырылған

резервтер


Өмірді          сақтандыру бойынша резервтер (математикалық резервтер)

Ағымдағы телемдер үшін

Мәлімденген, бірақ реттелмеген   шығындар резерві

Болған, бірақ

мәлімденбеген

шығындар резерві



Қауіп - қатердің (тәуекелдің) күшею факторы резерві

Запас корларды қалыптастыру кажеттілігі, сақтандырудың түбегейлі (негізгі) белгілерінін бірі - шығынның уақытша орналасуымен байланысты туындайды. Сақтандыру оқиғаларының кездейсоқтық сипаты, колайсыз кезең уақытында зардап шеккен шаруашылықтарға көмек көрсету мүмкіндігіне ие болу үшін, сақтандырушылардың колайлы кезеңде қаражат жинауын болжайды.

Запас қорларды қалыптастыру мақсаты сақтандыру операцияларының қаржылық тұрактьшығын камтамасыз ету болып саналады, ал калыптастыру көзі - барлық түскен төлемдер бойынша нетто - мөлшерлемелердің (ставкалардың) толық пайдаланылмаган бөлігі болып саналады, өйткені сақтандыру сомаларын және сақтандыру өтемдерін төлеу үшін, атап айтқанда - нетто - мөлшерлеме (ставка) белгіленген. Ағымдағы қолайлы жылы тікелей мақсатына жұмсалмаған нетто - мөлшерлемелер (ставкалар) төлемдерінің калдығы, қолайсыз жыл болғанға дейін жинактала беретін болады, өйткені ағымдағы төлемдер сақтанушылар алдындағы өзінін міндеттемелерін орындау үшін жете бермейді.

Үзак мерзімдік сақтандыру түрлері бойынша запас қорлар ерекше сипатқа ие, ейткені ұзақ мерзімдік сақтандыруда шығындардың уакытша орналасуы кыска мерзімдікке қарағанда күштірек болады, жарналардын негізгі бөлігі, шарт мерзімі аяқталғаннан кейін төлейтіндей болу үшін, ұзак уақыт кезщені аралығында жинакталады. Осымен байланысты ұзак мерзімдік сақтандыру түрлері бойынша запас қорларды жарналардың (төлемдердің резервтері деп атау кабылданған.

¥зак мерзімді сақтандыру түрлері бойынша жарналардлың резервтері сақтандырушының инвестициялық қызметін қаржыландырудың негізгі көзі болып саналады. Бұл олардың ұзак сақталу мерзімінен және маңызды көлемде болуымен байланысты. Коммерциялык қызметте жарналар резервтерінің каражаттарын пайдаланудың кең мүмкіндіктері, тариф ставкаларын калькульяциялау негізінде алдағы табысты есептеу жолымен сақтандыру жарналарын маңызды түрде төмендетуге сақтандырушыға мүмкіндік береді.

Сақтандыру тәуекелдерінің түрлері бойынша төлемдердің резервтік қоры, запас корға бағыттаута жататын каражаттардың жалпы сомасынан, оған фирмалардың аударымдар жасау есебінен кұралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет