Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі


Сақтандыру үйымдарының каржылық тұрақтылығын камтамасыз ету жағдайы



бет26/62
Дата20.12.2021
өлшемі0,61 Mb.
#104051
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62
Байланысты:
аза стан Республикасыны ауыл шаруашылы министрлігі (1)

Сақтандыру үйымдарының каржылық тұрақтылығын камтамасыз ету жағдайы. «Сақтандыру қызметі туралы» Заңның 45 - бабына сәйкес, сақтандыру, (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы, сыртқы қаржылық және өзге факторларға қолайсыз әсерінің болу мүмкін екендігін ескере отырып, сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің барлық колданыс мерзімі ішінде, өзінің төлем кабілеттілігін сақтай білуімен анықталады. Сақтандыру ұйымдарының төлем қабілеттілігі өзінің қаржылык міндеттемелерін уақытылы және толык орындау қабілеттілігімен анықталады. Қабьшданған міндеттемелер мен олардың өтімділігін ескергендігі активтер арасьшдағы нормативтік аракатынастардың сақталуы төлем қабілеттілік көрсеткіштері болып табылады.

«Сақтандыру кызметі туралы» занның 45 - бабына сәекес сақтандыру ұйымдарының қаржылык тұрақтылығының көрсеткіштеріне мыналар кіреді:

1.  жарғылык және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшерлері;

2.  активтердің құны және оларды дивирсификациялау дәрежесі;

3.  сақтандыру резервтерінің және өзге міндеттемелердің мөлшерлері;

4.  төлем қабілеттілік көрсеткіштері;

5.  сақтандыру     және     кайта     сақтандыру     бойынша     міндеттемелер көлемдерінің аракатынасы;

6.  көрсетілетін    сақтандыру    және    кайта    сақтандыру    қызметтерінің рентабельділігі;

7.  жузеге асырылатын инвестициялык саясаттың тиімділігі.

Сақтандыру ұйымдарының төлем кабілеттілігі мен қаржылық тұрактьшық деңгейін анықтау кезінде оның активтерінің кұны, сапасы және өтімділігі бойынша олардың жіктелуін ескере отырып есептейді.

Сақтандырушының меншікті капиталы, сақтандыру резервтерінің сомасы мен өзге резервтердің сомасына азайтьшған барлык активтердің құны ретінде анықталады.

Сақтандыру ұйымдарының төлем кабілетгігі мен каржылық тұрақтылығын бақылау (кадағалау) нормалар мен лимиттердің сақталуына, олар үшін пруденциалды нормативтер мен өзге міндеттемелер белгілеу арқылы белгіленеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Сақтандыру шартының маңызды жағдайлары.

  2. Сақтандырушылар қаржыларының басты ерекшелігі.

  3. Сақтандыру қызметінің негізгі принципі.

  4. Сақтандыру резервтері және оларды калыптастырудың обьективті кажеттілігі.

  5. Сақтандыру үйымдарының каржылық тұрақтылығын камтамасыз ету жағдайы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет