ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Университеттің
Ғылыми Кеңесінің мәжілісінде
қаралды, Хаттама №12. 27.06.2015ж.
|
БЕКІТЕМІН
Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар
жөніндегі проректор
________________Ә.Серікбаев
«____»_________2015 ж.
|
МЕНЕДЖМЕНТ МАМАНДЫҒЫ
(5В050700; 6М050700)
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ
2015-2019 ЖЫЛДАРҒА ДАМУ
ЖОСПАРЫ
«Гидротехника, мелиорация және бизнес»
факультетінің Кеңесі ұсынған
«26» маусым 2015ж. хаттама № 10
«Экономика және қаржы» кафедрасының
кеңейтілген мәжілісінде қаралған
«11» мамыр 2015ж. хаттама № 18
Алматы, 2015 ж
МАЗМҰНЫ
№
|
Компонент атауы
|
Бет
|
1
|
Білім беру бағдарламасының (ББ) даму жоспарының паспорты
|
3
|
2
|
Бағдарламаны аналитикалық негіздеу
|
3
|
3
|
Білім беру бағдарламасының даму жоспарында шешуге бағытталған мәселелердің сипаттамасы
|
9
|
4
|
ББ даму жоспарының негізі мақсаты мен міндеттері
|
9
|
5
|
ББ даму жоспарын орындаудан күтілетін соңғы нәтижелері
|
10
|
6
|
ББ үшін қауіп-қатар әсерін төмендету бойынша шаралар
|
11
|
7
|
ББ жоспарын жүзеге асыру шараларының тізбесі
|
12
|
8
|
ББ даму жоспарын жүзеге асыру механизмі
|
12
|
9
|
ББ даму жоспарын жүзеге асырудың әлеуметтік – экономикалық тиімділігін бағалау
|
13
|
10
|
«Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші түлектің моделі
|
14
|
1. «Менеджмент» білім беру бағдарламасын 2015 - 2019 жылдары дамту жоспарының паспорты
1
|
Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарын дайындауды негіздеу
|
-Қазақстан Республикасының білім саясатына сәйкес Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарының стратегиясы мен тақырыптары.
-Қазақ ұлттық аграрлық университеттің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы.
- «Экономика және қаржы» кафедрасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары.
|
|
|
|
2
|
Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарын негізгі дайындаушылар
|
«Экономика және қаржы» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д., профессор О.А. Абралиев
Жұмыс берушілер:
1. АӨК экономикасы мен АТД ҚазҒЗИ директоры А.Б. Молдашев.
2. Утегенов Н.С. директор ЖШС «ПСК КАПСТРОЙ ПРОЕКТ».
|
|
|
|
3
|
Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарын жүзеге асыру мерзімі
|
2015-2019 жж.
|
|
|
|
4
|
Қаржыландырукөлемі мен көздер
|
Мемлекеттік бюджет, сыртқықаржыландырукөздеріесебіненқаржыландырады
|
|
|
|
5
|
Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарының жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
|
Ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес бағалау саласындағы кәсіби білікті мамандарды кадрларды дайындау
|
|
|
|
2. Бағдарламаны негіздеу
2.1 Білім беру бағдарламасы жөніндегі мәліметтер
Білім беру бағдарламасы келесі құжаттар негізінде дайындалған:
Білім беру бағдарламасын жүргізу АБ № 0142690 лицензиясы, жұмыс мерзімі-мерзімсіз, 03.07.2011 жылы берілген, ҚР БҒМ БҒСБК 03.07. 2011 жылғы № 592 бұйрығы;
Жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы өкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген).
Оқу бағдарламалары (типтік, дербес және жұмыс) оқу жоспарлары мен бағдарламалар (типтік және силлабустар) арқылы жүзеге асырылады.
Бакалавриатта 2 білім беру бағдарламасы дайындалған: №1 «Аграрлық менеджмент» - 17 модуль және №2 «Инновациялық менеджмент»– 17 модуль. Магистратурада (ғылыми-педагогикалық бағыт) 2 оқу бағдарламасы: №1 «Аграрлық менеджмент» – 8 модуль және №2 «Инновациялық менеджмент» – 8 модуль.
2.2 Білімгерлер жөніндегі мәлімет
Бакалавриат білімгерлер контингентіне келесілер кірген:
2011-2012 оқу жылы– 15 студент, оның ішінде қүндізгі бөлім - 5, сырттай бөлім 10;
2012-2013 оқу жылы – 14 студент, оның ішінде қүндізгі бөлім – 6, сырттай бөлім –8;
2013 - 2014 оқу жылы – 12 студент, оның ішінде қүндізгі бөлім– 8; сырттай бөлім –4;
2014-2015 оқу жылы – 3 студент, оның ішінде қүндізгі бөлім – 3; сырттай бөлім –0;
2015-2016 оқу жылы – 4 студент, оның ішінде қүндізгі бөлім – 1; сырттай бөлім –3.
1 Кесте – Білімгерлер контингенті
Оқу жылы
|
5В050700 – Менеджмент
бакалавриат білім беру
бағдарламасы
|
6М050700 – Менеджмент
магистратура білім беру
бағдарламасы
|
Барлығы
|
Оның ішінде
|
|
Оның ішінде
|
Қазақ
|
орыс
|
грант
|
Келісім-шарт
|
Барлығы
|
қазақ
|
орыс
|
грант
|
Келісім - шарт
|
2011- 2012
|
15
|
11
|
4
|
|
15
|
|
|
|
|
|
2012-2013
|
14
|
7
|
7
|
|
14
|
|
|
|
|
|
2013 - 2014
|
12
|
8
|
4
|
|
12
|
10
|
10
|
|
10
|
|
2014-2015
|
3
|
|
3
|
|
3
|
3
|
1
|
2
|
1
|
2
|
2015-2016
|
4
|
1
|
3
|
|
1
|
1
|
|
1
|
|
1
|
БАРЛЫҒЫ
|
48
|
27
|
21
|
|
48
|
14
|
11
|
3
|
11
|
3
|
Мемлекеттік білім гранты тапсырысы бойынша оқитын магистранттардың саны:
2012-2013 оқу жылы – 10 студент ҚР ҒБМ грантында;
2013-2014 оқу жылы – 3 студент, оның ішінде: келісім- шарт негізінде – 1;
2014-2015 оқу жылы – 1 студенткелісім- шарт негізінде.
2.3 Білім беру бағдарламасын дамытудың ішкі жағдайлары
Оқу бағдарламасының жоғарыда аталған мақсаттарын жүзеге асыруға қажетті материалдық-техникалық ресурстар факультетте жеткілікті. Оқу үрдісінде 870 отыратын орынды 32 аудитория, оның ішінде: 11 дәрістік аудитория, 3 компьютерлік класс пайдаланылады. Кафедраның иелігінде техникалық құралдармен: LSD – прожекторлар, интерактивті тақталар жарақталған аудиториялар бар.
Кафедраның № 401, 414, 505 аудиториялары LSD – проекторлармен және интерактивті тақталармен жарақталған. Факультетте жаңа технологияларды пайдаланып сабақ жүргізуге мүмкіндік беретін 3 компьютерлік класстың әрқайсысында шексіз Интернет желісіне қосылған 16 компьютер бар.
Сонымен, бүгінгі күні кафедраның аудиториялық қоры білім беру бағдарламасын сәтті іске асыруға мүмкіндік береді, тек қана оның жабдықталуын жақсарту қажет. Білім беру бағдарламасының қаржылық ресурстары университеттің бюджетінен, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу және халықаралық жобалар есебінен қамтамасыз етіледі. Бағдарламаның билігіндегі ақпараттық ресурстар кітапханамен (оның ішінде электрондық басылымдармен), барлық білімгерлер мен профессор- оқытушылар құрамының интернетке кіруімен, университеттің дербес жүйесіне шығуымен сипатталады. WI-FI ашық аумақтары бар.
Кадрлық құрам білім беру бағдарламасын дамыту жоспарына сәйкес қалыптастырылған. Білім беру бағдарламасы пәндердің оқу-әдістемелік кешендерімен 100% қамтамасыз етілген.
Академиялық ұтқырлық бойынша жұмыс жақсы ұйымдастырылған: дәрістеге оқуға шет елдерден ғалымдар шақыртылады және білімгерлер шет елдік жоғарғы оқу орындарына оқуға жіберіледі.
2.3 Қоршаған социумның сипаттамасы
Білім беру бағдарламасын дайындау мен талқылауға келесі жұмыс берушілер тұрақты қатысады: ҒЗИ-дан - АӨК экономикасы мен АТД ҚазҒЗИ директоры А.Б. Молдашев, сонымен қатар, Утегенов Н.С. ЖШС «ПСК КАПСТРОЙПРОЕКТ» директоры, Мадыбаева А.К. Талғар ауданының әкімшілік Аппараты және басқалары, олар менеджмент саласы мамандарының мүддесін қорғайды.
Білім беру бағдарламасы бойынша білімгерлердің өндірістік тәжірибеден өтуі мақсатында келесі объектілермен келісім-шарттар жасалған: Агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҚазҒЗИ; ЖШС «ПСК КАПСТРОЙПРОЕКТ», Талғар ауданының әкімшілік Аппараты, АҚ «Нұрбанк», ЖШС «Ақсерт», Аль Фараби ат.ҚазМУ, Халық шаруашылығы университеті, Тұран университеті.
2.5 Білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын профессор-оқытушы жөнінде мәлімет
«Менеджмент» мамандығының білім беру бағдарламасы ҚР ММБС талаптарына сәйкес ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген. Ағымдағы оқу жылы студенттер, магистранттар және PhD докторнаттарды дайындауға 39 адам қатысты, оның ішінде 38 штаттық оқытушы(97,4%). Профессор-оқытушылар құрамына 11 ғылым докторлары, 15 ғылым кандидаттары және 2 PhD докторы кірген. Бакалавриат бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежелілігі 71,8 %, және бұл көрсеткіштің біртіндеп жоғарылауы тенденциясы байқалады. 6М090800- Бағалау мамандығының білім беру бағдарламасы оқытушыларының ғылыми дәрежелілігі 100,0 % құрайды.
Кафедраның бағыты бойынша базалық білімнің сәйкестік деңгейі - 100%
«Менеджмент» мамандығы бойынша Білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын профессор-оқытушылар санынан 11 адам «Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері. Ғылым, білім және өндірістің интеграциясы мақсатында Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға ғылыми-зерттеу институттар мен кәсіпорындардың мамандары қатысады. Осы тұрғыдан алғанда 2014-2015 оқу жылы ҒЗИ - АӨК экономикасы мен АТД ҚазҒЗИ 3 ғылыми қызметкер жұмысқа шақырылған: э.ғ.д., профессор А.Б Молдашев, ҚР ҰҒА академигі В.В. Григорук және э.ғ.д., профессор Акимбекова Г.У.
«Менеджмент» мамандығының Білім беру бағдарламасы бойынша білім берудің сапасын арттыру мақсатында үздік шет елдік оқытушылар шақырылған: PhD докторы, профессор Елена Хорска (Словакия аграрлық университеті Нитра қаласы); профессор Матиас Денхард (Германия, Гумбольт университеті); профессор Ионас Чапликас (Литва, А. Стульгинскис атындағы университеті); PhD докторы, профессор Владимир Вернер (Чехия, Чехияның Жаратылыстану ғылымдарының университеті); PhD докторы, профессор Стенли Джонсон (АҚШ, ауыл шаруашылығы мен азық-түліктің ұлттық орталығы); PhD докторы, профессор Хайлей Хессеан (Канада, Саскечаван университеті); Влада Витунск (Литва, А. Стульгинскис атындағы университеті); PhD докторы, профессор Юрий Хейлик (Чехияның Жаратылыстану ғылымдарының университеті); профессор Вальдемар Козловски (Польша, Варминьско-Мазурский университеті); PhD докторы, профессор Клеменс Лансе (АҚШ, Иллинойс университеті); профессор Мария Флора (АҚШ, Вашингтон университеті); PhD докторы, профессор Алмаз Толымбек (Канада, Дельта университеті).
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын өздерінің кәсіби біліктілігін жоғарылатады: К.М. Тиреуов (Польша, Варшава қаласы, Қытай, Шинжан автономдық округы, Таджикистан, Таджикстан технологиялық университеті); Ж.Ж. Сулейменов - «Strategic development of agribusiness» курсы Александраса Стульгинскис атындағы университеті (Литва); С.К. Мизанбекова (РФ, Мәскеу, К.Тимирязев атындағы АШ академиясы); У.К. Керимова және Г.Р.Мадиев – Гумбольт университеті (Германия, Берлин қаласы); М.Б Омаркулова– Словакия аграрлық университеті және Чехияның Жаратылыстану ғылымдарының университеті, «ЕО жоғарғы білім жүйесі» курсы (Словакия, қ. Нитра және Чехия, қ.Прага); Тажигулова Ж.Ж. - «Scientific training in the Department of Forestry Economics and Managament of Faculty of Forestry and Wood Sciences, Chech University of Life Sciences Prague» (Чехия, Прага); А.Е. Кайырбаева– Жоғарғы бизнес мектебі - Лойс университеті (Польша); Г.Ы. Бекенова - «Экономика» бағыты оқытушысының жұмысындағы қазіргі білім беру технологияларын қолдану» Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университеті (Ресей, Пушкин қаласы), Г.К. Нурманбекова - Словакия аграрлық университеті (Нитра қаласы).
Профессор-оқытушылар құрамы ғылыми мақалаларын Thomson Reuters, Scopus және Springer базасына кіретін журналдарда, нөлдік емес импакт-факторлы 7 ғылыми журналдарда жариялайды. Ағымдағы мерзімде профессор-оқытушылар құрамы Республикалық және халықаралық басылымдарда жалпы саны- 256 ғылыми еңбектерін жариялаған. Оның ішінде: 81 – БҒСБК ұсынған басылымдарда, 8- нөлдік емес импакт-факторлы басылымдарда жарияланған. 7 ғылыми монография жарияланған (Қазақстанда). Шет елдегі ғылыми конференциялар материалдарында 50, ал ҚР өткен халықаралық конференциялар материалдарында – 66 тезистер жарияланған.
2.6 Білім беру бағдарламасы жетістіктерінің сипаттамасы
Жұмысқа орналасқан түлектердің үлестік саламағы білім беру бағдарламасы тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Соңғы үш жылда жұмысқа орналасқан түлектердің үлестік саламағы жылдар бойы келесідей: 2012-2013 - 80%, 2013-2014- 88,9 %, 2014-2015 - 100%; магистратурада – 100%.
Кафедраның ғылыми жұмысы да белсендірілген. Ғылыми зерттеулер магистранттар қатысатын үш қаржыландырылатын ғылыми жоба тақырыбына негізделеді , олардың ішінде екі жоба ҚР БҒМ, ал біреуі - халықаралық жоба болып табылады, жобалардың жалпы сомасы - 17825200 теңге.
Студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарға қатысуы келесідей: в 2012 жылы - 20%, 2013 жылы - 31%, 2014 жылы - 100%, магистранттар - 100%.
Білімгерлер мен ПОҚ академиялық ұтқырлығы оқыту бағдарламасының қажеттілігі мен өзектілігінің, оның қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сәйкестігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Академиялық ұтқырлықты дамыту бағытында білімгерлер келесідей шет елдік ғылыми орталықтарда ғылыми тәжірибеден өтеді: Чехия, Праганың дамыту орталығы; Испания, Ллейда университеті.
Университетте аграрлық білім мен ғылым саласындағы келесідей халықаралық жобалар жүзеге асырылады: Эрасмус Мундус бағдарламасы, ТЕМПУС.
Соңғы жылдары ПОҚ шет елдік серіктес жоғары оқу орындарының ғалымдарымен бірлесіп оқу-әдістемелік әдебиеттер дайындап, баспадан шығару жұмысы да белсендірілген. Осы тұрғыда, мысалы, М.Б. Омаркулова (ҚазҰАУ), М.У. Успанова («Тұран» университеті), Елена Хорске (Словакия аграрлық университеті, Словакия) бірлесіп ағылшын тілінде «Халықаралық маркетинг» оқу құралын баспадан шығарды (19,0 б.б.).
Білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары жыл сайын Белоруссияның мемлекеттік агротехникалық университетінде (Минск қаласы) өтетін «Нарықтық экономика: бүгін және ертең» тақырыбындағы халықаралық студенттік ғылыми конференцияға белсенді қатысады, білімгерлердің жариялымдары мұның дәлелі болып отыр.
3. Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарының шешетін мәселелерінің сипаттамасы және оларды шешудің қажеттілігін негіздеу
Бүгінгі күні кафедрада келесідей өзекті мәселелер бар:
білімгерлердің академиялық топтарының аздығы;
электрондық оқулықтарды мен оқыту бағдарламаларын шығарудың қалыптасқан жүйесінің болмауы;
нөлдік емес импакт – факторлы жорналдарда ғылыми мақалаларын жариялауға ПОҚ мотивациясының төмендігі;
PhD докторанттарын дайындауға мемлекеттік тапсырыстың азаюына байланысты ПОҚ ғылыми дәрежелілігі үлесінің төмендеу қаупі;
мемлекеттік тілдегі оқу әдебиеттерінің жетіспеушілігі.
4. Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарының негізгі мақсаттары мен міндеттері
Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарының негізгі мақсаты, университеттің миссиясы мен стратегиясына сәйкес, Қазақстан экономикасының салаларында және әлемдік ғылыми – білім беру кеңістігінде сұранысқа ие болатын бәсекеге қабілетті бағалаушы кадрларды дайындау мен әлеуметтік бағытталған, жоғары мәдениетті және білікті тұлғаны дамыту мақсатында толыққанды, бағалау саласында сапалы кәсіби білім алу жағдайларын жетілдіру.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер атқарылуға тиісті:
№
|
Міндеттер
|
Шаралар
|
1
|
Толыққанды, сапалы кәсіби білім алуға жағдай жасау
|
Кәсіби құзіреттер мен біліктілікті қалыптастыру үшін білім беру қызметін жақсарту шараларын дайындау
|
2
|
Білім беру бағдарламасын жетілдіру үрдісіне, бітірушінің кәсіби құзіреттерін анықтауға жұмыс берушілерді тарту, жұмыс берушілер ұсынған оқыту пәндерінің оқу-әдісте-мелік қамтамасыз етілуін дайындау
|
БББ мазмұнын жаңартуда жұмыс берушілер ұсынған, еңбек нарығы талаптарына сәйкес келетін оқыту пәндерін енгізу
|
3
|
Бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу мен оқу–әдістемелік әдебиеттерді шығару мақса-тында шет елдік серіктес-термен тығыз байланыс орнату
|
Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығару
|
4
|
Білімгерлердің өзекті және тәжірибеде маңызды диплом-дық жұмыстар мен магистер-лік, докторлық диссертация тақырыптарын таңдауда жұ-мыс берушілер мен ҒЗИ ғалымдарының кеңес беруін және магистранттар мен докторанттардың зерттеулерін республиканың жетекші ҒЗИ
өткізуін ұйымдастыру
|
Жұмыс берушілер мен ҒЗИ ғалымдары ұсыныстарын ескере отырып, өзекті және тәжірибеде маңызды дипломдық жұмыстар мен магистерлік диссертация тақырыптарын тізімін құру
|
5
|
Білімгерлердің белсенді ғылы-ми жұмысын үстемелеу және мотивациялау
|
Ғылыми студеттік үйірме жұмысын, жыл сайын ғылыми конференция, конкурстар, олимпиадалар ұйымдас-тыру; кафедраның ғылыми зерттеу-лерін орындауға білімгерлерді тарту
|
6
|
Оқытылатын тілдердің шең- берін кеңейту мақсатында көптілді білім беруді дамыту
|
ПОҚ тілдер бойынша дайындығын жақсарту мақсатында ҚазҰАУ «Time to study» лингвистикалық білім беру орталығында оқыту
|
7
|
Инновациялық білім беру ортасын құру
|
ПОҚ электрондық оқу басылымдарын дайындау мен оқу үрдісіне енгізуін белсендіру
|
8
|
Білім беру кеңістігін кеңейту Ғылыми жобалар және
|
ПОҚ мен білімгерлердің академиялық ұтқырлығы шеңберінде универси-теттің жақын және алыс шет елдің жоғары оқу орындарымен халықа-ралық ынтымақтастығын кеңейту
|
9
|
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын
ПОҚ ғылыми дәрежелілігі үлесін жоғарлату
|
ПОҚ ғылыми дәрежелілігі үлесін ары қарай жоғарлату мақсатында жас оқытушылар мен магистранттарды ғылыми зерттеулерге және ары қарай докторантурада оқуға тарту
|
5. Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарының жүзеге асырудан
күтілетін нәтижелер
1. Білім беру сапасын жоғарлату;
2. Білім беру жүйесінің тиімділігін, ПОҚ үздіксіз кәсіби өсуін жоғарлату;
3. Кадрлық, ақпараттық-ресурстық, материалды-техникалық әлеуетті жаңарту;
4. «Менеджмент» білім беру бағдарламасы түлектерінің еңбек нарығындағы сұранысқа ие болуы.
6. Білім беру бағдарламасы қауіптері азайту шаралары
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қауіптерді азайтуға келесі шараларқолданылады:
№
|
Болуы мүмкін қауіптердің атауы
|
Оларды жою шаралары
|
1
|
Білім беру бағдарламасының контингенті санының азаюы
|
Ақылы – келісім шарт негізінде оқитын жаңа контингентті тарту мақсатында осы мамандықты тартымды жасау жұмысын белсендіру
|
2
|
Кәсіби пәндер бойынша мемлекеттік тілде оқу – әдістемелік әдебиетпен аз мөлшерде қамтамасыз етілу
|
Білімгерлердің оқу жоспарына сәйкес кафедраның профессор- оқытушы құрамы мен ғалымдардың жыл сайынғы ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттер шығары-лымын жоспарлау және сырттан сатып алу
|
3
|
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын ғылыми кадрлардың жетіспеушілігі
|
Кәсіби біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды кәзіргі талаптар деңгейінде магистратура мен PhD докторантура негізінде дайындау
|
4
|
Сабақтарды дәстүрлі әдіспен жүргізу
|
Білім берудің инновациялық технологияларын жетілдіру және оқу үрдісіне енгізу
|
5
|
Оқу аудиториялары мен
лабораториялардың ескіруі
|
Заманауи мамандандырылған оқу аудиториялары мен ғылыми- зерттеу лабораторияларын құру
|
6
|
Тәжірибе базасының ескіруі
|
Мамандық білімгерлерін өндірістік тәжірибеден өткізуге және болашақта бітірушілерді жұмысқа қабылдауға қажетті материалдық базасы бар кәсіпорындармен келісім – шарт жасау
|
7
|
ПОҚ жоғары индексті жорнал-дарда ғылыми жұмыстарын жариялауға мотивациясының төмен болуы
|
Нөлдік емес импакт-факторлы шет елдік басылымдарда ПОҚ жария-лымдарының жоспарын құру
|
7. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жоспары шараларының тізімі
№
|
Шаралар
|
Өткізу мерзімі
|
1
|
Әлеуетті жұмыс берушілердің міндетті қатысуымен Білім беру бағдарламасын жетілдіру
|
2015-2019
|
2
|
Жас ПОҚ білімін және ғылыми дәрежесін PhD докторантура бағдарлама бойынша және тәжірибеден өту арқылы жоғарылату
|
2015-2019
|
3
|
Ғылым және білім беру саласында шел елдік жетекші жоғары оқу орындарының профессорларын тарту
|
2015-2019
|
4
|
Оқу үрдісін өткізу барысында жетекші бағалаушыларды және ірі ұйымдардың жетекшілерін тарту
|
2015-2019
|
5
|
Оқытудың барлық деңгейдегі білім алушылары үшін оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алу және кафедра – ПОҚ дайындаған оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығару
|
2015-2019
|
6
|
Шаруашылық келісім-шарт бойынша қызмет түрлері, ҚР АШМ, БҒМ қаржыландырылатын грант алу конкурстарына, тендерларға қатысу арқылы ПОҚ ғылыми- әлеуетін көтеру
|
2015-2019
|
7
|
Нөлдік емес импакт-факторлы ғылыми журналдарға, Thomson Reuters, Scopus және Springer базасына енген журналдарға ғылыми мақалалар жариялау 2015-2019
8 ПОҚ және білім алушыларды тұрақты негі
|
2015-2019
|
8
|
ПОҚ және білім алушыларды тұрақты негізде академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету
|
2015-2019
|
9
|
Білім алушылардың зерттеу және өндірістік тәжірибеден өтуде кәсіби кәсіпорындармен келісімін бекіту
|
2015-2019
|
10
|
Шет елдік серіктестермен байланысты нығайту мақсатында оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару және ғылыми зерттеу жұмыстарын, біріккен ғылыми зерттеу жұмыстары мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару
|
2015-2019
|
11
|
Кәсіби шет тілді меңгерген ПОҚ санын көбейту
|
2015-2019
|
12
|
Оқу жоспарының материалды-техникалық базасын кеңейту
және модернизациялау (жаңарту)
|
2015-2019
|
13
|
ҚР ЖОО арасында мамандықтар бойынша ұлттық рейтингке қатысу
|
Жыл бойы
|
14
|
Оқу бітірген түлектер үшін тұрақты мониторинг өткізу
|
2015-2019
|
8. Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарын жүзеге асыру механиздері
Облыстық және аудандық деңгейдегі білім беру мекемелерінің әкімшілігімен бірлесе отырып ақылы келісім-шарт негізінде мектеп бітірушілер арасындаабитуриенттер тарту мақсатында белсенді кәсіби бағдарлама беру жұмыстарын жүргізу,ҰБТ-ға дайындау бойынша ауылдық мектептерде абитуриенттер үшін кеңес беру, мамандық таңдау, ҰБТ мамандықтары бойынша олимпиадалар ұйымдастыру,факультетте «Ашық есік күнін» өткізу. Білім беру бағдарламасы бойынша білімалушыларға мақсатты гранттар бөлу үшін облыстық әкімдермен келіссөздержүргізу.
Еңбек қарқынының сұранысы мен жұмыс берушілердің талабы, мазмұны мамандықтар бойынша жыл сайын оқу жоспарының негізінде әлемдік және қазіргіотандық тәжірибені жалпылау бағытында жыл сайын жаңарту.
Білім алушыларды инициативті, мемлекеттік бюджет негізіндегі ғылыми зерттеу жұмыстарға тартуды, кафедраның ПОҚ ғылыми жұмыстарын импакт –факторлы журналдарда жариялауды белсендіру.
Талантты жастарды ғылыммен айналысуға және оқытушылыққа тарта отырып және өзіміздің мамандарды PhD докторантурада оқыту есебінен ПОҚ сапалымамандармен толықтырып, жаңарту.
Оқытушылар мен білім алушылар оқытудың өзіндік траекторясы немесе білімберудің бағдарламасын таңдау есебінен әлемнің түрлі университеттерінде, шет елдіңжетекші ЖОО-да тәжірибе алмасу арқылы студенттер мен оқытушылардыңхалықаралық академиялық ұтқырлығын дамыту.
Қазақстан Республикасының жетекші кәсіпорындар базасында кәсіби
тәжірибе ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының әр саласында шаруашылық субъектілер
аймағындағы жұмыс берушілерді тарта отырып жыл сайын «Оқу бітірушілер
жәрмеңкесін» өткізу арқылы оқу бағдарламасының түлектерді жұмыспен қамтуүлесін жоғарылату.
9. Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарын жүзеге асырудың
әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау
Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарын жүзеге асыру арқылы келесідей әлеуметтік-экономикалық нәтижелер алынады:
- кәсіби білім беру сапасы және оның салдары ретінде, аграрлық экономика саласы мамандарының бәсекеге қабілеттілігі жоғарлайды;
- әлеуетті жұмыс берушілер қажеттілігін қанағаттандыратын бітірушілер дайындалады;
- кәсіби кадрларды дайындауда жұмыс берушілердің рөлі жоғарлайды;
- кәсіби білікті кадрларға сұраныстың жоғарлауы, олардың жастық құрылымын оңтайландыру;
- жастардың өздерін-өзі кәсіби шыңдау мүмкіндіктерінің кеңеюі;
- оқу-материалдық базаның жаңаруы (қазіргі талаптар мен нормаларға сәйкес келетін оқу-лабораториялық, компьютерлік және технологиялық база).
10. «Менеджмент» білім беру бағдарламасының бітіруші түлектің моделі
|
5B050700 –«Менеджмент»
|
6М050700 –«Менеджмент»
|
Қабілетті болуы керек:
|
• ұтымды басқару шешімдерін өткізу, дайындау және қабылдау, өндірісті ұйымдас-тыруды, еңбек пен басқаруды жүзеге асыру,
• өз білімдерін өндірістің нақты объекттерінде және қызмет көрсету аясында қолдану;
• кәсіпорын және оның бөлімшелерінің қызметіне жүйелік, үдерістік және жағдайлық жағынан талдау жасауды жүзеге асыру;
• өндірістік жоспарды өткізуді және дайындауды жүзеге асыру;
• кәсіпорын жұмысшы-ларының еңбегін нормалауды жүргізу және оны ұйымдас-тыруды жетілдіру бойынша іс-шараларды жасау.
|
- ұйымның экономикалық және өндірістік, басқарушылық қызметімен байланысты мақсаттарды қоюға және міндеттерді қалыптастыруға;
- мәліметтерді талдау және өңдеуге; ұйымның қойылған мақсатына жетуді ұйымдас-тыру бойынша логикалық дұрыс басқару шешімдерін қабылдау;
- нарықтық ортаның өзге-рістеріне ыңғайлы, ұйымның қызметінің тиімділігін жоға-рылату резервтерін анықтау және шешім қабылдау;
- инвестициялық жобаларға бағалау жүргізу және ғылыми, нормативтік, оқулық мәтінде-рімен жұмыс істеу;
- оқытушылық қызметте оқытудың белсенді әдістерінің заманауи нысандарын қолдану.
|
Білуі және түсіну керек:
|
- қазіргі жағдайда ауылшаруа-шылығы өндірісін тиімді басқару нысанын және әдісін, ғылыми және тәжірибелік қағидаларын;
- өндірістік менеджменттің негізгі қызметін;
өндірісті жоспарлау әдісі мен ғылыми қағидаларын;
өндірістік үдерісті ұйымдастырудың ұтымды қағидаларын;
еңбекті ұйымдастыру және ынталандыру нысанын;
Өндірістің және АӨК- кәсіпорын-дарының әлеуметтік дамуының ұйымдық-құқықтық нысандарын олардың салалық ерекшеліктерін ескере отырып өндірісті ұйымдас-тыру және технологияны, техниканы, экономиканы ұтымды басқару дағдысы болуы керек.
|
- бизнес және басқаруды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты Қазақстан Республи-касының Азаматтық Кодексінің және Конституциясының нормативтік талаптарын және негізгі ережелерін;
- сапа және жобаларды басқару бойынша мемелекеттік стандарттарды; ғылыми қызметтерді ұйымдастыру аясында отандық және шетел-дік алдыңғы қатарлы тәжіри-белерін, ғылымның жетістігін;
- тәжірибеде ғылыми зерттеулер мен есептеуді жүргізудің әдістерін қолда-нуды;
- бизнес және басқару қызме-тінің тиімділігінің әлеуметтік, экологиялық және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтауды;
- оқытушылық қызметтің психологиялық және педаго-гикалық әдістерін;
- салық салу және бухгалтерлік есептің қазақстандық заңды-лығының негізін, халықаралық және отандық стандарттарды, орындалатын жұмысқа қатысты басқа әдістемелік және нормативтік материалдарды, зерттеудің ғылыми әдістерін.
|
Құзіретті болуы керек:
|
аграрлық басқармада әкімші-лік-басқару қызметіндегі жұмыстар үшін, оқу орындарында, консалтингтік фирмаларда кәсіпорынның экономикалық қызметтерінің жұмысы үшін және аграрлық секторды ұйымдастыруға.
|
- коммерциялық және коммер-циялық емес ұйымдарды басқару және ұйымдастыру, экономика аясында;
- ұйымдастыру, жоспарлау және басқару қызметінің барлық түрлерін өткізу мәселелерінде;
- өзара тұлғалық қатынастарды орнатуда және ынталан-дырудың түрлі тәсілдерін қоодануда;
- кәсіби мамандарды дайындау аясында ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметтерді жүргізу мәселелерінде;
- ЖОО-да оқу үдерісін нормативті-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мәселелерінде.
|
Кафедра меңгерушісі О.Абралиев
Факультет деканы Е.Саркынов
Достарыңызбен бөлісу: |