Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет121/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

Қышқылды тəсілмен майлы емес сүзбені қышқылды – мəйекті тəсіл сияқты, тап сондай сызба байынша жəне сол жабдықтарда, бірақ та хлорлы кальциді, мəйекті ферментті немесе пепсинді қоспай, майсызданған пастерленген сүттен дайындайды. Ұйытқының қышқылдығы 75 - 80ºТ жетеді. Сарысудың бөлінісін жеделдету үшін ұйытқыны 36 -38ºС- ге дейін жылытады, 15 – 20 минут ұстайды, содан кейін сарысуды құйып тастайды. Ұйытқыны қаптарға ақтарады, өзіндік сығымдауды жүргізеді. Содан кейін оны сығымдайды, салқындатады, орайды немесе буын – түйеді.

Жұмсақ диеталы сүзбені дайындау технологиясы. Ұйытқыдан сарысу бөлінісінің еңбекке сыйымды процесі үшін бөлектеу тəсілмен сүзбені өндіру бойынша механикаландырылған желі құрылғы. Бұл кезде сарысуды ұйытқыдан бөлу сепараторда бөлінеді. Бұл желілерден сүзбені жұмсақ диеталы деп атайды. Сүзбе міндетті түрде гомогенизациямен бөлектеу тəсілімен дайындалады, ал оған бір буынды жұмсақ, нəзік консистенцияны қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жəне асханалық сүзбені дайындаудың технологиясы. Өндіріс сүтті қышқыл стрептококтардың таза дақылдарымен қышқылды – мəйекті тəсілмен ашытылған, майсызданған пастерленген сүтпен жүзеге асырылады, яғни майлы емес сүзбеге қаймақтың қосылуымен.Қаймақтың 50-55% майлылығын қолданады.Асханалық сүзбенің ерекшелігі болып оны майсызданған сүттің жəне пахтаның қоспасынан алынатындығы табылады

Балардың тамақтануы үшін арнайы өнімдерді əзірлейді. Мысалы, БҮ ( бөбектер үшін ) сүзбе 6 айлық жастағы балардың тамақтануы үшін арналған. Ол сүтті қышқыл стрептококтардың таза дақылдарынан ашытылған ашытқымен, жоғарғы температуралы өңдеуге ұшыраған қалыпты гомогенделген сүттен өңделеді, яғни кейінгі сарысудың ашытылған ұйытқының ультрофильтрация жолының бөлінісімен. Дəстүрлі тəсілмен дайындалған сүзбеден айырмашылығы БҮ – сүзбесі сүттің ең құнды ақуыздармен – сарысулы ( β – лактоглобулин, иммуноглобулиндер, лактоальбуминдер жəне тағы басқалары ), яғни бала организмінің максималды деңгейінің қажеттіліктеріне сəйкес келеді. Өнім нəзік, жұмсақ консистенциямен, таза қышқылды, сүтті дəммен иемденеді. Майдың 10%, ақуыздың 8 - 10%, қышқылдықтың 150ºТ артық емес, ылғалдылығы 77% артық емес құрайды. БҮ сүзбені сақтау мерзімі – 3 тəулік. Бөлек тəсілмен сүзбеден оның жеміс – жидекті толтыруыштармен, желатинмен ж əне басқа да қоспалармен кейінгі араластыруымен балалар мен үлкендердің тамағына тікелей тұтынылуы үшін арналған қышқылды сүтті ақуызды өнімдер.


223




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет