Карантиндік бөлімше - мал қорасын оқшаулаған аймағы, түгелдей биіктігі 2-2,5 м тақтаймен қоршалған карантиндік бөлімшенің қасына ашық қоршау (загон), үсті жабық мал қора жəне жылы мал қора салады. Бұлардың сыйымдылық орны есеппен алғанда тəуліктік əкелінген малдың 10 пайызы сыйатындай болуы керек.
Оқшаулауыш(изолятор) қарантиндік бөлімшенің жəне санитарлық қасапхананың қатарына жайғасады. Оқшаулауышта тұрған малды ауруынан жазылғаннан кейін, санитарлық қасапқанасына союға жібереді.
Санитарлық қасапқанасы – оқшауланған үй, мұнда ауру, не болмаса жұқпалы ауруға күмəнді малды сойып -өңдейді. Оны ерекшелеу орынға жайғастырады, бірақта оқшаулауыштың жəне карантиндік бөлімнен алыс болмауы қажет.
Өндірістік цехтарда - алғашқы өңдеу, іш-бауыр, май, ішек, шұжық, кулинарлық, тұшпаралық, консервілік, мұздатқыш, тері тұздау цехтары болады.
Мұздатқыш қасапқана (хладобойня) - мал шаруашылығы жақсы дамыған аудандарға салынады. Ол біріншіден мұздатқан етті кейін сақтайтын орын болып есептелсе, екіншіден - онда малды алғаш өңдеу, етті тобарсыту жəне мұздату жұмыстары жүргізіледі. Ет біраз уақытқа дейін ұша жəне жартылай ұша түрінде сақталады . Бұл мекемеде ет-май ғимараты, оның ішінде сою-бөлу , май, ішек-қарын, мұздатқыш цехтары, ет сақтау камерасы бар (сурет 5).
Қасапхана-бір қабатты ет өңдейтін мекеме. Мұнда малды алғаш өңдеу жұмысын жүргізеді, яғни ет, май, тері қан жəне ішек-қарын азық-түліктерін алады. Мынадай бөлімшелер бар: сою-бөлу, ішек-қарын, тері тұздау, ет жəне май бөлімшесі.
Мал соятын орын. Кішілеу келген аудандардың жəне ірі шаруашылықтардың орталығында салады. Оның жанында мал базасы, оқшаулауыш, сою-бөлу, ішек-қарын, тері тұздайтын бөлімше жəне кішкентайлау келген мұздатқыш болу керек.
5-сурет. Ірі қараның 5-7 бас мал соятын орнының типтік жобасы:
1-сойыс бөлімі ; 2-тері тұздау бөлімі; 3- ішек-қарын бөлімі; 4-суытқыш, 5-фрейбанк; 6-экспедиция; 7- жылыту қазаны; 8-киім ілгіш бөлмесі; 9-тамбур; 10-утиль бөлімшесі; 11-шатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |