Сүтті қабылдау жəне сорттау. Сүтті дəміне жəне иісіне, қышқылдығына жəне эталон бойынша тазалық топтары бойынша бірінші жəне екінші сорттарға сұрыптайды, оқтын - оқтын сүтті ірімшік жасауға жарамдылығын тексереді. Жоғарғы сортты сүттен ірімшік алу үшін келесі
талаптарды қанағаттандыру қажет: жақсы органолептикалық көрсеткіштері, микрофлораның анықталған сапалық жəне сандық құрамы, белгілі мөлшерде фосфорлы - кальций тұздар болу керек.
Ірімшік өндіру кезінде басты мағынаны құрамындағы ақуызды заттар, соның ішінде казеинды алады, себебі соның жəне сүттің майлылығының нəтижесінде ірімшік шығады. Сүттің ірімшік жасау жарамдылығын кешенді əдіспен, яғни оның органолептикалық бағасынан, қышқылдығынан, құрамында май, ақуыз, мəйекті, редуктазалы, ашытатын жəне мəйекті ашытатын сынаулардың болуымен анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |