Малдан қан шығару (қансыздандыру). Ірі қара малы мен шошқа жансызданғаннан кейін, ал қой сойылғаннан кейін (жансыздандыру операциясы) аспалы жолға көтеріледі. Əдетте ірі қара мал лебедканың (ауыр жүк көтеретін шынжыр) көмегімен, ал шошқа мен қой арнайы қондырғымен көтеріледі. Бұл орайда алдымен ірі қара малдың артқы екі аяғына, ал шошқа мен қойдың артқы бір аяғына шынжыр байланады.
Егерде ірі қара малдың 4,2% жылқыдан 3,5% жəне қойдан 3,2% тірі салмағынан қан алынса, онда қансырату жақсы деп есептелінеді. Бұл мөлшер шамамен денедегі барлық қанның 50-60% болып есептелінеді. Түгелдей қансырату болмаса, бұлшық етте көп қан қалады. Сол себептен ет шығымы жоғары болуы мүмкін. Дегенмен, мұндай еттің тауарлық құны төмен, нашар сақталып, тез бүлінеді. Малды асып сою тəсілінде, қансырату өте жақсы өтеді жəне ет, тағы басқа мүшелер малдəрігерлік тазалық жағынан да жақсарады (сурет 8). Қансырату деңгейіне көптеген факторлар əсерін тигізеді, олардың ішінде ең маңыздысы: малдың сояр алдындағы жайы, яғни тыныштық сақтау, ұрмау-соқпау.
8- сурет. Қансыздандыру
Тамақтыққа жəне дəрі жасауға қолданылатын қанды, малдан əдейі жасалған пышақпен алады. Оны кеңірдек бойымен жылжыта отырып оң құлақшаға (правое предсердие) енгізеді. Пышақтың соң жағына резинкалы шланг жалғасады, осы шланг арқылы 2-3 нөмірленген малдан қан əдейі
34
ыдысқа жиналады. Ұшаны жəне мүшені малдə рігерлік қараудан өткізіп , қан сау малдан алынғанын растағаннан кейін, оны үлкен ыдысқа құяды да, одан арғарай өңдеуге жібереді.
Ірі қара малына қан шығармас бұрын ілулі тұрған кезінде өңешіне лигатура салынады. Лигатура салу үшін мойын маңындағы теріні кесіп өңешті басқа іргелес ұлпалардан айырып алады.
Асқазанның ішіндегі заттар сыртқа тарап кетпес үшін өңешті байлап немесе қысқышпен қысып қояды.
Ірі қара малдың, шошқаның қанын тамақ өнімдеріне жəне емдік заттар жасау мақсатымен жинауға болады. Қанды қуыс пышақпен немесе арнайы қондырғылармен ( жабық т əсіл) жинайды. Жабық тəсілмен жинағанда қан ластанбайды жəне қанның шығымы да көбірек бодады. Қуыс пышақ тот баспайтын болаттан жасалады. Пышақтың бір жақ шеті үшкір болады, ал екінші шетіне резеңке шланг кигізіледі. Шлангтың екінші шеті қан жинайтын ыдысқа салынады. Қан жинау кезінде қуыс пышақты мойынға кіргізіп, кеңірдек жаққа қарай бапттайды, қуыс пышақтың ұшы жүрек айналасындағы ірі қан тамырларын кесу керек. Сонда қан пышаққа кіргізілген шлангымен қан жинайтын ыдысқа құйылады.
Қанды асқа қолданатын мақсатпен жинағаннан кейін, қан толық ағу үшін ірі қара малдың мойын айналасындағы ірі қан тамырларын кесіп жіберу керек, ал шошқаның кеуде сүйегінің астындағы омыртқаны жəне кеудедегі күре тамырды пышақпен шаншып жіберу керек.
Қойдың қанын асқа қолдану мақсатымен жинамайды. Қанын шығару үшін пышақты мойын майына кіргізіп ұйқы күре тамырын жəне жарамды күре тамырын кесіп жіберу керек. Қанның ағу (қансырату) ұзақтығы - 6-8 минут. Қанның толық ағуын бағалау өлшемі ретінде қанның шығымы саналады. Ірі қара малда ол 4,5 % кем болмау керек (тірі массадан), ал шошқа мен қойда - 3,5 % кем болмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |