§2. Өндірісті дайындау
196. Өндірісті дайындау базалық өндірістік процестердің жоспарлы бірқалыптылығын, ӘК-нің әртүрлі күйде болуының белгіленген мерзімін нақты сақтау мүддесінде өндірістік құрылымдарды мамандандыруды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, алдын ала орындалатын дайындық-қосалқы жұмыстар кешенін білдіреді. Ол өндірісті дайындау бөлімшесі орындайтын жұмыстарды қамтиды:
1) техникалық қызмет көрсету үшін қажетті бұйымдарды, бөлшектерді, материалдарды, құралдар мен жабдықты алдын ала жиынтықтау;
2) жиынтықталған авиатехникалық мүлікті орындаушылардың жұмыс орындарына жеткізу және оларды жұмыс орындарынан жинау;
3) қажеттілік техникалық қызмет көрсету процесінде анықталатын аваитехникалық мүлікпен жұмыс орындарын жедел қамтамасыз ету;
4) құралдық және жиынтықтаушы шаруашылықты жүргізу, құралдық және шығыс қоймасының жұмысын ұйымдастыру;
5) авиатехникалық мүліктің шығысын есепке алу және оған қажеттілікті айқындау;
6) бригадалар мен орындаушыларға авиатехникалық мүлікті беру;
7) авиатехникалық мүлік пен басқа да материалдарды сатып алуға өтінімдер жасау.
197. Мыналар ИАҚ-та өндірісті дайындауды жоспарлау мен ұйымдастыру (ТҚКЖ бойынша ұйымдастыру) үшін бастапқы деректер болып табылады:
1) әуе кемелерінің жоспарланатын жылдық ұшу сағаттары;
2) олардың түрлері, нысандары және тіркелген және транзиттік ӘК үлгілері бойынша техникалық қызмет көрсету саны, жоспарланатын кезеңде оларды жүргізу мерзімдері;
3) айырбас қоры материалдарының, бұйымдар мен бөлшектерінің, авиатехникалық мүліктің азаймайтын қорының, құралдар жиынтықтарының, жер үсті қызмет көрсету құралдарының, цехаралық және цехішілік көліктің әрбір қызмет көрсету нысанына арналған шығыс нормасы;
4) дайындық-қосалқы жұмыстарға нормативтік еңбек шығындары.
198. АТ-ға қызмет көрсетуге қажетті құрал, керек-жарақтар мен мүлік нақты объектілер мен жұмыстар кешендеріне арналған ПҚ негізінде ИАҚ әзірлейтін жиынтықтау ведомостеріне сәйкес жиынтықталады. АТ-дағы жұмыстар үшін пайдаланылатын құрал мен керек-жарақтар есепке алу, қабылдау-беруді және керек-жарақты тіркеу мақсатында шифрлермен (1-қосымша) таңбаланады.
199. Құралдар мен керек-жарақтар (жұмыс түріне қарай) жеке және жалпы пайдаланымдағы жиынтықтарға бөлініп, оларға тізімдеме жасалады.
Жеке және жалпы пайдаланымдағы құрал мен керек-жарақтар жиынтықтары (тізімдеме бойынша тексеріліп) әуе кемесіне қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау уақытына бригадаларға немесе жеке орындаушыларға беріледі.
Жалпы пайдаланымдағы құрал мен керек-жарақтар жиынтықтары сақталатын заттардан басқа беруге арналған құжаттама салынған контейнерлерге салынып сақталады.
200. Авиациялық-техникалық мүлік, жиынтықтаушы бұйымдар, құрал мен керек-жарақтар оларды бақылаусыз пайдалану мүмкіндігін болғызбайтын жерлерде сақталуға тиіс. Жиынтықтаушы бұйымдардың паспорттары (жапсырмалары) мен биркалары болуға тиіс, оларда атауы, нөмірі мен санаты көрсетіледі. Жарамды жиынтықтаушы бұйымдарды, бөлшектер мен материалдарды ақаулы (жөндеу талап етілетін, есептен шығарылған) және кондицияланбағандармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.
Авиатехникалық мүлікті ИАҚ-та сақтаған кезде:
1) бұйымдар мен материалдардың сақталуы үшін лауазымды адамдардың жеке материалдық жауапкершілігін белгілеу;
2) бұйымдар мен материалдарды штаттық ыдыста және олар үшін ПҚ-да белгіленген шарттарда ұстау;
3) бұйымдарда пайдалану құжаттамасында көзделген регламенттік жұмыстарды орындау қажет.
201. Қоймада сақтаудағы және ИАҚ бөлімшелері беретін авиатехникалық мүлік материалдық құндылықтарды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі талаптармен айқындалатын тәртіппен есепке алынады. Бұйымдарды объектіге орнату үшін беру (әдеттегі жағдайда) белгіленген үлгідегі өтінім (талап) негізінде және әдетте, АТ бортынан алынған бұйымдарға айырбасталып беріледі.
202. Бұйымдардың айырбас қоры, сондай-ақ ресурсын орындап болғандарын ауыстыруға арналған бұйымдар жиынтықтау ведомостері мен авиакәсіпорындар әзірлейтін және жасайтын бұйымдарды жоспарлы ауыстыру тізімдеріне сәйкес жасақтайды.
203. Сақталатын бұйымдарға қызмет көрсетуді, бұл жағдайда нарядтар мен формулярлар ресімдеуді көрсетілген жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілген мамандар ПҚ талаптарына сәйкес жүргізеді.
204. ӘК-ге орнатуға және жұмыс орындарына қажетті регламенттік жұмыстар орындалған, құжаттамасы (формулярлар, паспорттар) ресімделген, тұйықталған және пломбаланған тесіктері бар, тасымалдау кезінде бұйымның сақталуын қамтамасыз ететін қораптағы кондициялық бұйымдар жеткізіледі.
205. Техникалық параметрлердің нормасына сәйкестігін тексеру, ТҚКЖ орындау үшін ӘК-ден алынған АТ бұйымдары тиісті бөлімшелерге жіберіледі. Қажетті жұмыстар орындалғаннан кейін бұйымдар ӘК-ге орнату үшін қайтарылады немесе айырбастау қорына (шығыс қоймасы) беріледі.
206. ӘК-ден алынған бұйымдарда тесіктері тұйықталып, жұмыстар басшысының алу себебі туралы қорытындысымен бірге құжаттама ресімделуге тиіс. Жөндеуге жататын бұйым консервацияланады, формулярлармен (паспорттармен) бірге оралады, оларда қолданыстағы құжаттама талаптарына сәйкес жұмыс істегені мен алу себебі көрсетіледі.
207. Конструкциясында қымбат бағалы материалдар мен тастар бар АТ бұйымдарын, есепке алу, жинау, сақтау және беру тәртібі қымбат бағалы материалдар мен тастарды есепке алу, жинау, сақтау және Мемлекеттік қорға тапсыруды регламенттейтін нормативтік құжат талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
208. Құрал, керек-жарақтар, шығыс материалдары, қосалқы бөлшектер, ПҚ, жер үсті қызмет көрсету және АТ жай-күйін бақылау құралдары орналастырылатын жұмыс орындарына (жұмыс орны орындаушының (орындаушылардың) жұмыс орнын білдіреді) қызмет көрсету аваиакәсіпорын әзірлейтін технологиялық карталар бойынша жүзеге асырылады. Технологиялық карталарда жұмыс орындарын дайындау және жинау жөніндегі жұмыстардың құрамы, оларды жабдықпен, құралмен, керек-жарақпен, мүлікпен жиынтықтау туралы, қажетті құралдарды беру және жинау мерзімдері туралы мәліметтер көрсетіледі.
§3. Технологиялық-конструкторлық қамтамасыз ету
209. Авиациялық техникаға ТҚК жөніндегі жұмыстарды технологиялық-конструкторлық қамтамасыз ету үшін пайдаланушы мен ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар мамандандырылған бөлімшелер құрады не оны жүзеге асыруды жеке қызметкерлерге жүктейді.
210. Технологиялық-конструкторлық қамтамасыз ету мынаны қамтиды:
1) авиациялық техникаға ТҚК-ді ұйымдастыруды жетілдіру;
2) технологиялық процестер мен техникалық бақылау құралдарының жаңаларын әзірлеу және енгізу әрі қолданыстағыларын жетілдіру;
3) ПҚ-да көзделмеген жұмыстарды орындауға технологиялық нұсқаулар (карталар) дайындау, оларды жұмыс орындарында сынау;
4) жұмыс орындарын дайындау мен жинауға арналған технологиялық карталарды әзірлеу;
5) қызмет көрсету нысандары бойынша авиатехникалық мүлікті жиынтықтау ведомостерін жасау және пысықтау;
6) ТҚК регламенттерін, технологиялық нұсқамаларды және басқа құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, өнеркәсіпке авиациялық техниканың конструкциялық және өндірістік кемшіліктерін жою жөнінде талаптар қою үшін материалдар дайындау;
7) жаңа борттық және технологиялық жабдық, АТ-ға жер үсті қызмет көрсету құралдарын, құралдарды, керек-жарақты, жабдықты жұмыс орындарына орналастыру схемаларын жетілдіру, әзірлеу және енгізуге қатысу;
8) мамандандырылған жұмыс орындарына жұмыс түрлері мен оларды орындау қағидалары, жабдықтың, құралдың жиынтығы мен технологиялық карталар, жұмыс орындарын ұстауға қойылатын талаптар мен оны тексеру кезеңділігі көрсетілген паспорттарды жасау;
9) авиациялық техникаға әр операция және әр кезең бойынша ведомостерді, авиациялық техникаға қызмет көрсетудің технологиялық кестелерін жасау;
10) ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың борттағы даналарына өзгерістер енгізу;
11) бақылау даналарын жүргізу, ТҚКЖ жөніндегі ұйым құжатымен айқындалатын тәртіппен технологиялық құжаттаманың бақылау даналарын жүргізу;
12) қайтару-айырбастау қоры мен айналмайтын қор бұйымдарының тізбелерін әзірлеу.
211. Технологиялық-конструкторлық қамтамасыз етудің тиімді болуы мақсатында ӘК үлгілері мен жабдық түрлері жеке мамандарға бекітіліп беріледі, олар:
1) ӘК-нің және оның жабдығының жиынтықталуын бақылауды;
2) әуе кемелеріне арналған нөмірлік және кеме құжаттамасы бойынша жиынтықталуды және ресімдеудің дұрыстығын тексеруді;
3) ӘК мен АТ бұйымдарына арналған бюллетеньдердің түсуін есепке алуды, олардың сақталуын;
4) ӘК-ні жөндеуге тапсыруға қатысуды, оларды жөндеуден және дайындаушы зауыттардан алуды;
5) ӘК-ні қайта жарақтауды ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз етеді.
§4. Метрологиялық қамтамасыз ету
212. Мыналар әуе кемелеріне ТҚ-ны метрологиялық қамтамасыз етудің (метрологиялық қамтамасыз ету – өлшемдердің бірлігіне және талап етілетін бірлігіне қол жеткізу үшін қажетті ғылыми және ұйымдық негіздерді, техникалық құралдарды, қағидалар мен нормаларды белгілеу және пайдалану) негізгі міндеттері болып табылады:
1) өлшеу құралдарын (бақылау-өлшеу аспаптарын және бақылау-тексеру аппаратурасын) қолдануға тұрақты жарамдылықта ұстау, бұйымдар мен әуе кемелері жүйелерінің параметрлерін өлшеудің талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету;
2) өлшеу құралдарының жай-күйін талдауды жүргізу;
3) өлшеу құралдары мен бақылау-тексеру аппаратурасын тексеруді және метрологиялық аттестаттауды, әзірленетін конструкторлық, технологиялық, пайдалану және жөндеу құжаттамасын метрологиялық сараптауды жүргізу;
4) мемлекеттік және салалық стандарттарды енгізу, өлшеу дәлдігінің нормаларын, оларды орындау әдістерін және метрологиялық қамтамасыз етудің басқа да ережелерін регламенттейтін кәсіпорын стандарттарын әзірлеу және енгізу;
5) өлшеу құралдарының, бақылау-тексеру аппаратурасының жай-күйін, пайдаланылуын, тексерілуі мен жөнделуін және авиациялық техника ТҚКЖ-ының метрологиялық қағидалары мен нормаларының сақталуын бақылау.
213. Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау мынамен негізделеді:
1) өлшеу құралдарын есепке алу,
2) жоспарлы мерзімдерін (тексерудің кезеңділігі ПҚ-да белгіленеді) бақылауды қоса алғанда, базалық тексеру-жөндеу метрологиялық зертханаларында және техникалық реттеу органдарында өлшеу құралдарын тексеру және жөндеу жоспарларын (кестелерін) әзірлеу және жүргізу;
3) өлшеу құралдарының тұрақты жарамдылығын қамтамасыз ету;
4) өлшеу құралдарының және құжаттаманың барлық түрлерінің жай-күйін метрологиялық бақылау.
214. Ақаусыз және осы АТ-да пайдалануға рұқсат етілген, метрологиялық тексерулер мен аттестаттаудан өткен құралдар ғана ЭҚ мен ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қолдануға жіберіледі.
215. Өлшеу құралдары авиакәсіпорын жоспарлаған мерзімде және оның басшысы белгілеген тәртіппен тексеруге жіберіледі.
216. Пайдаланылатын өлшеу құралдарында ПҚ (формулярлар, паспорттар, аттестаттар, пайдалану жөніндегі нұқсаулықтар, техникалық сипаттамалар, тексеру әдістемелері) болуға тиіс. ПҚ жоқ өлшеу құралдары пайдалануға жіберілмейді.
217. Авиакәсіпорында дайындалатын немесе жаңғыртылатын стандартталмаған өлшеу құралдары метрологиялық аттестаттауға, ал олардың құжаттамасы – метрологиялық сараптамаға жатады.
Авиакәсіпорында әзірленетін техникалық құжаттаманың барлық түрлері де метрологиялық сараптамаға жатады. Метрологиялық сараптамадан өтпеген құжаттаманы пайдалануға жол берілмейді.
218. ТҚКЖ жөніндегі ұйымның өлшеу құралдарын тексеруге және аттестаттауға, құжаттаманы метрологиялық сараптауға жіберілетін мамандары арнайы даярлықтан өтеді және оларға көрсетілген жұмыстарды жүргізуге рұқсат беріледі.
§5. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің басқа түрлерінің ерекшеліктері
219. ТҚК кезінде пайдаланылатын арнайы машиналармен – жалпы пайдаланымдағы жер үсті қызмет көрсетудің жылжымалы, автомобиль шассиінде орындалған құралдарымен қамтамасыз ету пайдаланушымен және ТҚКЖ жөніндегі ұйыммен жасалған шарттар негізінде әуежайдың мамандандырылған бөлімшесіне жүктеледі.
Арнайы көлік жүргізушісі мен персоналы даярланған болуға және арнайы машина мен оның жабдығын пайдалануға рұқсаты болуға тиіс.
ТҚК-ді қамтамасыз ету үшін келетін арнайы көліктің ӘК-ге кіруі (ӘК-ден кетуі) осы кемедегі ТҚК жұмыстарының жетекшісінен тапсырма алған маманның командасы бойынша жүргізіледі.
Көрсетілген құралдарды пайдаланатын мамандардың тиісті даярлығы мен олармен жұмыс істеуге рұқсаты болуға тиіс.
10-тарау. ӘК-ні пайдалану кезінде әуе кемелерінде орындалатын жұмыстардың жалпы түрлері
§ 1. Ұшақтардың арнайы жабдығын күтіп ұстау қағидасы
220. Ұшақтардың арнайы жабдығын реттеу (аспапты немесе механизмді тексеру және реттеу) қолданыстағы нұқсаулықтарға сәйкес:
1) авиациялық техникаға сәулелену қарқынының бағытын, таралуын және бұйымның жұмыс режимін өзгертуі мүмкін антенналар мен бұйымдарды орнатқан (ауыстырған) кезде;
2) бұйымның осы үлгісін техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және осы бұйымдар орнатылған авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету регламенттерінде көзделген мерзімде жүргізіледі.
221. Арнайы жабдық бұйымдарының девиациясын айқындауды және азайтуды, девиация кестелерін жасауды, сондай-ақ олардың болуын бақылауды бөлімшелердің штурмандары немесе экипаж АТ-ға техникалық қызмет көрсету жөніндегі тиісті мамандарды тарта отырып жүргізеді.
222. Әуеайлақ жағдайларында пайдалану кезінде реттеу үшін арнайы құрылғылары (бұрандалары) бар арнайы жабдық бұйымдарын реттеу инженердің міндетті түрде қадағалауымен жүзеге асырылады.
223. Ұшақтардың арнайы жабдығын пайдалану кезінде:
1) жабдық қосылыстарының схемасына өзгерістер енгізуге және егер бұл қолданыстағы техникалық құжаттамада көзделмесе, бір үлгідегі (маркадағы) аппаратураны, аспаптарды, олардың бөлшектері мен электр сымдарын басқа үлгідегі (маркадағы, модификациядағы) бұйымдарға ауыстыруға;
2) бұйымдардың элементтерін қайта монтаждауға немесе қайта орналастыруға және экрандау мен металдауды бұзуға;
3) металдандыру сымдары мен маңдайшаларының қиылысын өзгертуге, сымдардың бос ұштарын тұйықтамай қалдыруға, жгуттардың байлануын бұзуға;
4) аспаптар мен агрегаттарды қышқылдармен, сілтілермен және басқа химикаттармен бірге сақтауға;
5) аспаптар мен агрегаттарды арнайы жабдықталған шанақтары немесе амортизациясы бар контейнерлері жоқ жүк автомашиналарында тасымалдауға;
6) схемада көзделгеннен гөрі үлкен токқа есептелген сақтандырғыштар мен қорғау автоматтарын пайдалануға;
7) байланыс нүктелерін, коллекторларды тазарту үшін, сондай-ақ щеткаларды ысқылау үшін зімпара қағазын пайдалануға;
8) кернеу астындағы бұйымдарда монтаждау және бұзу жұмыстарын орындауға;
9) авиациялық техниканың дұрыс жұмыс істемеуінің себебі анықталмаған және жойылмаған кезде оны пайдалануға рұқсат етілмейді.
224. Радиожабдықты қарау және оны күтіп ұстау кезінде мынадай шарттар орындалады:
1) фюзеляжішілік антенна сымы авиациялық техника конструкциясының элементтерінен кемінде 50 мм арақашықтықтағы тірек изоляторларына салынуға тиіс;
2) радиожабдық кедергілерінің деңгейі ұшақтың осы түрі үшін белгіленген шектерде болуға тиіс. Кедергіден қорғайтын барлық құрылғылар ақаусыз болуға тиіс;
3) жұмыс істеп тұрған радиолокациялық станцияның сәулеленуі басқа авиациялық техникадағы ұқсас жабдық антенналарының, сондай-ақ таяу маңдағы адамдардың сәулелену мүмкіндігін болдырмайтындай бағыттау керек.
225. Радиожабдықты тексеріп және оны күтіп ұстау кезінде:
1) радиоаппаратура қондырғыларының дайындаушы зауыттардың арнайы талаптарында көзделген жиынтығын бұзуға;
2) антенна құрылғыларының изоляторларын, олардың айналдырғыштары мен радиолокаторлардың антенналарын технологияда көзделмеген бояумен бояуға;
3) аппаратура бұйымдарының қозғалыстағы элементтерін жұмыс режимінде дұрыстауды және реттеуді жүргізуге;
4) ақаулы, қызмет көрсетуші персоналды электр тогымен зақымданудан қорғауға арналған құрылығылары бар радиожабдықты пайдалануға;
5) бұйымдармен жұмыс істеген кезде оларды жылу берілісін нашарлататын заттармен жабуға;
6) майысқан жерлері бар, геометриялақ пішіні өзгерген, жұмыс імтейтін беткі қабаттарының ақауы бар антенналарды, олардың шағылыстырғыштарын және толқынбергіштерді пайдалануға;
7) аппаратураның жұмысқа қабілетін қалпына келтіру кезінде техникалық параметрлері техникалық сипаттамалар мен схемаларда көрсетілген деректерге сәйкес келмейтін бұйымдар мен материалдарды пайдалануға;
8) радиожабдықты бұзу, сақтау және тасымалдау кезінде толқынбергіштердің ұштары мен құбыржолдардың штуцерлерін оларға шаңның, ылғалдың немесе бөгде заттардың түсуінен қорғайтын арнайы тығындағыштармен жаппай қалдыруға жол берілмейді.
226. Аспап жабдығын қарау және оларды күтіп ұстау кезінде мынадай шарттар орындалады:
1) барометрикалық биіктік өлшегіштердің тексеруді және олардың көрсеткіштерін түзетуді есептеуді ҚР Көлік және коммуникация министрлігі бекіткен нұсқаулық бойынша жүргізу;
2) техникалық құжаттамада көзделген үлгілер мен қималардағы құбыржолдар мен дюритті қосылыстарды орнату;
3) авиациялық техникаға компастардың девиациясына әсер ететін агрегаттарды немесе қосымша жабдықты әрбір орнатқан сайын және жаңа компас жиынтығын орнантқаннан кейін компастардың девиациясын айқындау және азайту;
4) авиациялық аспаптарға қорек беретін құбыржолдардың герметикалы болуын қамтамасыз ету, бұл ретте күрт бүгуге, сығуға жол бермеу және оларды авиациялық техниканың конструктивтік элементтерімен жанасудан қорғау;
5) икемді білікшелердің 150 мм-ден кем радиусы бар бүгілісі болмауға тиіс;
6) термометрлердің компенсаторлық сымдарының бұйымдардың ыстық элементтерімен жанасуына жол бермеу;
7) авиациялық аспаптардың қорек жүйесін үрлеу үшін пайдаланылатын сығылған ауаның қысымы 2 кг/см2-ден аспауға тиіс.
227. Конструкциясына гироскопиялық элементтер кіретін бұйымдарды пайдалану және жөндеу кезінде:
1) жұмыс істемейтін және арретирленген гироскоптары бар бұйымдарды сілкілеуге және ұруға;
2) бұйымдарды гироскопиялық элементтерді қорғаудың арнайы шараларынсыз тасымалдауға;
3) аспап тақтайларынның және құбыржолдардың байлануының амортизациясын бұзуға;
4) авиациялық аспаптардың қорек жүйелерін жуу және үрлеу үшін құбыржолдардың коррозиясын туындататын сұйықтықтарды немесе газдарды пайдалануға;
5) АТ-дағы аспаптарды тексеру уақытында құбыржолдардағы қысымды күрт өзгертуге;
6) термометрлердің компенсаторлық сымдарын қысқартуға не ұзартуға;
7) борттық өздігінен жазғыштарға технологиялық нұсқауларда көзделмеген таспа орнатуға жол берілмейді.
228. Оттегілік жабдықты қарау және оны күтіп ұстау кезінде мынадай шарттар орындалады:
1) барлық оттегі баллондарын тексеру және Мемқалатехқадағалау нұсқаулықтарына сәйкес сынау;
2) оттегі жүйелерінің монтажын оттегі жабдығымен жұмыс істеу қағидаларын білетін адамдар орындауға тиіс; оттегі маймен қосылған кезде жарылыс қаупі бар екенін есте ұстау қажет;
3) оттегі жүйелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын құрал хромдалған, таза болуға тиіс және оны басқа жұмыстар үшін пайдалануға болмайды.
229. Оттегі жабдығын қарау және оны күтіп ұстау кезінде:
1) оттегі жабдығының маңында жалындау көздерін пайдалануға;
2) жүйеде оттегі қысымы болған кезде құбыржолдарды ажыратуға байланысты қандай да бір жұмыстарды жүргізуге;
3) борттық және көшпелі баллондарды рұқсат етілетін шамадан жоғары қысымға дейін толтыруға;
4) толтыру үшін паспорттары мен «Медициналық оттегі» деген жазуы жоқ оттегіні, сондай-ақ техникалық құжаттардың талаптарын қанағаттандырмайтын оттегіні пайдалануға;
5) үй-жайда оттегі толтырылған баллондарды сығылған күйдегі басқа газдармен, қышқылдармен, майлармен және тоң май заттарымен бірге сақтауға;
6) баллондардың бұрандаларын нұсқаулықта көзделмеген қандай да бір жақпамен майлауға;
7) жарамдылық мерзімі өткен баллондарды пайдалануға;
8) электр сымдары жгуттарының оттегі жүйесінің құбыржолдарына тиюіне және жгуттарды олармен бекітуге;
9) оттегі құбыржолдарын осы мақсат үшін көзделмеген дәнекерлеуіштермен жалғауға жол берілмейді.
230. Электр жабдығын тексеріп қарау және оларды күтіп ұстау кезінде мынадай шарттар орындалады:
1) электр қондырғыларын тексеріп қарауды борттың электр желісін токсыздандырып жүргізу; егер тексеріп қарау кернеу үстінде орындалатын болса, қысқа тұйықталуды және токпен зақындануды болдырмау үшін ерекше сақ болу;
2) штепсельді ажыратқыштарды (ШР және ШРГ) таза ұстау, механикалық зақымдануды, бекітудің босауына, қышқылдануға, оларға ылғалдың түсуіне жол бермеу;
3) сақтандырғыштарды осы тізбектің электр схемасында көзделген ток күшіне ғана ортану;
4) кернеудің болуын аспаппен ғана тексеру, «ұшқынмен» тексеруге жол бермеу.
231. Электр жабдығын тексеріп қарау және оларды күтіп ұстау кезінде:
1) тарату құрылғыларының электр қалқандарын, тарату қораптарын, аппаратураның клемді панельдерін ашық қалдыруға;
2) отынды құю және төгу кезінде, отын аққан кезде электр энергиясының көздерін қосуға және сөндіруге әрі электр жабдығын тексеруге;
3) отын бактары орналасқан бөліктерінде және бензинмен жаңа ғана жуылған жерлерде сымдарды жалғауға;
4) оттегімен жалғауды пайдалануға;
5) осы жүйе үшін көзделмеген үлгідегі және қуаттағы жарық беру және сигнал беру шамдарын, жартылай өткізгіш диодтарды орнатуға;
6) ақауларды жою үшін пайдалану шарттарында желіні қорғау автоматтарын, сөндіргіштерді, қайта қосқыштарды және түпкі сөндіргіштерді ашуға және бұзуға;
7) технологияда көзделмеген оқшаулау материалдарын пайдалануға;
8) бақылау разряды кезінде номиналды 75%-дан төмен сыйымдылығы бар борттық оттегі аккумуляторларын пайдалануға;
9) қышқылды және сілтілі аккумуляторларды бір жерде сақтауға немесе бір уақытта толтыруға;
10) сымдарды монтаждау схемасында көзделмеген жерлерге қосуға;
11) бір байланыс болтына екіден артық сым, сондай-ақ қимасы жағынан айтарлықтай ерекшеленетін сымдарды қосуға;
12) тізбегінде конденсаторлар бар жабдықты тексеру үшін мегомметрлерді пайдалануға (олардың тұрып қалуын болдырмау үшін);
13) кернеуі (жиілігі) рұқсат етілген шектерге сыймайтын әуеайлақтық электр энергиясы көздерін пайдалануға;
14) жүктемесі бар әуеайлақтық қорек көзінің борттық штепсельді ажыратқышын қосуға және ажыратуға жол берілмейді.
§2. Әуе кемелеріне жанар-жағармай материалдарын құю
232. Әуе кемелеріне ЖЖМ құю және олардың сапасын бақылау жөніндегі жұмыстар осы жұмыстарды жүргізуге арналған ПҚ талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Мамандандырылған бөлімшелер – ЖЖМ қызметтері мен арнайы көлік қызметтері ЖЖМ сапасы мен отын құю құралдарының жай-күйін қамтамасыз етеді.
ӘК-ге отын құю жұмыс қауіпсіздігінің, отын құю, сақтау және тасымалдау кезінде ЖЖМ шығынын болғызбау шаралары қамтамасыз етіле отырып тек кондицияланған және пайдалануға дайындалған ЖЖМ-мен жүргізіледі.
Уәкілетті органның жеке нормативтік құжатында айтылған жағдайларды қоспағанда, бортта жолаушылар болған кезде әуе кемесіне ЖЖМ құюға жол берілмейді.
233. ЖЖМ қызметі ЖЖМ-ны зертханалық талдауды жүргізеді және оларға көзделген құжаттарды ресімдейді. Жергілікті әуе желілерінің әуежайлары мен уақытша әуеайлақтарды қоса алғанда, барлық жағдайларда зертханалық талдау құжаттары ресімделген ЖЖМ пайдаланылады.
Күн сайын әуеайлақта отынды, май мен арнайы сұйықтықтарды бақылауды жүзеге асыру, отын құю құралдарын тексеру ЖЖМ қызметінің мамандарына, қажет болған жағдайда әуежайдың басқа қызметтерінің даярланған жұмыскерлеріне жүктеледі.
234. Әуе кемесіне ЖЖМ құю жауапкершілігінде ӘК бар лауазымды адамның рұқсатымен жүргізіледі. Отын құюға рұқсат беретін адамдар және оны жүзеге асыратын жұмыскерлер жүргізілетін жұмыстардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
235. Әуе кемелеріне ЖЖМ құю оларды пайдалану жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес орталықтандырылған отын құю жүйелерінің, арнайы машиналардың және басқа да отын құю құралдарының көмегімен жүргізіледі. Бұл құралдардың таратқыш құрылғылары ақаусыз және таза болуға, сүзгілердің қақпақтары мен құятын ауыздары белгіленген тәртіппен пломбалануға тиіс. Отын құю құралдары бақылап тексерілгеннен кейін ғана пайдалануға жіберіледі.
236. Ұшуға қажетті отын мөлшерін ӘК командирі айқындайды. Құйылатын отын мөлшері туралы шешім оның кеме багындағы қалдығы ескеріле отырып қабылданады. Отын қалдығын өлшеуді осы жұмыстарды жүргізуге арналған ПҚ талаптарына сәйкес бортинженер (бортмеханик, ұшқыш), ал кеме ИАҚ-қа берілген жағдайда – ӘК-ні күтіп алатын авиатехник (тұрақ бойынша кезекші) жүргізеді. Ұшуы жоспарланбаған әуе кемелеріне отын осы ӘК түріне арналған құжатта айқындалған мөлшерде ұшып келген соң құйылады.
ӘК-нің ұшуына нақты отын құюға арналған талапты бортинженер (бортмеханик, ұшқыш) жазып береді. Бақылау талонының нөмірі көрсетілген ЖЖМ-ға арналған талап көшірмесі ұшуға арналған тапсырмаға тіркеледі.
ТҚК жүргізудің технологиялық мұқтаждарына қажетті отынға арналған талапты әуе кемесіне ТҚК жөніндегі жұмыстардың жетекшісі жазып береді. Отын құйылғаннан кейін ӘК-ні ұшуға шығаруға жауапты авиатехник борт журналына және наряд картасына ұшудан кейінгі нақты отын қалдығы, құйылған отын мөлшері және оның бактардағы жиынтық мөлшері туралы жазады. Егер бұдан кейін үстеме отын құю жүргізілген болса, онда үстеме құйылған отынның мөлшері мен үстеме отын құйылғанна кейінгі жиынтық мөлшері жазылады.
237. АА ұйымында қабылданған өндірістік функцияларды бөлуге сәйкес ӘК-ге отын мен май құюды ЖЖМ, арнайы көлік, ИАҚ және тағы басқа осы жұмыстарды жүргізуге жіберілген жұмыскерлері жүзеге асырады.
Отын құю функцияларын қамтамасыз етуді дербес бөлу лауазымдық нұсқаулықтар деңгейінде (үлгі жағдай – ӘК-ге отын құюды жүргізетін жұмыскер үшін) мыналар көзделуге тиіс:
1) ӘК-ге жауапты жұмыскердің командасы бойынша авиакәсіпорын бекіткен кіру схемасына сәйкес отын құю құралының кіруі;
2) отын құю құралдарын бақылап қарап тексеру;
3) жауапкершілігінде ӘК бар лауазымды адамға (жұмыскерге) ЖЖМ-ға арналған бақылау талонын, отын құйғыштың тұндырғышынан құйып алынған ЖЖМ сынамасын беру, отын құю шлангасындағы бирканы тексеру (қысыммен тексеру күні) және одан отын құюға рұқсат алу;
4) отын құю құралын тұйықтау және оның дөңгелектерінің асына тірек қалыптарын орнату, отын құйғыш пен әуе кемесінің электр әлеуетін теңестіру арқанын қосу;
5) жабық түрде отын құю кезінде тарату құбырының ұшын ӘК-дегі отын құю штуцерімен түйістіру, ашық түрде отын құю кезінде тарату кранының үшкір темірін (пистолетті) ӘК-дегі бак аузының борттық ұяшығымен электрлі қосуды қамтамасыз ету (ұяшық болмаған кезде – отын құярдың алдында тарату кранын кеме қаптағышына бак аузынан 1,5 м-ден артық жақындатпау қажет;
6) отын бактарының ауыздарын (отын құю штуцерлерн) ашу;
7) бакқа отын құю, отын құйған соң кемінде он-он бес минуттан кейін тұрып қалған отынды төгу;
8) отын құйып болған соң тарату құбырын борттық штуцерден ажырату және ауыздарын, штуцерлерді жабу. Барлық жағдайларда ӘК-нің отын құятын ауыздары мен штуцерлерін жабу үшін жауапкершілік отын құюды жүргізген жұмыскерге жүктеледі. Жауапкершілігінде ӘК бар лауазымды адам (жұмыскер) тікелей отын құю аяқталған соң көрсетілген нүктелердің жабылауын бақылауды жүзеге асырады.
238. ӘК бактарына отын және май құюға рұқсатты мыналар бере алады:
1) ӘК экипажының ӘК-нің жарақталуын жедел бақылау мен қадағалау және оны ұшуға дайындау жөніндегі жедел функциялар жүктелген мүшесі (егер ӘК экипаждың жауапкершілігінде болса);
2) ИАҚ бөлімшесінің әуе кемесіне ТҚК-ға басшылықты тікелей жүзеге асыратын жұмыскері (егер ӘК-ні экипаж қабылдамаған болса).
Әуе кемесіне ЖЖМ құюға рұқсат берердің алдында ӘК-нің отын құюға әзірлігін тексеруді және ӘК-нің осы түріне арналған ПҚ талаптарына ЖЖМ-ның сәйкестігін қамтамасыз ету;
3) ӘК бактарынан тұрып қалған отынның төгілуін бақылау және онда су мен механикалық қоспалардың болмауын тексеру;
4) бақылау талоны бойынша ЖЖМ-ның құюға жарамдылығын, ЖЖМ маркасының осы ӘК түріне сәйкестігін, отында мұздануға қарсы телімнің болуын, отын құйғыштың тұндырғышынан құйып алынған сынаманы бақылау күні мен уақытын, ЖЖМ қызметінің лауазымды адамдарының бақылау талондарындағы жазбаларды растайтын қолдарының болуын тексеру;
5) тұрып қалған отынды төгу (төгуді бақылау) және отын құйғыштың тұндырғышынан құйып алынған сынамада су мен механикалық қоспалардың болмауын тексеру;
6) ӘК-ні тұйықтау, отын құю құралының тұйықталуын және ӘК мен отын құю құралының электр әлеуетін теңестіру арқанын (сымын) қосуды тексеру;
7) тұрақ орнында өрт сөндіру құралдарының, кеме тіректері дөңгелектерінің астында тірек қалыптарының болуын, қанаттың, фюзеляждың, гондоланың астында сатылардың және басқа да ірі габаритті заттардың болмауын тексеру қажет. Отын құюға әзірлікті тексеру оң нәтиже берген кезде оны жүргізуге рұқсат беріледі.
Отын құйылғаннан кейін авиатехник ӘК-нің осы түрі үшін көзделген нүктелерден тұрып қалған отынды төгуді жүргізеді және тұрып қалған отында су мен қоспалардың жоқтығын тексереді. Тұрып қалған отын тексерілгеннен кейін осыған арналған ыдыстарға төгіледі.
Тұрып қалған отында механикалық қоспалар, су немесе мұз кристалдары табылған кезде олардың пайда болу себептерін айқындау және қоспалар мен суды толықтай жою жөнінде шаралар қабылданады. Мұндай жағдайлардағы іс-қимыл тәртібін пайдаланушы мен әуежай айқындайды.
Ұшудың алдында бортинженер (бортмеханик, ұшқыш) құйылған отын мөлшерін тексереді.
239. ӘК-нің осы түріне сәйкес келмейтін ЖЖМ құюға ұсынылған, тексеру кезінде олардың кондициялы болмауы анықталған, бақылау талоны дұрыс ресімделмеген немесе СЗ оларға қойылатын талаптарды қанағаттандырмаған жағдайда ӘК-ге отын құюға жол берілмейді.
Отын құюдың мүмкін еместігі туралы орындаушы ӘК-де орындалатын жұмыстардың басшысына баяндайды. ӘК экипаждың жауапкершілігінде болған жағдайда бортинженер (бортмеханик) жедел шаралар қабылдау үшін отын құюдың мүмкін еместігі туралы әуежайдың диспетчерлік қызметіне баяндайды.
240. ӘК бактарына отын (май) толық (ішінара) төгілген кезде жұмыстарды орындау ИАҚ жұмыскерлеріне, экипаждың немесе ЖЖМ қызметінің мүшелеріне жүктеледі. Бұл ретте ИАҚ немесе экипаж мамандары төгу кезектілігін белгілейді, ӘК-ге орнатылған отын (май) жүйесінің аппаратурасын басқарады, ӘК-нің орталықтануын сақтау және бактардың майысуын болғызбау жөнінде шаралар қабылдайды.
Бұл жағдайда қызметтер мен мамандардың өзара іс-қимыл жасауының тәртібін пайдаланушы мен әуежай айқындайды.
241. Жауын және шаңды күшті (10 м/сек аспайтын) жел кезінде, күн күркіреген уақытта (атмосфералық электрдің разряды кезінде) ӘК-ге отынды ашық түрде құюға және күркіреу разряды кезінде жабық түрде отын құюға жол берілмейді.
242. ӘК-ге отын құю (төгу) кезінде:
1) электр энергиясы көздерін қосуға және ӘК-ден ажыратуға, ұшқын немесе электр доғасының көзіне айналуы мүмкін электр құралдарын пайдалануға, ӘК-ге отын құюға және оны бақылауға байланысы жоқ борттық электр энергиясын тұтынушыларды қосуға, кемені электр энергиясы көзімен қосатын сымдарды жерүсті қызмет көрсету құралдарына кіру (кету) жолдарына орналастыруға;
2) тұраққа отын төгілген кезде ӘК-ге немесе отын құю құралына отын төгілген жағдайда, әуе кемесінің ішінде отын буы анықталған кезде отын құюды (төгуді) бастауға;
3) қозғалтқыштарды, бұйымдар мен жүйелерді, экипаж кабинасы мен жолаушылар салондарындағы ауаны жылытуға;
4) отын құю (төгу) кезінде жұмысты бақылау үшін ашық отты, ақаулы электр шамдарын (фонарьларды) пайдалануға;
5) отын құю құралының қозғалтқышын отын құйылатын әуе кемесінің астына орналастыруға;
6) кез келген көлік түрінің ӘК астынан жүріп өтуіне немесе тоқтауына;
7) егер май құю құралын ӘК-ден алып кететін (әкететін) бос жол болмаса немесе дөңгелектердің тежегіш құрылғыларының қызып кетуі орын алған кезде май құюды бастауға жол берілмейді.
243. Отын құю құбырлары мен штуцерлердің герметикалылығы бұзылған, ӘК-ге немесе отын құю құралына отын төгілген, отын жерге төгілген (жасанды жабын), сондай-ақ кеме ішінде отын буы анықталған кезде немесе қандай да бір басқа қауіп кезінде ӘК-ге отын құю немесе оның бактарынан отынды төгу дереу тоқтатылады және өрт қауіпсіздігінің шаралары қабылданады.
ӘК-ге, отын құю құралдарының техникалық жай-күйіне жауапты және отын құюды (төгуді) тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) отын беруді (төгуді) тоқтатады;
2) жұмыстар жүргізіліп жатқан жерге әуежайдың өрт сөндіру құрамын, ал уақытша әуеайлақта (жедел нүктеде) өрт-қорғау күзетін немесе таяу маңдағы елді мекеннің (кәсіпорынның) өрт сөндіру бөлімін шақырады;
3) ӘК-нің электр қорегін ажыратады (тұтанған жағдайда немесе өрт сөндіру құрамының командасы бойынша);
4) отын құю (төгу) құбырларын әуе кемесінен ажыратады;
5) отын құйғыштарды, автоцистерналарды және басқа да жылжымалы құралдарды ӘК-ден кемінде 75 метр арақашықтыққа алыстатады;
6) әуе кемесінің үстінен және ішкі қуыстарынан төгілген отынды сүртеді;
7) тұраққа төгілген отынға алдын ала өрт сөндіргіш көбік төге отырып, одан ӘК-ні сүйреп әкетеді;
8) жасанды жабыны бар тұрақтан отынды ағаш ұнтағының, құмның, сыпырғыштың көмегімен жинайды;
9) жасанды жабыны жоқ, отын төгілген тұрақта ол топырақтан толық буланып кеткенге дейін ӘК орнатпайды.
Отынның төгілу оқиғаларының барлығы авиакәсіпорын айқындайтын тәртіппен оларды болдырмау жөніндегі шаралар әзірлене отырып тексерілуге тиіс.
244. Әуежай бөлімшелерінің, ӘК пайдаланушының/иесінің және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басшылары мен персоналы ИАҚ-тағы бактар мен ӘК жүйелерінде ЖЖМ-ны сақтау қағидаларын орындауды (тұрып қалған қалдықты уақтылы төгіп тастау және тексеру, бакқа су мен механикалық қоспалардың түсіп кетуін болғызбау), әуе кемелеріне ТҚК кезінде отын мен майларды есепке алуды және ұтымды пайдалануды, отынның төгіп тасталатын тұрып қалған қалдығын уақытша сақтауды қамтамасыз етеді.
3. Арнайы сұйықтықтар, су құю және газ толтыру
245. Талап етілетін көлемге (массаға), қысымға дейін ӘК жүйелерінде пайдаланылатын арнайы сұйықтықтар, су (техникалық, ауыз) және газ құю (толтыру) осы үлгідегі ӘК үшін осы жұмыстарды жүргізуге арналған ПҚ талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Көрсетілген жұмыстарды қамтамасыз ететін және орындайтын қызметтер мен мамандардың құрамын, олардың арасында функцияларды бөлуді әуежай, ӘК-ні пайдаланушы немесе ТҚКЖ ұйымы айқындайды.
246. Құю (толтыру) үшін ӘК-ге берілетін арнайы сұйықтықтарға, дистилляцияланған және ауыз суға, газдарға әуежайдың тиісті қызметтері жүргізілген бақылау және егер бұл нормативтік құжаттарда көзделген болса, олардың белгіленген стандарттарға (жеткізуге арналған техникалық шарттарға) сәйкестігі туралы жазылған паспорт (бақылау талонын, паспорттан үзінді көшірмені, басқа құжатты) ұсынады. Бір уақытта құралға сұйықтық (газ) толтырылған және құрал бақыланып қаралған күн көрсетілген құю құралдарына арналған формулярлар ұсынылады.
Паспортсыз (бақылау талонынсыз) жеткізілген арнайы сұйықтықтарды, дистилляцияланған және ауыз суды, газдарды, ақаулы және формулярсыз толтыру құралдарын, толтырылған сұйықтық (газ) атауы жазылмаған, стандартты түске боялмаған және таңбаланбаған сыйымдылықтарды пайдалануға жол берілмейді.
ӘК гидрожүйелерін толтыру (егер нақты ӘК үлгісінің ПҚ-да өзгеше айтылмаса) ПҚ-да көзделген толтыру құралдарын пайдалана отырып, тек жабық түрде жүзеге асырылады.
Жоғары қысымды ыдыстардан төмен қысымды ыдыстар мен жүйелерге газ толтыру стандартты (осы ӘК үлгісі үшін) толтыру құрылғысын пайдалана отырып жүргізіледі.
Улы сұйықтықтармен және газдармен жұмыс істеу кезінде ӘК үлгісінің және нақты өнімнің ПҚ-да көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтау қамтамасыз етіледі.
247. Толтыру (құю) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыратын және орындайтын лауазымды адамдар арнайы сұйықтықтар құю және ӘК-ге толтыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |