Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Өсиеттік бас тарту (легат)



бет103/150
Дата16.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#168935
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   150
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñûíû? àçàìàòòû? ???Û?Û. Î?Ê

Өсиеттік бас тарту (легат) - өсиет қалдырушы өсиетте мұрагерге белгілі бір тұлғаның (бірнеше тұлғаның) пайдасына мұра есебінен қандай да бір әрекет жасауды міндеттеуі мүмкін (АК 1057 б.). Бұл әрекет мұрагерге өтетін үлестің шегінде ғана орындалады. Легат алған мұрагер міндетті үлеске құқылы болса сол үлестен артық бөлікте ғана легатты орындауы тиіс. Легат алған мұрагер мұрадан бас тартса, қайтыс болса оның үлесін алған тұлға легатты орындауы тиіс. Пайдасына легат жасалған тұлға мұра ашылғанға дейін немесе мұрагер мұраны қабылдағанға дейін қайтыс болса, өсиеттік бас тарту орындалмайды.
Өсиет қалдырушы мұрагерге белгілі бір әрекет жасауды немесе жасамауды тапсыруы мүмкін. Бұл жағдай жүктеу деп аталады (АК 1058 б.). Осы әрекетті мұра мүлкінің бір бөлігін оқшаулау арқылы өсиетті орындаушыға тапсыруға болады. Жүктеудің легаттан айырмашылығы – пайдасына легат жасалған тұлға легаттың орындалуын талап ете алады, ал жүктеудің орындалуын мұрагерден талап ететін тұлға жоқ. Жүктеуді орындауға міндетті мұрагердің үлесі басқа тұлғаға ауысса жүктеу күшін жояды.
Өсиет қалдырушы мұрагер болып табылмайтын тұлғаға өсиетті орындау міндетін тапсыра алады. Оның келісім беруі міндетті. Өсиетті орындаушы көрсетілмесе оны мұрагерлер өз арасынан келісіп белгілейді, ал келісе алмаса орындаушыны сот белгілейді. Орындаушы мұрагерлерге алдын ала хабарлау арқылы міндетін орындаудан бас тарта алады. Өсиетті орындаушы мұраның сақталуын қадағалап, оны басқаруға, мұраның ашылғандығы туралы барлық мүдделі тұлғаларға хабарлауға, мұра қалдырушыға тиесілі ақша қаражаттарын алуға, мұрагерлерге тиесілі үлестерін беруге, өсиеттен бас тартудың орындалуын қадағалауға, жүктеуді орындауға немесе оны орындауды мұрагерден талап етуге, мұраны борыштардан босатуға байланысты шараларды қолданады. Өсиетті орындаушы мұрагерлік бойынша сотқа және басқа істерге қатысуға құқылы. Оның қызметіне кеткен шығындар мұра есебінен өтеледі және сыйақы берілуі де мүмкін. Орындаушы мұрагерлердің талабы бойынша өз қызметі туралы есеп береді.
3. Қайтыс болған адам өсиет қалдырмаса оның мүлкі заң бойынша мұрагерлеріне өтеді. Олар АК 1061-1066 баптарында көрсетілген. Әрбір кезектегі мұрагерлер тек оның алдындағы кезектердің мұрагері жоқ болған жағдайда ғана мұрагерлікке шақырылады. Асырап алынғандар мен асырап алушылар қандас туыстара теңестіріледі. Асырап алынғандар өзінің қандас туыстарына мұрагер бола алмайды, сондай-ақ асырап алынған азаматтың ата-анасы мен қандас туыстары оның мұрагері бола алмайды. Егер мұрагер мұра ашылғанға дейін қайтыс болса оның үлесі ұрпақтарына ұсыну құқығы бойынша ауысады. Мұра қалдырушымен кемінде 1 жыл бірге тұрған, оның асырауында болған еңбекке қабілетсіз тұлғалар мұрагерлікке шақырылатын кезекпен бірге заңды мұрагерлер қатарына кіреді. Мұра қалдырушының еңбекке қабілетсіз ата-анасы, жұбайы және балалары өсиеттің мазмұнына қарамастан өздеріне заң бойынша тиесілі үлестің кемінде жартысын мұра ретінде алуға ұқылы. Мұра мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өсиетті орындаушы немесе сенімгерлікпен басқарушы тұлға қажетті шараларды қолданады.
4. Мұрагер қажет болған жағдайда өзіне мұраға деген құқық туралы куәлік берілуін нотариустан талап ете алады. Ол куәлік мұра ашылған соң 6 айдан кейін беріледі. Егер нотариус басқа мұрагерлердің жоқ екені туралы нақты мәліметтерге ие болса куәлік мерзімінен бұрын берілуі мүмкін. Мұрагер өзінің мұраға шақырылғанын білген немесе білуге тиіс болған кезден бастап 6 ай ішінде нотариусқа өтініш беру арқылы мұрадан бас тарта алады. Мерзім өтіп кетсе, мұрагер мұра мүлкін нақты иеленуге, билік етуге кірісіп кетсе мұрадан бас тарту құқығынан айрылады. Кез келген мұрагер мұраның бөлінуін талап ете алады. Егер мұрагерлер ішінде қайда екені белгісіз тұлғалар бар болса басқа мұрагерлер, нотариус, өсиетті орындаушы тұлғалар олардың қайда екенін анықтап мұраға шақыруға бағытталған әрекеттер жасауы тиіс.
Мұра ашылғанға дейін кемінде 1 жыл мұра қалдырушымен бірге тұрған тұлғалар тұрғын үйді, үй мүлкін мұраға алудың басым құқығына ие болады. Бірақ басқа мұрагерлерге ақшалай немесе мүліктік өтем жасалуы тиіс.
Заң бойынша мұрагер мұрадан бас тартса немесе басқа себептермен мұрагерліктен шығып қалса оның үлесі басқа заңды мұрагерлер арасында үлестеріне сәйкес мөлшерде бөлінеді. Өсиет бойынша мұрагердің мұрадан бас тартуы, мұрагерліктен шығып қалуы жағдайында оның үлесі өсиет бойынша басқа мұрагерлердің арасында үлестеріне сәйкес бөлінеді. Мұрагерлер өздеріне мұраға өткен мүлік шегінде ортақтасқан түрде мұра қалдырушының кредиторлары алдында жауап береді. Егер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлер жоқ болса, барлық мұрагерлер мұрадан бас тартса немесе мұра алу құқығынан айрылса мүлік мұра ашылған жердегі коммуналдық меншікке өтеді (АК 1083 б.). Ондай мүлікті сот мұра ашылған соң 1 жыл өткен соң атқарушы органның арызы бойынша иесіз деп таниды.


Тақырыпты пысықтау сұрақтары:



  1. Мұрагерлік құқыққа жалпы сипатама.

  2. Өсиет бойынша мұрагерлік.

  3. Заң бойынша мұрагерлік.

  4. Мұрагерлікті жүзеге асыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет