Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1-бап



бет111/205
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#122763
түріКодекс
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   205
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn azamattyk kodeksi

248-бап. Меншiк иесiнен алынған мүлiктi иелену

Егер адам заң құжаттарында белгiленген тәртiп пен жағдайлар бойынша меншiк иесiнен заңды негiздерде алынған мүлiктi иеленсе, бұл адам мүлiкке меншiк құқығына ие болады.


14-тарау. Меншік құқығы мен өзге де
заттық құқықтардың тоқтатылуы



249-бап. Меншiк құқығының тоқтатылу негiздерi

1. Меншiк құқығы меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдарға берген, меншiк иесi меншiк құқығынан бас тартқан, мүлiк қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлiкке меншiк құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады.

2. Мүлiктi меншiк иесiнен мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берiлмейдi, бұған мына реттер:

1) меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiкке өндiрiлiп алынған ақы айналымға түскен;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгiлi бiр адамға тиесiлi бола алмайтын мүлiктi ықтиярсыз иелiктен айырған;

3) реквизицияланған;

4) тәркiлеген;

5) жер учаскесiн алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлiктi мәжбүрлеп иеліктен шығарған;

6) күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды алып қойған

7) мемлекет меншігіне алып қойған; 

8) осы Кодекстің 218-бабына сәйкес ортақ мүлiктi бөлу не одан үлестi бөлiп шығару мүмкiн болмаған жағдайда соттың шешімі бойынша жария саудада мүлікті сатқан реттер кірмейді. 

3. Мемлекеттік меншіктегі мүлік:

1) азаматтар мен заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен; 

2) мемлекеттік меншік объектілерін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын төлеуге (қалыптастыруға немесе ұлғайтуға) беру арқылы;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген өзге де жағдайларда иеліктен шығарылып, жеке меншікке беріледі.

3-1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тек мемлекеттік меншікте ғана болатын мүлік, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мүлік иеліктен шығару объектісі бола алмайды.

4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке айналдыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған ретте (ұлт меншiгiне алу) осы Кодекстiң 266-бабында белгiленген тәртiп бойынша оларға шығындары өтеледi.

Ескерту. 249-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.11 № 102-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет