Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1-бап



бет156/205
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#122763
түріКодекс
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   205
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn azamattyk kodeksi

321-бап. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындау және кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу

1. Кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен тыс бұрын орындауды мына жағдайларда:

1) егер кепiл туралы шарттың ережелерiне сәйкестендiрiлмей кепiлге салынған нәрсе қалдырылған кепiл берушiнiң иелiгiнен шығып кетсе;

2) кепiл берушi кепiлге салынған нәрсенi ауыстыру туралы ережелердi бұзған (осы Кодекстiң 314-бабы);

3) егер кепiл берушi осы Кодекстiң 314-бабындағы 2-тармақта көзделген құқықты пайдаланбаса, кепiл ұстаушы жауап бермейтiн (осы Кодекстiң 313-бабының 2-тармағы) мән-жайлар бойынша кепiлге берiлген нәрсе жоғалған жағдайда

4) кепіл берушіде өзге мүлік болмаған кезде кепіл ұстаушы талабының алдында басымдыққа ие болмайтын үшінші бір тұлғалар алдындағы атқарушылық құжаттар бойынша кепіл берушінің міндеттемелерін орындау мақсатында кепілге салынған нәрседен ақы өндіріп алуды талап етуге құқылы. 

2. Кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауды талап етуге құқылы, ал егер оның талабы қанағаттандырылмаса:

1) кепiл берушi кейiнгi кепiл туралы ережелердi бұзған;

2) кепiл берушi осы Кодекстiң 312-бабындағы 1-тармақтың 1 және 2-тармақшасында және 2-тармақта көзделген мiндеттемелердi орындамаған;

3) кепiл берушi кепiлге салынған мүлiкке билiк ету туралы қағидаларды (осы Кодекстiң 315-бабының 2-тармағы) бұзған; 

4) кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені бұзған (осы Кодекстің 317, 720 және 722-баптары, "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы) жағдайда кепiл нысанасына өндiрiп алуды қолдануға құқылы. 

Ескерту. 321-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.07.2015 № 333-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет