Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1-бап



бет184/205
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#122763
түріКодекс
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   205
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn azamattyk kodeksi

368-бап. Мiндеттеменi орындау арқылы тоқтату

1. Мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалғанда тоқтатылады.

2. Алынып тасталды - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен.

Ескерту. 368-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен.


369-бап. Бас тарту төлемi

Тараптардың келiсiмi бойынша мiндеттеме орындалудың орнына бас тарту төлемiн беру (ақша төлеу, мүлiк беру және т.б.) арқылы тоқтатылуы мүмкiн. Бас тарту төлемiнiң мөлшерiн, мерзiмдерiн және тәртiбiн тараптар белгiлейдi.


370-бап. Мiндеттеменi есепке жатқызу арқылы тоқтату

1. Мiндеттеме мерзiмi жеткен, не мерзiмi көрсетiлмеген немесе мерзiмi талап ету кезiмен белгiленген бiртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлiк-бөлiгiмен тоқтатылады. Есепке жатқызуға бiр тараптың өтiнiшi жеткiлiктi.


2. Мына талаптарды:
1) егер тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша талапқа заңды талап мерзiмiн қолдануға болса және ол мерзiм өтiп кетсе;
2) азаматтың өмірi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы;
3) алимент өндiрiп алу туралы;
4) өмiр бойы асырау туралы;
4-1) егер кредитордың талабы талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындайтын болса, лицензиядан айырылған не консервациялау немесе тарату (қызметін тоқтату) процесінде тұрған банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қойылатын талаптарды;
5) заңдарда немесе шартта көзделген басқа да жағдайларды есепке жатқызуға жол берiлмейдi.
3. Талап өзгеге өткен жағдайда борышқор жаңа несие берушiнiң талабына қарсы өзiнiң бастапқы несие берушiге керi талабын есепке жатқызуға құқылы.
Егер талап борышқор талап етудi беру туралы хабарды алған кездегi негiзден туындаса және талап мерзiмi оны алғанға дейiн туса, не ол мерзiм көрсетiлмесе немесе талап ету кезiмен белгiленсе, ол есепке жатқызылады.
Ескерту. 370-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.03.02 N 211, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет