Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1-бап



бет32/205
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#122763
түріКодекс
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   205
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn azamattyk kodeksi

118-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу

1. Жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы осы Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркелуге жатады.


Мемлекеттік тіркеудің жылжымайтын мүлікке байланысты өзге де объектілері "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
2. Егер осы Кодексте және "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгiленбесе, жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) мемлекеттiк тiркелген кезден бастап туындайды, өзгередi және тоқтатылады. Егер тіркеуден бас тартылмаса, мемлекеттік тіркеу кезі деп өтініш берілген кез, ал электрондық тіркеу кезінде – жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жөнелту арқылы тіркеуші органның құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растаған кезі танылады.
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган тіркеуге ұсынылған құқық белгілейтін құжатта жазба жасау арқылы жүргізілген тіркеуді құқық иеленушінің өтініші бойынша куәландыруға міндетті. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын мүлікке меншік құқығы (өзге заттай құқық) туралы куәлік береді.
4. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жариялы болып табылады. Тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы ақпаратты кез келген тұлғаға "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді ескере отырып беруге міндетті.
5. Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуден бас тартуға не тіркеуден негізсіз жалтаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
6. Мемлекеттік тіркеу тәртібі осы Кодекске және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді.
7. Азаматтық әуе кемелерін, теңіз кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, "өзен-теңіз" жүзу кемелерін, ғарыш объектілерін жылжымайтын мүлікке теңестірілген объектілер ретінде мемлекеттік тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі, сауда мақсатында теңізде жүзу, ішкі су көлігі, ғарыш қызметі саласындағы заңдарымен реттеледі.
Ескерту. 118-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.06 N 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет