Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1-бап



бет124/205
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#122763
түріКодекс
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   205
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn azamattyk kodeksi

276-бап. Мiндеттеменi үшiншi жақтың орындауы

1. Егер заңдарда немесе шартта көзделсе, сол сияқты үшiншi жақ тиiстi шарт арқылы тараптардың бiрiмен байланысты болса, мiндеттеменi орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшiншi жаққа жүктелуi мүмкiн.

2. Егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан немесе оның мәнiнен борышқордың мiндеттеменi жеке өзi орындау мiндетi туындамаса, несие берушi борышқор үшiн үшiншi жақ ұсынған орындау iсiн қабылдауға мiндеттi.

3. Несие берушiнiң борышқор мүлкiнен ақы өндiрiп алуы салдарынан өзiнiң бұл мүлiкке құқығынан (иелену, пайдалану, кепiлге салу құқығы және басқа құқықтары) айрылу қаупi төнген үшiншi жақ несие берушiнiң талабын борышқордың келiсiмiнсiз өз есебiнен қанағаттандыра алады. Бұл ретте мiндеттеме бойынша несие берушiнiң құқығы үшiншi жаққа көшедi және осы Кодекстiң талапқа көну туралы ережелерi (осы Кодекстiң 339 - 347-баптары) қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет