Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1-бап



бет176/205
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#122763
түріКодекс
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   205
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn azamattyk kodeksi

352-бап. Мiндеттеменiң бұзылуынан келтiрiлген моральдық нұқсанды өтеу

Мiндеттеменiң бұзылуынан келтiрiлген моральдық нұқсан осы Кодекстiң 350-бабында көзделген залалдардан тыс өтеледi.



353-бап. Басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк

1. Ақша мiндеттемесiн орындамау салдарынан бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзiмiн өткiзiп жiбергенi, не оларды негiзсiз алғаны немесе басқа адамның есебiне сақтағаны үшiн тұрақсыздық айыпақы төленуге тиiс. Айыпақының мөлшерi ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлiгiн орындаған күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген базалық мөлшерлеме негiзiнде есептеледi. Борышты сот тәртiбiмен өндiрiп алу кезiнде сот несие берушiнiң таңдауы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қуыным жасалған немесе шешiм шығарылған немесе iс жүзiнде төленген күнгi базалық мөлшерлемесін негiзге ала отырып, несие берушiнiң талабын қанағаттандыра алады. Егер заң құжаттарында немесе шартта айыпақының өзге мөлшерi белгiленбесе, осы ережелер қолданылады.


2. Басқаның ақшасын пайдаланғаны үшiн айыпақы, егер заңдарда немесе шартта айыпақы сомаларын есептеудiң өзге тәртiбi белгiленбесе, бұл ақшаның сомасы несие берушiге төленген күнге дейiн өндiрiлiп алынады.
3. Егер несие берушiнiң ақшасын заңсыз пайдаланудан оған келтiрiлген залал осы баптың 1-тармағының негiзiнде оған тиесiлi айыпақының сомасынан асып кетсе, ол борышқордан осы сомадан асатын бөлiкте залалды өтеудi талап етуге құқылы.
Ескерту. 353-бап жаңа редакцияда – ҚР 1997.07.11. № 154, өзгеріс енгізілді - 2007.01.12. № 225; 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет